Баяндама Тақырыбы: «Жаратылыстану пәнін оқытудағы белсенді әдіс -тәсілдер»



Дата13.04.2024
өлшемі18,78 Kb.
#200777
Байланысты:
Оспанбекова Г.Р баяндама


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі «Алғазы орта мектебі» КММ

Баяндама

Тақырыбы: «Жаратылыстану пәнін оқытудағы белсенді әдіс -тәсілдер»
Дайындаған : бастауыш сынып пәнінің мұғалімі
Оспанбекова Гульнур Рамазановна

Алматы қаласы


2021-2022ж
Қаратал ауданы
Қаратал ауданы Алғазы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Оспанбекова Гульнур Рамазановна
Жаратылыстану пәнін оқытудағы белсенді әдіс -тәсілдер
«Егер мұғалім өзі ғылымға бар тәнімен беріліп, оны толық меңгеріп, сүйе білмесе, онда оқушыларды да ешқашан ғылымға құлшындыра алмайды, мұғалімнің бұл саладағы еңбегі де – жеміссіз болады» — дейді ұлы орыс ғалымы, атақты химик Д.И.Менделеев. «Оқытудың басты мақсаты оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру және оларды жаратылыстану пәндері бойынша алған білімдері негізінде қазіргі өндірістік технологияларды игеруге, практикалық дағдылар мен түйінді құзыреттерді меңгеруге үйрету болып табылады» делінген. Жалпы білім беретін мектепте жаратылыстану пәндері бойынша білім беруді дамыту үшiн білім беру стандартында ұсынылған негiзгi қағидалардың, пәнаралық байланыстардың, интеграцияның, үздiксiздiк пен сабақтастықтың, материалды тереңiрек зерделеуге себептесетiн ғылымилық пен жүйелілік аспектiлерінiң ескерiлуi қажет деп есептейміз.Жаратылыстану сабағында белсенді оқу әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Ол үшін оқушының белсенділігін арттыратын және әрі қарай ізденуіне байланысты арналған тапсырмаларды орындату арқылы жүзеге асыруға болады. Белсенді оқу арқылы оқушылардың қарым-қатынас дағдыларын жақсарту үшін сабақтарды қызықты, әрі тартымды етіп құру. Әр түрлі белсенді оқу әдіс- тәсілдерін қолдана отырып, сабақтың мазмұнын түрлендіреді. Оқушыларды жаңа оқу мен оқыту әдістерімен эксперимент жасауға тарту. Бұл білу мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысты жақсартады. Нәтижелі кері байланыс орнатып, жағымды оқу ортасын құруға мүмкіндік береді. . Оқушының бойында зерттеу, проблеманы шешу, өз бетінше оқу, ынтымақтастық, деректерді өңдеу, жасау және жобалау дағдыларын қалыптастыру үшін белсенді оқу әдіс-тәсілдердің тиімділігі өте зор. Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттып, ақпаратпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырады. Оқушылар теориялық білімі мен практикалық білімін ұштастырып, өмірде тиімді қолдануға дағдыланады. 
Жаратылыстану пәнін оқытуда қолданылатын әдіс – тәсілдердің тиімділігі: оқушылардың жаратылыстану пәніне қызығушылығы оянады, оқушылардың оқу үдерісіне қатысу белсенділігі артады, жұмыс барысында әрбір оқушының сезіміне көңіл бөлінеді, оқу материалы жеңіл меңгеріледі, оқушылардың қабілеті әр түрлі қырынан танылады, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс жүзеге асады, орқушылардың өзіндік пікірі мен өзара ынтымақтастық қарым – қатынасы орнайды, жағымды мінез – құлық, өмірлік дағдылары қалыптасады. Оқытудың белсенді әдістері: сабақты бастау, мақсат қою, оқу материалын ұсыну, өзіндік жұмысты ұйымдастыру, рефлексия және қорытындылау әдістері болып бөлінеді. Бұл әдістердің әрқайсысы сабақтың белгілі бір кезеңінің нақты мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді.Озық тәжірибені теорияны мектеп тәжірбиесінде қолданудың өзіндік мәні: мұғалім оқушыға білімді дайын күйінде емес, белсенді әдісі барысында оқушының білімді өздігінен игреуіне жағдай жасап, жетелеп отыруында, балалар жаңа материалды және көмекті мұғалімнен емес, жанындағы жолдасынан алып отыруында, сонымен қатар, мұғалім топтық өзара әрекеттердің әр түрлі әдістемелерін игеру арқылы оқушылардың топтық жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруымен ерекшеленеді. Жаратылыстану сабағында белсенді оқытуда сын тұрғысынан ойлау стратегияларынның «Топтастыру», «Болжау», "Венн диаграммасы", "Т кестесі", "Ақылдының алты қалпағы", "Постер құру",“ Ыстық орындық”, “Автор орындығы”, "Қара жәшік", "Блум түймедағы" тәсілдерін тиімді пайдаланамын. "Сәйкестендіру", "Ретін анықта", "Семантикалық карта" "Иә/жоқ"сияқты тест жұмыстары және постер тапсырмасын бергенін өзінде "Галлерея", "Елші" әдістері оқушының ойын жинақтауға әсер етеді.Жаратылыстану пәнін оқытуда қолданылатын тиімді әдіс – тәсілдердің бірі галерея әдісі. « Галерея әдісі» өзгелердің қабырғаға ілген көрнекі материалдарын жеке, топпен аралап жүріп, өз ойын көбіне сол нәрсе жазуға арналған стратегия. «Галереяны шарлау» әдісі сабақты жоспарлауда оқушылардың оқу мақсатына , сабақ мақсатына жетуіне көмектеседі. Ең бастысы сабақ мақсатына жететін оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай әдісті оқушылардың қажеттілігіне қарай түрлендіріп жеке, топтық, жұптық, ұжымдық жұмыстарды, сабақтың басында, ортасында және қортындылау кезінде қолдануға болады. «Алуан түрлі ғаламшарлар» сабағында « Галерея шарлау» тәсілін жаңа сабақты игеру кезінде пайдаландым. Сыныпты екі топқа бөліп, жұмысқа екі түрлі тақырып беріледі. Бірінші топқа «Жер тобы ғаламшарлары», екінші топқа «Алып ғаламшарлар» тақырыптары берілді. Сол тақырыпты ашуға электронды дереккөздерін баспадан шыққан ресурстарды пайдаланады. Жаңа ұғыммен ақпараттар арасында байланыстарды жинақтайды да ойларын постерге түсіреді. Оқушылар постерлерін дайындап сынып қабырғасына іледі. «Галереяда ой шарлау»–топтар сынып ішінде қозғалысқа түседі, қабырға газеттерін қарайды, топтар постерін таныстырады, қалған оқушылар сараптайды, талдайды және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жабыстырып кетеді. Галереяға саяхат аяқталған соң, топтар жұмыстарға шолу жасап, өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды. Оқушылар ақпаратпен тиянақты жұмыс жасады. Сыныптастарын ұсынылған мәселе, ақпарат туралы таныстырды, ұсынылған мәселе туралы өзгелердің пікірін біледі, өз жұмысын сыныптастарымен талқылайды, жұмысқа терең сараптама жасау арқылы өз білімін, түсінігін кеңейтеді. Сараптау, жинақтау, бағалау дегейінде жұмыстар жасалды. Оқушылар өз ойын еркін жеткізуге жүйелі сөйлеуге үйренеді. Оқушылар сын тұрғысынан ойлауын,айтылым,тыңдалым,жазылым, оқылым дағдыларын жетілдірді. Оқылғанды қабылдай отырып түсіну жетіледі. Оқушылардың үлгерімі артады. Сабақта оқушылар белсенді жұмыс жасайды.Топтық талқылау тапсырма кезінде ,оқушылар бірлесе жұмыс жасады. «Галереядағы ой шарлау» әдісі арқылы сабақ тиімді әрі табысты болды. Таңдап алынған әдіс оқу материалының мазмұнын ашуға көмектесті. Белсенді оқу тәсілі жаңа білімді бұған дейінгі біліммен байланыстырады, қателіктер бізге өзімізді тексеріп, түсінігімізді жетілдіруге жол ашып, нәтижесінде терең білім мен көзқарасты өзгертеді. Белсенді оқуда өз тәжірибесінің негізінде үйреніп, оқушыларға эксперимент жасап, мәнін ұғынып, түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сабақ үрдісінде қалыптастырушы бағалау оқушының өз мүмкіндігін анықтауға, әділ бағалауға үйретеді. Бұл арада ең тиімді тәсіл "Тир" арқылы бағалау болды. Себебі оқушы ойнай отырып өз жұмысын бағалайды. Ал "Бағдаршам", "Бас бармақ" арқылы топ аралық бағалау мен жұптарын бағалауда сәтті қолданылады. Топ басшысының бағалау парақтары арқылы бағалауы тиімді болды. Кері байланыс оқушылардың ойын жинақтап, іс-әрекетіне бағалауға мүмкіндік беріп отыр. "Аяқталмаған сұрақтар", «Көңіл-күй маятнигі», "Блоб ағашы", "Кемпірқосақ", «Рефлексиялық нысана» техникасы, "Арал", "Қосу, алу, қызықты", "SMS","Табысбаспалдағы" стратегиялары арқылы оқушы ойын жинақтап, өзінің білімінің қай деңгейде екенін анықтауға, жұмыс барысында кімдерден көмек алғанын не кімдерге көмек бергенін анықтаулары, диалогтік қарым-қатынасқа түсулерінің нәтижесін бағалаулары болып табылып отыр.Бірлескен оқу тәсілі құрылымдалған топтық жұмыстан тұрады. Бұл әдісте тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары жетіліп, ақпарат алу және жоғары деңгейлі ойлау дағдылары дамиды. Оқу пәндері арасында байланыс орнату білім беру бағдарламасының аясын кеңейтіп, теңестіреді, тереңірек білім алуға мүмкіндік береді, көптеген дағдыларды қалыптастырады, түсінік пен дағдыларды дамытуға көмектесе алады, оқудың анағұрлым саналы меңгерілуіне көмектеседі, оқуға деген уәжді арттыра алады.
Оқытудың осындай жаңа белсенді әдіс-тәсілдерін сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда қажет деп есептеймін.

Әдебиеттер тізімі


Оқыту мен оқудың белсенді әдістері. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015 Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет