Баяндама тақырыбы



Дата26.08.2017
өлшемі139,8 Kb.
#29294
Баяндама тақырыбы: Қазақ тілі сабағында грамматикалық талдау түрлерін жетілдіру жолдары
Қазіргі білім берудің басты мақсаты-шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыру.Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту- мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі.

Мектепте оқытылатын барлық пәндердің де маңызы зор десек, оның ішінде қазақ тілінің орны аса ерекшеленіп тұрады. Оқушының ойлауы мен тілін дамыту, дүниетанымын қалыптастыруда қазақ тілі пәніне үлкен міндеттер жүктеледі. Оның ішінде әрбір грамматикалық тақырыптардың да қосатын үлес салмағы бары анық. Сонда, қазақ тілі грамматикасы оқытылуының нақты тәрбиелік мүмкіншіліктері қандай? Грамматиканың қай деңгейі, қай бірлігі оқушының ойлау мен тілін дамуында үлкен орын ала алады? Жалпы тәрбиелік процестегі грамматика сабақтарының салмағы қандай? деген сұрақтар қойылып, қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың теориялық ойлауын дамытудың тәрбиелік негіздерін зерделеуді осы пәннен аламыз.


Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың өзіндік дүниетанымдық позицияларын қалыптастыру да тәрбие теориясымен тығыз бірлікте қарастырылады. Шығыс халқының «Мың рет естігеннен бір көрген артық» деген даналық сөзі сабақта талдау жұмыстарын пайдалануға арнап айтылған сияқты.

Бүгінгі баяндама бойынша өзімнің алдыға қойған мақсатым:

Қазақ тілі сабағында фонетикалық, грамматикалық талдауды қолдана отырып, оқушыларды өздігімен білім алуыға, тапсырманы дұрыс орындауға, тиянақтылыққа үйрету.

Осы орайда қойған міндеттерім төмендегідей:


  • Оқушының нақты бір мәселе бойынша белгілі бір көлемде білімін анықтау немесе меңгерту мақсатын көздеу;

  • Өздігімен, топ ішінде, жұппен жұмыс істей алуына ықпал ету;

  • Оқушының талдау жұмыстарына деген қызығушылығын арттыру;

  • Өзінің білімін пысықтап, толықтырып отыруына ықпал ету;

Тілді жүйелі түрде меңгерту үшін пән мұғалімдері жаңа технология әдіс – тәсілдерін тиімді пайдалана білуі қажет.Тіл сабақтарында жүргізілетін грамматикалық талдаулар оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениеттерін арттырып, шығармашылық ойлауға дағдыландырады.

Сабақ үстінде оқушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу, сабақтың тақырыбына сай нақтылы міндет қоя білу – ол әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Өйткені, оқушыларды терең әрі жинақты біліммен қаруландыру, олардың шығармашылық қабілетін, қызығушылық талғамын дамыту, өз бетінше білімін толықтандыруға дағдыландыру сияқты күрделі жұмыстар сабақ барысында қалыптасады. Бұл әрбір мұғалімді ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Әрбір мұғалімнің негізгі алға қойған міндеті – шәкірттерінің ой-өрісін кеңейтуге, биік адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Бірінші кезекте 5-сыныпта қазақ тілі пәнінен фонетика, лексика тарауы бойынша алған білімі маңызды болмақ. Сондықтан оқушыға жүйелі түрде фонетика тарауын меңгерту мақсатында төмендегідей талдау түрін ұсынамын:



Фонетикалық талдау үлгісі

1.Сөз Бәйтерек

Әріп саны- 8; дыбыс саны-8

2.Дауысты дыбыстар 3 (ә,е,е)



Тілдің қатысына қарай

Жуан - Х


Жіңішке -3( ә,е,е)

Жақтың қатысына қарай

Ашық - 3( ә,е,е)

Қысаң – Х

Еріннің қатысына қарай

Еріндік - Х

Езулік – 3( ә,е,е)

3.Дауыссыз дыбыстар- 5(б,й,т,р,к)



Ұяң- 1(б)

Қатаң- 2(т, к)

Үнді -2 (й, р)

4.Буын, буын түрлері

б.б а.б б.б

Бәй-те-рек

5.Тасымал

1.Бәй-

терек


2.Бәйте-

рек


6.Үндестік заңы

1.Буын үндестігіне бағынады, себебі сөз бірыңғай жіңішке буыннан құралған

2.Дыбыс үндестігі

Бәйтерек- Бәйтерегім ( кейінді ықпал), бәйтеректі ( ілгерінді ықпал)

7.Екпін

\

Бәйтерек ( сөз екпіні)

Фонетикалық талдаудың бұл түрін сабақ үстінде жүйелі түрде қолдану оң нәтиже береді. Оқушыға талдауды топ ішінде,жұппен, өздік жұмыс түрінде орындауға тапсырма беруге болады. Талдаудың бұл түрінің маңыздылығы: үйренуші оқу мақсатын саналы түсініп, оның қажеттілігін сезінеді. Оқушы алған білімін саналы түрде қайталап, есіне жақсы сақтайтын болады деп ойлаймын.

Қазақ тілі сабақтарында мұғалімдердің мақсаты – оқытудың ұтымды жолдарын, амал-тәсілдерін іздеп, жаңа технологияларды дұрыс пайдаланып, сол арқылы жоғары деңгейлерге жету. Демек, сатылай кешенді талдау технологиясы оқушылардың тіл мен әдебиет салалары бойынша меңгерген теориялық білімдерін тәжірибеде терең талдап меңгере алатын, жете игермеген теориялық білімдерін талдау сызба негізінде меңгере алатын тиімді де ұтымды технология деп білеміз.

Тілдік материалға талдау жасатуда қандай мақсат көзделсе де, тілдік деңгейлердің қайсысы алынса да, талдау жұмысы кешенді түрде жүргізілгені дұрыс.Кешенді түрде жүргізілген талдаудан алдымен, оқушының қай тақырыптарды білмейтіні, дұрыс меңгермегені бірден анақталады, сондай-ақ талдауды тұрақты және жүйелі жасату шәкірт біліміндегі олқылықтарды толықтыруға септігін тигізеді.

6-сыныпта морфология тарауы бойынша сөз таптарын оқып үйренеміз. Морфологиялық талдау жұмысын да осы сыныптан бастап меңгертеміз. Морфологиялық талдау жасауда жүзеге асырылатын жұмыстарды мазмұнына қарай үш кезеңге бөлуге болады:


  • Морфолгиялық талдаудың нысанын ( обьектілерін) айқындап алу;

  • Айқындалған талдау нысандарына морфемдік талдау жүргізу;

  • Әрбір морфологиялық тұлғаның ерекшеліктеріне талдау жүргізу.

Мысалы, Бала мектепке қарай келе жатыр деген сөйлемде бала, мектеп, кел сөздері ретіне қарай кім? не? не істе? деген сұрақтарға жауап береді. Ал, қарай, жатыр сөздеріне жеке сұрақ қоя алмаймыз. Ендеше толық лексикалық мағынасы бар болғандықтан сұрақ қойылатын бала, мектеп, кел сөздері морфологиялық талдаудың үш бөлек нысанына айналды да, қарай, жатыр сөздері өздері жетектелген толық мағыналы сөзге грамматикалық мағына үстеп, оларды түрлендіруші болғандықтан, қай сөзге жетектелсе, сол сөзбен бірге талдауға түседі. Яғни, берілген сөйлемде үш талдау нысаны бар:

Бала;

мектепке қарай;

келе жатыр;

Морфологиялық талдаудың нысаны бола алатындар: сөйлемдегі толық лексикалық мағынасы бар сөздер.

Енді осы алынған сөздерге жеке талдау жүргізейік:


  1. Сөз: Бала

  2. Сөз тұлғасы: түбір сөз, негізгі ( туынды-х)

  3. Сөз құрамы: 1 құрамды ( тек түбір сөзден тұр) ( қосымша-х)

  4. Сөздің құрлысы: дара ( күрделі-х)

  5. Сөз табы: зат есім

  6. Сұрағы: кім?

  7. Мағыналық тобы: деректі, жалпы

  8. Түрлендіруші форма : түрленген атау септігіндегі нөлдік жалғау




  1. Сөз:мектепке қарай

  2. Сөз тұлғасы: түбір сөз, негізгі ( туынды-х)

  3. Сөз құрамы: 3 құрамды (түбірі- мектеп, -ке барыс септігінің жалғау; қарай- септ.шылау)

  4. Сөздің құрлысы: күрделі (дара -х)

  5. Сөз табы: зат есім+шылау

  6. Сұрағы: қайда?

  7. Мағыналық тобы: деректі, жалпы

  8. Түрлендіруші форма : түрленген барыс септігіндегі –ке жалғауы, мағынасы: бағыттық, грамматикалық категориясы- зат есімнің септ.




  1. Сөз: келе жатыр

  2. Сөз тұлғасы: туынды сөз (негізгі -х)

  3. Сөз құрамы: 3 құрамды (кел- түбір сөз, -е көсемшенің жұрнағы, жатыр- түбір сөз )

  4. Сөздің құрлысы: күрделі ( тіркесті) (дара -х)

  5. Сөз табы: етістік

  6. Сұрағы:не істеді?

  7. Мағыналық тобы: болымды, салт

  8. Шақ категориясы: нақ осы шақ (қалып етістігі жатыр)

  9. Рай категориясы: ашық рай ( шартты-х, қалау-х, бұйрық-х)

  10. Түрлендіруші форма : түрленбеген

Морфологиялық талдаудың бұл кешенді түрі оқушыға өз білімін жинақтап, теориялық жағынан білімін толықтыруға, сонымен қатар алған білімін үздіксіз қайталап отыруға үлкен мүмкіндік туғызады деп ойлаймын.Бұл қатып қалған қағида емес, сондықтан пән мұғалімі өз қалауынша өзгертіп, оқушыға түсінікті жеңіл етіп алуына болады деп ойлаймын.

Қазақ тілі сабағында талдау жұмыстарын жетілдіру, үздіксіз орындау, оқушыға меңгерту үлкен еңбекті талап етеді.

Синтаксистік талдауда бір-бірімен байланысты өз ішінен бірнеше сатыларға жіктелетін бірнеше кезеңнен тұрады.Синтаксистік талдау нәтижелі болу үшін шәкірттің мынадай синтаксистік ұғымдар мен қағидалардан, тілдік анықтамалар мен заңдылықтардын терең білімі болу керек.



  1. Өзара синтаксистік байланысқа түсетін тілдік бірліктер: сөздер( сөз таптары), сөйлем мүшелері ( оның ішінде бірыңғай мүшелер мен айқындауыштар да), төл сөз бен автор сөзі, синтаксистік оралымдар,сөйлемдер синтаксистік компоненттер деп аталады.

  2. Синтаксистік компоненттер бір-бірімен екі түрлі сипатта, салаласа және сабақтаса байланысады.

  3. Синтаксистік байланысқа түскен компонентер арасында синтаксистік қатынас орнайды.

  4. Синтаксистік байланыстың нәтижесінде түрлі синтаксистік бірліктер қалыптасады. Мұндай синтаксистік бірліктердің қатарына сөйлем мүшелері, сөз тіркесі, сөйлем, құрмалас сөйлем т.б жатады.

Сөйлемге синтаксистік талдау жасау мындай кезеңдерден тұрады:

  • Сөйлем мүшесіне талдау;

  • Сөздердің байланысу ерекшеліктерін айқындау;

  • Сөйлемнің құрылымдық, мағыналық ерекшелігін айқындау;

Мысалға бір сөйлемді алып талдау жүргізейік:

Абай біресе қабағын шытып, біресе күрсініп тымағын қолына алды.

  1. Абай қайтті?-Абай алды. Алды-баяндауыш.

  2. Кім алды?-Абай алды. Абай-бастауыш.

  3. Нені алды?- тымағын алды. Тымағын- толықтауыш.

  4. Несіне алды?-қолына алды. Қолына-толықтауыш.

  5. Қалай алды? –біресе қабағын шытып, біресе күрсініп алды. Біресе қабағын шытып, біресе күрсініп- бірыңғай пысықтауыш.

Сонымен сөйлемде бес сөйлем мүшесі бар болып шықты.Яғни, сөйлем мүшесіне кешенді талданатын бес талдау обьектісі анықталды.

1.Алды

І. қызметі-баяндауыш

ІІ.құрлысы –дара

ІІІ.жасалуы- жіктік жалғау арқылы етістіктен жасалған.



Алды-жіктік жалғау арқылы етістіктен жасалған дара баяндауыш.
2.Абай

І.бастауыш

ІІ.дара

ІІІ.атау септік арқылы жасалған зат есім.



Абай- атау септік арқылы жасалған дара бастауыш.

3.Тымағын

І.толықтауыш

ІІ.мағынасы- тура

ІІІ.дара


ІҮ. табыс септігі арқылы зат есімнен жасалған.

Тымағын –табыс септігі арқылы зат есімнен жасалған дара тура толықтауыш.

4.Қолына

І.толықтауыш

ІІ.жанама

ІІІ.дара


ІҮ.барыс септік арқылы зат есімнен жасалған

Қолына-барыс септігі арқылы зат есімнен жасалған дара жанама толықтауыш.

5. Біресе қабағын шытып, біресе күрсініп

І.бірыңғай пысықтауыштар

ІІ.қимыл-сын

ІІІ.күрделі, дара

ІҮ.бірі көсемше тұлғасы арқылы есімді сөз тіркесінен, екіншісі көсемше тұлғасы арқылы етістіктен жасалған.

Міне, сөйлем мүшелерінің ерекшеліктерін сатылай талдаудың үлгісі осындай.

Енді сөйлемдегі сөздердің байланысу ерекшеліктерін айқындау,бұл кезеңде сөйлемдегі сөздер байланысу ерекшелігі бойынша сипатталады.

Бұл кезең іштей бес сатыдан тұрады. Бұл тапсырманы орындамас бұрын сөйлемдегі сөздер арасында орын алған синтаксистік байланыстарды анықтап алу керек. Байланысқан компонентердің бағыныңқының астын бір сызықпен, басыңқының астын екі сызықпен сызу керек. Жоғарыдағы сөйлемнен белгілі болған байланыстарды пайдаланып талдау жүргізіп көрейік.

бас. бағ.

1.Абай алды

І.Синткасистік қатынас- бастауыш-баяндауыштық(предикаттық) ,өйткені олар-сөйлемдегі бас мүшелер.

ІІ.Байланысу тәсілі-орын тәртібі ( оның ішінді алшақ тұрып)

ІІІ.Байланысу түрі-қиысу

ІҮ.Синтаксистік бірлік- сөйлем. Өйткені тұрлаулы мүшелер ғана қамтылған.

бағ. бас.



2.тымағын алды

І. Синткасистік қатынас –толықтауыштық

ІІ. Байланысу тәсілі- қосымша арқылы ( табыс септігінің жалғауы)

ІІІ.Байланысу түрі- меңгеру

ІҮ.Құрлысы-жай

бағ. бас.



3.қолына алды

І. Синткасистік қатынас –толықтауыштық

ІІ. Байланысу тәсілі- қосымша арқылы (барыс септігінің жалғауы)

ІІІ.Байланысу түрі- меңгеру

ІҮ.Құрлысы-жай

бағ. бас.

4.біресе қабағын шытып, біресе күрсініп алды

І. Синткасистік қатынас –пысықтауыштық

ІІ. Байланысу тәсілі- орын тәртібі

ІІІ.Байланысу түрі- қабысу

ІҮ.Құрлысы-күрделі

Талдаудың бұл түрі аяқталған соң, келесі кезеңіне өтеміз.

Сөйлемнің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктерін айқындау синтаксистік талдаудың үшінші кезеңі сөйлемнің құрылымдық мағыналық ерекшеліктерін айқындауға бағытталады. Бұл кезең басты төрт саты бойынша жүргізіледі. Бастапқы сөйлемге талдау жасап көрейік:

Абай біресе қабағын шытып, біресе күрсініп тымағын қолына алды.

І. 1.1.айтылу сазы-хабарлы

1.2 айтылу мақсаты-хабарлау

ІІ.2.1 орындалу нәтижесі-болымды

2.2 уақытқа қатысы-ашық рай, өйткені баяндауышы жедел өткен шақта тұр.

ІІІ.Құрамына қарай-жай сөйлем.

ІҮ.Құрлысына қарай:

жайылма- тұрлаусыз мүшелері бар;

толымды- жасырып тұрған мүше жоқ;

жақты-бастауышы бар, баяндауыш бастауышпен ІІІ жақта қииыса байланысқан.

бірыңғай мүше- бар,бірыңғай пысықтауыш( біресе қабағын шытып, біресе күрсініп)

айқындауыш мүше-жоқ;

оқшау сөз-жоқ;

Ұсынылып отырған талдау әдістемесі өз жемесін берері анық. Жоғарыда айтылғандай үздіксіз жүргізілген жұмыс, оқушының теориялық алған білімін тереңдетіп, өздігімен талдау жұмысын орындауға жетелейді.

Қазіргі білім беру жүйесіндегі негізгі міндеттердің бірі - инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың өзіндік мүмкіндіктерін жоспарлы пайдалана білуінеқол жеткізу.Осы міндетті жүзеге асыру барысында бүгінгі педагогикада технология және инновация ұғымдары терең тамыр жаюда.
Әсіресе, тілді жүйелі түрде меңгерту үшін пән мұғалімдері жаңа технология әдіс -тәсілдерін тиімді пайдалана білуі қажет.Тіл сабақтарында жүргізілетін грамматикалық талдаулар оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениеттерін арттырып, шығармашылық ойлауға дағдыландырады.

Кешенді талдау - оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелей меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай білуге машықтандыратын оқыту. Бұл технология дидактиканың мынадай ұстанымдарына сүйенеді:


1. Тұлғалық құрылымға бағдарлануына қарай - өзін - өзі дамыту
2.Қолдану деңгейіне қарай - жеке пәндік
3. Ұйымдастыру формасына қарай - сыныптық - сабақтық, топтық, ұжымдық оқыту амалы.
4. Балаға қатынас амалына қарай - тұлғаға бағдарланған, ынтымақтастық педагогикасы, еркін тәрбие.
5. Басымдық танытатын әдісіне қарай - дамыта оқыту, ізденушілік, өздігінен дамыта оқыту, шығармашылық, диалогтық, ойындық.
Мәселені шешудегі өз әрекетім, нәтижелерім:
- Әр тарауды аяқтағаннан кейін пысықтау сабақтарында қолдану;
- Қолданбалы курс жүргізуде тиімді пайдалану;
- ҰБТ - ға дайындаудың негізгі көзі;
- Тіл, әдебиет сабақтарында оқушы білімін жүйелеп, нақты меңгертуге ұмтылу;

Қорыта айтқанда қазақ тілі сабақтарында талдауларды түрлендіріп алу мұғалімнің шеберлігіне тікелей байланысты. Жаңа заманауи оқыту технологияларының барлығы оқушының өздігімен жұмыс істеуіне зор ықпалын тигізеді. А.Байтұрсынов: « Бала білімді тәжірбие арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі-оның білімінің , шеберлігінің ұзақ жолын қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай өтуі үшін, керек білімді кешіктірмей кезінде беріп отыру , балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру»,-деп айтқан.



Оқушылардың мұғалімнің берген тапсырмасы бойынша , өздері жұмыс жасап, орындайтын тапсырмасын анықтап, жүйелеп , өз еркімен орындауға үлкен талпыныс жасайды.

« Қыран түлегіне қайырылмас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне алға бастырар талап сыйлайды» деген дана халқымыз. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі болашағы білімді ұрпақтарды тәрбиелеу мұғалімдергі бұрынғыдан да зор жауапкершілікті, заман ағымына бейімділікті , жанқиярлылықты талап ететінін осы саладағы педагогтар қауымы жақсы түсінеміз. Ұстаздық жолда аянбай еңбек етіп, саналы ұрпақты тәрбиелеу, ұстаздардың міндеті.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет