Биологиялық затпен зақымдалған территория шекарасын алғашында бақылау постынан және барлау бөлімінен анықтауға болады. Шабуыл кезінде қорғаныс заттарын қолданбаған барлық адамдар зақымданған деп есептеледі (шартты түрде). Зақымданған адамдарға ауырған адаммен жанасқан немесе зақымданған заттарды ұстаған адамдар жатады. Биологиялық қару химиялық қару сияқты ғимараттар мен құрал жабдықтарға тура әсері жоқ. Бірақ оны қолдану полиграфиялық кәсіпкерліктің өндірістік қызметіне әсер етеді. Ол өз кезегінде жұмыс ауысымының графигіне кедергі жасап, өндірістің тоқтап қалуына әкеледі.
Бактериологиялық зақымдану ошағының шекарасын АҚ және өсімдіктер мен жануарлар медициналық қызметінің эпидемияға қарсы қызметі, радиациялық және химиялық бақылау посттары, барлау топтары мен метеорологиялық және санитарлы-эпидемиологиялық станциялардан алынған деректер негізінде анықталады. Инфекциялық аурулардың таралуын тоқтату үшін инфекциялық аурулардың таралуын тоқтату үшін бактериологиялық зақымдану ошағына карантин жүргізеді, ал жақын аудандарда обсервация режимін енгізеді. Ол жерде емдеу алдын-алу іс-шаралар кешенін жүргізеді. Карантинді бактериологиялық (биологиялық) қару қолданғанда және қоздырғышты анықтағанша жүргізеді. Егер ауру қоздырғышы аса қауіпті ауруға жатса (сібір жарасы, тырысқақ, оба, табиғи шешек) онда енгізілген карантин жалғасады.
Карантин – инфекцияның таралуын жоятын, зақымдану ошағын оқшаулайтын және инфекциялық ауруды жоюға бағытталған режимді-шектелген қатал эпидемияға қарсы іс-шаралар жүйесі.
Уақытылы анықтау мен ауырған адамдарды оқшаулау және алдын-алу шараларын жүзеге асыру үшін зақымдану ошағына бақылау орнатады. Ауырған адамдарды бақылау және күнделікті сұрау арқылы анықтайды.
Карантин болған территорияға қарулы күзет тағайындалады, комендантты күзет ұйымдастырылады, іс-қимылдар реттеледі. Адамдардың щығуына, жануарларды алып шығуға және заттарды тасуға тыйым салынады. Кіру (кіргізу) тек азаматтық қорғаныстың арнайы бөлімі мен медицина қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі.
Карантин аймағында орналасқан полиграфия нысандары ерекше жұмыс тәртібіне көшіп, эпидемияға қарсы іс-шараларды қатаң орындайды. Жұмыс ауысымдары бөлек топтарға (құрамы азайтылған) бөлініп, бір-бірімен ара қатынасын қысқартады. Жұмысшылардың тамақтануы мен демалуын топтарға ұйымдастырып, арнайы бөлмелерде жүзеге асырылады. Карантин аймағында оқу орындарының жұмысы тоқтап базарлар мен сауда орындары жабылады.
Карантиндік шаралар
Көптеген жұқпалы аурулардың қоздырғыштары мен жасырын кезеңі (инкубациялық кезеңі) әлі толық анықталмаған жағдайда кез келген жұқпалы аурулар бойынша 40 күнге шектеу қойылады. Карантиндік шаралар халықаралық медициналық-санитариялық ережелерге сай ДДҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) мүшесі ретінде Қазақстан Республикасында да жүргізіледі. Әсіресе, елдің өз территориясында немесе шекаралас елдерде аса қатерлі індеттер (оба, тырысқақ, т.б.) пайда болғанда карантин жүргізудің маңызы арта түседі. Мұндай жағдайда әкімшілік шара ретінде мемлекет шекараны жабуға тура келеді. Карантин жарияланған елдермен байланыс жасауға тыйым салынады. Медициналық-санитариялық шараларға:
барлық жолаушылардың және экипаждың денсаулығы туралы анықтама алу;
тасымалданатын жабдықтарды, жүктерді тексеріп, қажет болған жағдайда дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау;
ауырған адамдарды және олармен жанасқандарды дәрігерлік тексеруден өткізу;
диагнозын анықтағанша науқастар мен күдікті адамдарды оқшаулау;
Жұқпалы аурумен ауырған адамдарды шағын топтарға бөліп обсервациялау кезінде немесе Карантин жарияланған жерден келгендерге дәрігерлік бақылау жүргізу мерзімі ауру түріне байланысты болады. Мысалы, оба және тырысқақ ауруында – 6 күн, нағыз шешек кезінде – 14 күн. Бұл мерзім сол аурулардың ең ұзақ жасырын кезеңінен аз болмауы тиісті. Оқшаулау әскери бөлімшелерде жаңадан келген сарбаздар үшін де қолданылады. Карантин жарияланған елден (жерден) кетушілер мен келушілерге сол ауруға қарсы егілгені, яғни вакцинацияланғаны туралы тиісті куәлік (сертификат) берілуі керек. Аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша карантин жарияланған жерде адамдардың бір-бірімен араласуына шек қойылады, жатақхана тұрғындары шағын топтарға бөлініп орналастырылады, дәрігердің рұқсатынсыз карантиндік аумақтан шығып кетуіне немесе оған басқа жақтан адамдар келуіне тыйым салынады, азық-түлікпен және сапалы сумен қамтамасыз ету ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда карантиндік шаралар оқта-текте кездесетін, аса қауіпті емес жұқпалы аурулар бойынша мектептерде, перзентхана, балабақша, емхана, ауруханаларда жүргізіліп тұрады. Барлық атқарылатын шаралар қауіпсіздік техникасы сақтала отырып, микробиологиялық бақылауға және эпидемиол. қадағалауға алынуы қажет.
Кезекті алдын-алу және санитарлы-гигиеналық іс-шаралар ошақта дезинфекция мен дератизация санитарлы өңдеу жүргізіледі. Ошаққа азық-түлік пен заттарды кіргізу арнайы пункт арқылы медициналық қызметтің қатаң бақылауымен жүргізіледі.
Егер қоздырғыш түрі аса қауіпті емес түрге жатса (туляремия, ботулизм және басқалар) және жаппай ауру қаупі болмаса енгізілген карантинді обсервацияға ауыстырады.