«Өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді.Олай болса,Мұқағали Мақатаев
та көз жұмған жоқ. Қатарымызда,күнбе –күн қасымызда,әне,ол мұзбалақ қыранша дүр сілкініп,бүкіл залды тебірентіп, жазық маңдайы жарқырап,жарқылдап жыр оқып отыр.»
Әбділда Тәжібаев.
“Фаризажан” әні
«14-15 жасынан жаза бастаған өлеңінен қол үзген жоқ. Төбесі аласа үйге қалың-қалың кітаптарды үйіп тастап,бірінен кейін бірін оқитын да жататын. Ауылдың атмінерлері сол кезде-ақ тамсанып: «Нағиман шеше, сіздің тентегіңіз осынша орысшаны қайдан үйреніп жүр»,-дейтін... Сөйтсем,өзін-өзі оқытыпты ғой,шырағым.»

Анасы Нағиман
“Сәби болғым келеді” әні
“Арулар асыл жандар” әні
Ақын шығармаларының үлкен
бір саласы – оның поэмалары.
Ең асылы, ең биігі – «Аққулар ұйықтағанда» деп аталатын поэмасы. Бұл поэма 1973 жылы «Жалын» журналында жарияланды. Поэманы алғаш Ғабит Мүсіреповке оқып бергенде Ғабең Мұқаңа алтын қаламын сыйға тартқан болатын.
1976 жыл 26 наурыз. Бұл күні қазақ поэзиясының басына қара бұлт үйірілген, орны толмас өкініш пен қайғыға толы қаралы күн болды. “Ажал” атты келешектің кемесі өз “Барсакелмесіне” өр тұлғалы, ғаламат ақынымызды мәңгілікке алып кетті.
«Мұқағали дүниеден өткен
соң қатты күйзелдім. Жүрегім
әлсіреп, екі ай емханада жаттым.
Екі айдан соң жұмысқа шықтым. Бешпентімнің қалтасынан хат шықты. Мұқағалидың жазуы: «Аға, мен ғой, ішім күйіп барады. Не болатынын білмедім. Мынаған көңіл бөліп көріңізші!» -депті.