Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
“Ақпараттық технологиялар” факультеті
“Жасанды интеллект және Big Data” кафедрасы
Сөж
“Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы және ауыр зардаптары. “
Курс:1
Мамандық: Интелектуалды басқару жүйелері
Орындаған: Бітімбай Омар
Практика жетекшісі: Қозғамбаева Г. Б.
Алматы, 2023
Иосиф Сталин- орыстың революциялық, кеңестік саяси, мемлекеттік, әскери және партия жетекшісі, 1922 жылдың 3 сәуірінен 1934 жылдың 10 ақпанына дейін бас хатшы болды, кейін — Бүкілодақтық коммунистік большевиктер партиясы Орталық Комитетінің хатшысы, Кеңес Одағының Маршалы, Кеңес Одағының генералиссимосы. КСРО Қорғаныс халық комиссары, КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы және КСРО Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы
1920 жылдардың аяғынан 1950 жылдардың басына дейін жүргізілген сталиндік қуғын-сүргіндер жаппай тұтқындаулар, өлім жазасына кесу және ГУЛАГ деп аталатын мәжбүрлі еңбек лагерлерімен сипатталды. Оның ауқымы кең болды, миллиондаған адамдар зардап шекті, оның ішінде саяси қарсыластар, зиялылар және қарапайым азаматтар болды. Оның салдары ауыр болды, адам баласына орасан зор қайғы-қасірет әкелді, адамдардың өмірін жоғалтты және ондаған жылдар бойы кеңестік қоғамды қамтыған қорқыныш ахуалы болды.
азіргі ғылымда ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы саяси қуғын-сүргін себептері туралы әр түрлі пікірлер бар. Қоғамның консервативті қанаты әлі күнге дейін мәселенің идеологиялық негізіне сенімді, олар: «Сталин ықтимал ішкі жауларды дер кезінде көре алды»,-деп санайды. Бірқатар ғалымдар мұны биліктің шыңына ұмтылған көшбасшының психологиялық ауытқуларымен және осы негізде пайда болған күдіктермен, қудалау маниясымен (мания преследования) түсіндіреді. Тіпті қанды террорды тылсым күшпен түсіндірушілер де бар, олар қанды тазартуларды – құдайдың жазасы деп түсіндіреді.
Саясатта адамдардың кейбір санаттарының (кәсіптік, партиялық, діни немесе басқа да белгілері бойынша бөлінген) мемлекеттік лауазымдарға орналасу құқықтарын заңнамалық шектеу тәжірибесі бар. Бұл – люстрация. Әр елде люстрация әр түрлі формада өтті, бірақ мән-мағынасы бір болды. Билікке келген революциялық режимдер өздерінің саяси қарсыластарына қатысты люстрацияны қолданды. Люстрацияны басқарушы режим өзінің тіршілігіне қауіп төндірген тұлғаларға қатысты да қолданды (мысалы, радикалды партиялардың мүшелері).
Коммунистік мемлекеттік аппарат қатарындағы тазарту ХХ ғасырдың 20-30 жылдары бірнеше рет жүргізілді, бірақ қуғын-сүргіннің ең үлкен толқыны 1937 жылғы ақпанның соңында өткен БКП (б) ОК 5-ші (ақпан-наурыз) пленумынан кейін болды. Ішкі істер халық комиссары Николай Ежов Пленумда сөз сөйлеп, Н.Бухарин мен А.Рыковты тыңшылық-диверсиялық және контрреволюциялық әрекетте айыптады. Осылайша, «оң троцкийшілердің антисоветтік блогы» ісі бойынша жоғары дрежелі процесті дайындауға нақты қадам жасалды.
Жаппай саяси қуғын-сүргін үшін Сталин меморгандарды еркіне қоя берді. Билеушілердің бюрократиялық аппараттардың әр түрлі салаларына қысым жасау үшін халыққа жүгінгендігі туралы мысалдар тарихта жетіп артылады.
Осы кезеңде «темір нарком» Н.Ежов диктатордың фаворитіне айналды. Осы кезде жазалау жүйесі жаппай масштабқа ие болды. Саяси тұтқындарды ұстау үшін түрмелер мен лагерьлердің кеңейтілген жүйесі құрылды. 1937 жылы елде 7 одақтық саяси изолятор, барлық облыстарда түрмелер, 50-ден астам ГУЛАГ лагері, 420-дан астам түзету колониялары, кәмелетке толмағандарға арналған 50 колония жұмыс істеді. 1930-1950 жылдары Қазақстан жерінде ОГПУ-НКВД жүйесіне бағынышты 60-тан астам лагерь мен олардың бөлімшелері болды. Мысалы, Орталық Қазақстандағңы әйгілі КарЛАГ 1,780 миллион гектар аумақта орналасты. Қазақстан алғашқы жеті лагерлік аймақтың бірі болды. Қазақстанның 9 облысы ГУЛАГ жүйесіне кірді.
Заңнамалық база жаппай қуғын-сүргінге арнап ыңғайландырылды. С.М. Кировтың өлімінен кейін 1934 жылғы 1 желтоқсанда Заң қабылданды, оған сәйкес тергеу мерзімі 10 күнге дейін қысқартылды, тараптардың қатысуы (айыптау және қорғау) алынып тасталды, үкімдер шағымдануға жатпады, өлім үкімдері дереу орындалды. 1937 жылы Заңның ережелері зиянкестер мен диверсия туралы істерге таратылды, бұл оны кез-келген адамға қолдануға мүмкіндік берді. Сол кезде, Сталин НКВД органдарына тұтқындалғандарға «физикалық ықпал ету шараларын» қолдануға, яғни азаптау мен қорлауға, нұсқау берді. 12 жастан бастап балаларға қатысты ресми түрде қылмыстық жауапкершілік (өлім жазасына дейін) белгіленді
Достарыңызбен бөлісу: |