ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»АҚФ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖӘНЕ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ.
Тыңдаушының өзіндік жұмысы.
Біліліктілікті арттыру курсының бағдарламасы бойынша
Курстың тақырыбы: Робототехника негіздері
Жұмыстың тақырыбы: Робототехника тарихы мен болашағы
Абдувахабов Шухрат Элмирович
Х.А.Яссауи атындағы жалпы орта
мектебінің инфарматика пәні мұғалімі.
2020 оқу жылы.
Робототехника – автоматтандырылған техникалық жүйелерді дамытумен айналысатын қолданбалы ғылым, оқушылардың болашақ кәсіптерін анықтап, қабілеттерінің дамуымен қатар өзін-өзі танып білуге, техника әлемін зерделеуге, қабілеттерін, біліктіліктерін шыңдауға мүмкіндік жасайды.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған жолдауында «Мемлекет құрудағы бірегей бай тәжірибеміз арқылы, біз жаңа кезеңге енуіміз жайлы айтылған. Жолдауда «Цифрлық Қазақстан» жаңа бағдарламасының кезекті қадамын еңсеру Қазақстанның әрбір азаматына жауапкершілікпен жүктеледі.
Президенттің соңғы жолдауының ерекшелігі сол, мұнда Қазақстанда биыл үшінші жаңғырудың басталатыны ресми айтылды. Яғни, елімізде үлкен экономикалық және технологиялық дүмпу болуы тиіс. Ал, ол үшін ең алдымен тағы сол IT саласына басымдық беріледі.
Қазіргі таңда білім беру жүйесінде робототехника — электроника базасында автоматтандырылған техникалық жүйелерді әзірлеу үрдісі туралы ғылым, механика және бағдарламалау.
«Не үшін робототехника? Біріншіден, бұл әлемде ғылыми зерттеулердің басым бағыты. Роботтар өндірістің жоғары технологиялық салаларына еніп, біздің өмірімізде күнделікті тұтынатын теледидар немесе телефон сияқты қалыптасқан затқа айналуда. Ерте ме, кеш пе роботтар адамның алмастырылмайтын көмекшілері болмақ, бірқатар қауіпті және ауыр жұмыстарды өз мойындарына алатынына ешкім күмән келтіре алмайды.
Екіншіден, білім беру стандарттарының талаптарына жауап беретін робототехника сабақтары. Робот құрастыру үрдісі – шығармашылық, берілген тапсырмалардың дайын жауаптары жоқ. Сондықтан да жаңаны іздеу үшін, бұрынғы бар білімін пайдалануға тура келеді.
Үшіншіден – тұлғаның дамуы үшін мақсат қоя білуге негізделген шығармашылық іс-әрекеттік тәсіл. Компьютерлік технологиялар заманында өмір сүретін жеке тұлғаны шығармашылық тұрғыдан қалыптастыруға бағытталған.
Робототехниканың негізінде оқушылар математика, физика, информатика және басқа жаратылыстану-ғылыми бейіндік пәндеріне алған білімдері мен дағдыларын кіріктіре отырып, роботты техниканы, инженерлік дағдыларды қалыптастыруға және технологияларды оқып үйренуге мүмкіндігі жоғары.
Болашаққа жылжып келе жатқан жоғары технологиялар — ғарыш, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздік, қорғаныста және көптеген салаларда пайдаланылады. Осыған байланысты, қосымша білім беру ұйымдарында Робототехника үйірмелері жүргізіледі. Үйірмелерде оқушылар әлемдік робототехниканың жетістіктері және даму бағыттары туралы біледі, Лего-роботтарын құрастырады, бағдарлама жасайды және деректер моделін құрастыруды ойлап табады.
Оқушылар сарайында біздің оқушылар тек роботтар құрастырып, бағдарламалаумен шектелмейді. Өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, сапалы білім беруге аянбай еңбек етудеміз.
Елбасы Н.Назарбаев: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасындағы «ХХІ – ғасырдағы ұлттық сана туралы» тармағында: «Ұлттық жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды» — деп өте әдемі айтқан еді. Демек, рухани жаңғыру – ұлттық сананың түрлі тармақтарын қиыннан-қиыстырып, бір арнаға тоғыстыру деген сөз. Елбасы айтқандай, халқымыздың тарихи мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Соның бірі – ұлт ойындары.
Ұлттық ойындар арқылы, баланың бойына ұлттық тәрбиені, өшпес рухты, қазақы болмысты қалыптастыруға болады. Жаһандану заманында ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу аса маңызды.
Атап айтса, “Арқан тартыс”, “Көкпар”, “Теңге алу” сияқты Ұлттық ойындарымызды техника саласымен сабақтастырып, өскелең жас ұрпақтың білім дәрежесіне даңғыл жол ашу – біздің басты мақсатымыз. Жаңаша ойлайтын жастардың қабілетін шыңдай түсетін мұндай идея кемде – кем.
Сол мақсатпен Оқушылар сарайының ұжымы осындай игі жобаны іске асырып отыр. Ұстаз – ұлттың ұйытқысы, бет-бейнесі, өскелең ұрпақтың санасын жаңғыртушы, алға жетелеуші шырағы. Көпті ізіне түсірген, жол сілтеуші ұстаздардың қай бағытта болса дағы ұлтқа деген, қазақ еліне деген ықыласы ерекше болуы керек. Біздің техника саласын ұлттық ойынмен сабақтастырумыздағы басты міндет, басты ниет осы болып тұр.
Арқан тартыс ойыны. Мақсаты — тартысқа түскен роботтар бір-бірімен күш сынасып, ортадағы белгіленген сызықтан қарсыласын сүйретіп, өткізіп әкету. Екі топтың қай жағы ортадағы белгіленген сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізсе, сол жағы ұтқан болады. Робототехника үйірмесіне қазақтың Арқан тартыс ойыны осы тәртіппен өткізіледі.
Ойын ережесі:
Роботтың салмағы 1 кг аспау керек;
Роботтың көлемі 25х25 см болу керек;
Дайын болған 2 команда роботтары арқан тартыс алаңында қарама-қарсы орналастырылады және алаңда көрсетілген сызық бойымен бірін-бірі тартып шығару керек. Роботтар 3 рет кезедеседі, ұпай саны көп робот жеңімпаз атанады.
Достарыңызбен бөлісу: |