Білім беру философиясы ғылым ретінде



Дата07.02.2022
өлшемі37 Kb.
#90155
Байланысты:
Білім беру философиясы


Білім беру философиясы

1. Білім беру философиясы ғылым ретінде

2. Білім беру процесс, нәтиже, жүйе ретінде

3. Білім беру құндылық ретінде

4. Қазіргі заманғы білім берудің даму жағдайлары

1. Білім беру философиясы ғылым ретінде ХХ ғасырдың ІІ жартысында пайда болды. Ол көптеген философиялық ағымдар мен білім беру жүйесінің өзара әсерлесуі нәтижесінде ғылым саласының бірі ретінде қалыптасты.

Білім беру философиясының ғылым ретінде қалыптасуына ғалымдардың көзқарастары әр түрлі. Ғалымдардың бір тобы білім беру философиясын жеке ғылым ретінде мойындаса, екінші бір тобы оны жеке ғылым ретінде қарастырудың маңыздылығы жоқ десе, үшінші бір ғалымдар тобы білім беру философиясын педагогика мен философия ғылымдарының тоғысында, қолданбалы ғылым саласы ретінде қарастыруды жөн деп санайды.

Білім беру философиясы - мәдени ортада адамның ақыл-ойы мен адамгершілік дамуы қалай жүретінін және бұл процеске білім беру жүйесі қалайша әсер ететінін қарастыратын ғылым саласы.

Білім беру философиясы педагогика ғылымының әдіснамалық негіздерін, яғни негізгі идеялар мен зерттеу тұғырнамасын анықтауға мүмкіндік жасайды.

Білім беру философиясы зерттейді:

- білім берудің онтологиясын, яғни білім беру дегеніміз не?- деген сұраққа жауап бере отырып, оның шығу тарихын, мәнін анықтайды;

- білім беру логикасын, яғни білім беру процесі қалай жүретінін;

- білім беру аксиологиясын, яғни білім беру құндылықтарын қарастырады;

- білім беру этикасын, яғни білім беру процесіне қатысушылардың тәлім-тәртібі мен мінез-құлқын;

- білім беру әдіснамасын, яғни білім беру процесіндегі өзара әсерлесу әдістері қандай және қалай болуы керектігін;

- білім беру идеологиясын, яғни білім беру процесінің негізгі идеяларын қарастырады.


2. Білім беру - педагогиканың негізгі категорияларының бірі, бұл ұғымды әр түрлі мағынада түсіндіруге болады. Білім беруді процесс, нәтиже, жүйе ретінде қарастыруға болады. Төмендегі сызбадан білім беру ұғымын нәтиже, процесс, жүйе ретіндегі түсініктемелерін көруге болады:

Білім беру ұғымын процесс ретінде қарастыратын болсақ, бұл тұлғаның жетістікке жетуі үшін арнайы ұйымдастырылған оқу-тәрбие процесін яғни педагогикалық процесті атаймыз. Бұл өз кезегінде мұғалімнің сабақ беруі мен оқушының оқу арқылы жүзеге асады.

Білім беру ұғымын нәтиже ретінде қарастыратын болсақ, ол тұлғаның жеткен жетістігі, жинақтаған білімдері, іскерліктері, дағдылары, яғни жинақтаған әлеуметтік тәжірибесі деп түсіндіруге болады.

Білім беру ұғымын жүйе ретінде түсіндіретін болсақ, бұл азаматтарға жетістікке жету үшін және педагогикалық процесті арнайы ұйымдастыратын әлеуеметтік жүйені атаймыз. Білім беруді жүйе деп қарастырсақ, білім беру жүйесі ол арнайы ұйымдастырылған, тарихи қалаптасқан оқу-тәрбие мекемелерінің және оқу бағдарламаларының жиынтығын атаймыз. Әрбір мемлекеттің өзіндік білім беру жүйесі болады.

Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңында анықталғандай білім беру жүйесі дегеніміз өзара iс-қимыл жасайтын:


1) бiлiм беру деңгейiнiң сабақтастығын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының және бiлiм беретiн оқу бағдарламаларының
2) меншiк нысандарына, үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан, бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының

3) бiлiм берудi басқару органдары және тиiстi инфрақұрылымдар, оның iшiнде бiлiм сапасы мониторингiн жүзеге асыратын ғылыми және оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету ұйымдарының жиынтығын бiлдiредi.

Білім беру жүйесінің пайда болуы мәдениетті сақтап қалуға және оны дамытуға деген объективті қажеттіліктен туындады. Білім беру жүйесі адам мен білім арасындағы делдал қызметін атқарады, яғни білім беру жүйесі адамға білім алуға жағдай жасайды.

3. Білім беру ұғымын құныдылық ретінде де түсіндіруге болады. Себебі адамзаттың кез-келген даму формациясында әрбір мемлекеттің дамуының қозғаушы күші білім беру мен ғылымның дамуы болды, сондықтан да білім беруді құндылық ретінде қарастырады.

Құндылық мәселесін аксиология ғылым қарастырады. Грек тілініде “аксио“- құндылық, “логос”- ілім, ғылым дегенді білдіреді. Құндылықтар – адам мен қоғам өмірінде үлкен роль атқаратын фактор. Бұл ұғымды алғаш рет философия саласына ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Г. Лотц енгізді. Аксиология ғылымының негізін қалаушы Г.Лотц бұл ұғымды мән деп түсіндіреді. Ал бұл ұғым ғылыми термин ретінде тек 20 ғасырдың басында П.Лапи мен Э.Гартманның еңбектерінің арқасында ғылыми айналымға енді.

Аксиология ғылымының басты міндеті – құндылықтың болмыс құрылымында қандай орын алатынын және олардың шынайы фактілерге қатынасын анықтау болып табылады. Аксиология – құндылықтар ілімі туралы және құндылықтар әлемінің құрылымы, олардың ақиқаттағы орны туралы философиялық ілім.

Білім беру, өз кезегінде, мемлекеттік, қоғамдық жəне жеке тұлғалық құндылықтарға ие.

Білім беру ұғымының құндылық ретіндегі сипаттамасын өзара байланысқан үш бағыт бойынша түсіндіруге болады:

1. Білім беру мемлекеттік құндылық ретінде

2. Білім беру қоғамдық құндылық ретінде

3. Білім беру тұлғалық құндылық ретінде

Білім беру мемлекеттік құндылық ретінде деген пікір дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома болып табылады. Кез келген мемлекеттің адамгершілік, интеллектуалдық, экономикалық және мәдени потенциалы білім берудің жағдайына және оның прогрессивті даму мүмкіндігіне тікелей байланысты. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық», - деп айтқан сөздері бұл ойымызды дәлелдей түседі. Білім беруді мемлекеттік құндылық ретінде тану арқылы дамыған мемлекеттердің үлкен табыстырға жетуі ойымызды дәледейді.

Білім берудің мемлекеттік маңыздылығын түсіну оның қоғамдық маңыздылығына талдау жасауды талап етеді. Мемлекет пен қоғам ұғымдары бірдей ұғым емес, олар өзара байланыстылықта болады. Әрқашанда мемлекет пен қоғамның білім беруге қатысты ұмтылыстары үйлесіп жата бермейді. Қоғам мемлекет анықтаған басымдылықтарды, бағдарламаларды, жоспарлардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Қоғамдағы қоғамдық ұйымдардың өкілдері кезек күттірмейтін мәселелерін шешуін қадағалап, білім беру ісіне құзыретті мамандардың келуін, әр түрлі жоспарлар мен жобалардың орындалуын қадағалап отыруы, қамтамасыз етуі тиіс.

Ұжымдық бастамалардың маңыздылығына қарамастан білім берудің тұлға үшін маңыздылығы да жоғары. Білім беру тұлғалық құндылық ретінде тұлға үшін жеке мотивация мен ынталық қатынасын, сапасы мен деңгейін анықтайды. Тұлғалық құндылық ретінде білім беру тұлғаға өзін-өзі анықтау, өзін-өзі іске асыру, өзін-өзі дамытуына мүмкіндік береді. Тұлғаның қалыптасуында білім беру маңызды роль атқарады. Тұлғаның мәдениеті, дүниетанымы, көзқарастары, өзіндік пікірі, тәжірибесі білім беру арқылы қалыптасады.



Білім беруді құндылық ретінде түсіндіруде оның мемлекеттік, қоғамдық, тұлғалық маңызын тұтастықта, жүйелілікте қарастырған жөн. Өйткені, тек осы тұрғыда түсіндіргенде білім беру ісін дамытуда тиімді нәтижелерге қол жеткізуге мүмкін болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет