Білім еліне саяхат Сабақтың тақырыбы: Білім еліне саяхат



Дата31.08.2022
өлшемі133,69 Kb.
#148482
түріСабақ
Байланысты:
Сынып сағаты


Білім еліне саяхат
Сабақтың тақырыбы: Білім еліне саяхат
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білім еліне саяхат арқылы оқушылардың өтілген материалдарды қалай меңгергенін анықтау, өз ойын жүйелі жеткізе білуге үйрету. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдетуге.
Дамытушылық: Жазбаша және ауызша есептеу қабілеттерін дамыту, танымдылық қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу.
Тәрбиелілік: Белсенділікке, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап
Сабақтың түрі: Интеллектуалдық ойын - сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, үлестірмелі қима
қағаздар
Пәнаралық байланысы: Дүниетану, орыс тілі, қазақ тілі, ана тілі,
математика.

Ойын барысы:


І. Ұйымдастыру.
Ойынның тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,- дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді.Халқымыз жан-жақты адамды «сегіз қырлы,бір сырлы» дейді. Адамның сегіз қырының бірі - оның білімі. Олай, болса бүгін 2 сынып оқушылары алған білімдерін ортаға салады. Оқушыларға сәттілік тілейік!
Ойын ІІІ айналымнан тұрады.
I - айналым «Ұшқыр ой»
II – айналым «Тіл өнері»
ІІІ - айналым «Ойлан тап!»
Ойын ережесімен таныстыру.
Енді ойынымыздың І - айналымын бастаймыз.
І айналым «Ұшқыр ой»
(Математика , қазақ тілі, дүниетану пәні бойынша сұрақтар)
1. Адамдардың қатынас құралы. (тіл)
2.Біздің туда не бейнеленген?(күн,қыран бүркіт, ою) 3. Мәтіннің қандай түрлері бар? 4.Табиғат нешеге бөлінеді? (2 тірі, өлі табиғат) 5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)
6. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)
7. Адамға қажетті бес нәрсені ата? (жарық,жылу,ауа,қорек,су) 8. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
9. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)
10. Сендерді емдейтін кім? (дәрігер) 11. Тірі табиғатқа не жатады?(адам,жануар,өсімдік)
12. Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғасы тең төртбұрыш)
13. 1ғасырда неше жыл бар? (100жыл)
14. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді)
15. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік) 16. Судың неше түрі болады?(3 сұйық, қатты, бу) 17. Қазақтың үш биін ата. (Төле би, Қазыбек би,Әйтеке би) 18.Ауаның қасиетін ата. 19. Белгісіз санды әріппен белгілейтін теңдік. (теңдеу) 20. Білім ордасы. (мектеп) 21. Қой атасы. (Шопан ата) 22. 16 желтоқсан қандай күн.(тәуелсіздік) 23. 4 пен 7-нің қосындысы. (11)
ІІ айналым «Тіл өнері»
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша,ағылшын) айтуларың керек.
1 топ: Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)
2 топ: Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)
3 топ: Бірін - бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос - жаран. (әріп – буква)
Әрі қарай кезектесіп оқи береді.
4. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)
5. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)
6. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)
7. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)
8. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)
9. Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап – книга)
10. Білімнен мол сый-асы, Балғындардың ұясы. (Мектеп- школа)
ІII айналым «Ойлан тап?»
Логикалық сұрақтар 1.Жарты қаздың салмағы 3 кг,ал тұтас қаздың салмағы қанша? (6 кг) 2.Әжей немересіне 8 қолғап тоқыды.Әжейдің неше немересі бар? (4) 3.Бір үйдің үш ұлы бар.Олардың әрқайсысының бір апасы,бір қарындасы бар.Бұл үйде неше бала бар?(5) 4.Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады,ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3 кг) 5.Үстел беті тіктөртбұрышты,оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ неше бұрыш қалады? (5 бұрыш) 6.Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ) 7.1 жұмыртқа 3 минутта піссе,4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут) 8.1кг мақта ауыр ма,1кг темір ауыр ма? (тең)
Өрендер, өрлей берсін өрендерің , Айналаң бәрі сенің көрерменің. Тілеймін дәл осылай барлығыңның, Тек қана биіктерден көрінгенін – деп сайысымызды аяқтаймыз.
Оқушылардың қпайларын жеңімпазды анықтау.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет