Білім саласы: «Қатынас» Бөлігі: Тіл дамыту Тақырыбы: «Құлыншақ достарымен бірге қонақта»



Дата25.12.2016
өлшемі37,71 Kb.
#4834
ІІ- кіші «Ақ ерке» топқа арналған ұйымдастырылған оқу іс әрекеті бойынша технологиялық картасы

Тәрбиеші: Маханбетжанова Мөлдір Мырзаханқызы

Білім саласы: «Қатынас»

Бөлігі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Құлыншақ достарымен бірге қонақта» (әңгіме арқылы диолог құрастыру)
Мақсаты: Сұрақтарға жауап бере отырып, әңгіме арқылы диолог құрастыруға үйрету. Екі− үш сөйлемнен әңгіме құрастыру (тәрбиешінің көмегімен). Сөздерді өзара байланыстыра білуге баулу.Өздеріне таныс жануарлардың түрін, сапасын, түсін айтуға үйрету.(сиыр «мөөө» деп дыбыстайды, құлыншақ жылқының төлі). Дауыс ырғағын дамыту.


Іс -әрекет кезеңі

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс - әрекеті

І кезең- мотивациялық- қозғаушы

-Балалар қараңдаршы, бізге көптеген жақсы апайлар келіпті.

-Сәлеметсіздер ме?

-Балалар көңіл –күйлерің қалай?

Тосын сый сәті (үй жануарларының (қой,сиыр,жылқы) дыбысы қосылады)

-Балалар бір дыбыс естідіңдер ме?

-Ненің дыбысы?

Қане, іздеп көрелік?

Құлыншақты тауып алады. Балалар құлыншақтың арқасында кішкене қоржыны бар екен? Қане, не бар онда? (қоржыннан құлыншақ достары шығады) ненің төлі?



Балалар қуанады.

-сәлеметсіздер ме?!

-жақсы, керемет
-балалар дыбысты тыңдайды

-ия, естідік

Балалар қандай дыбыс естігендерін айтады
Балалар тәрбиешімен бірге құлыншақты достарымен бірге тауып алады.

-жылқы


ІІ кезең-ұйымдастырушылық-

ізденушілік


Тәрбиеші:

-балалар қараңдаршы, бізге не келді?

-құлыншақ достарымен қайда өмір сүреді екен ?

Мінекей, бұл жануарларды біз бір сөзбен «үй жануарлары» деп айтамыз

-құлыншақтың несін көріп тұрсыңдар? Несі бар? Құлыншақтың түсі қандай?

Балаларды құлыншақтың үстіне отырғызады, ұстатады, тербейді.

-Балалар құлыншақ не істейді?

-Балалар құлыншақ қандай?

-Біз құлыншақпен ойнағанда не істейміз?

Ойын: «Кім жылдам»

Мақсаты: аз уақыт ішінде балаларды ұжымшылдыққа баули отырып, суретті құрастыруға дағдыландыру

(жеке үлестірілген суреттерді құрастырады, әр баладан жеке сұрау)

-Інжу,сен не құрастырдың? Ол қандай? Ол қандай дыбыс шығарады?

Жарайсыңдар балалар

Сергіту сәті


Балалар таңқалады

-бізге қонаққа «құлыншақ» келді

- далада өмір сүреді

Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.


-ер тоқымы, ауыздық

-түсі қоңыр


Балалар құлыншақтың үстіне отырып тербеледі, ұстайды

-тербеледі, ойнайды,қозғалады,шабады


-құлыншақ сүйкімді

-қуанамыз


Балалар топтаса ойынды ойнайды.

-құлыншақ, ол сүйкімді

Би билегім келеді?

Бірақ қалай білмеймін,

Бір оңға, бір солға

Өз өзімді айнала.

Бас аяқты топ-топ-топ,

Алақанмен соқ-соқ-соқ.

Бір оңға, бір солға

Өз өзімді айнала!



ІІІ кезең- рефлексивті- түзеуші

Құлыншыққа арнап тақпақ айту

Балалар құлыншақ достарымен бізге риза болып жатыр екен, енді қазір басқа топтың балаларына асық екен, қане бәріміз қоштасайық?


Балалар бізге бүгін қонаққа не келді? Не істеді? Құлыншақ түсі қандай?Құлыншақпен ойнаған ұнады ма?

Балалар қараңдаршы (таңқалған сезіммен) құлыншақ бізге арнайы сыйлық беріп кетіпті.

Балаларға сыйлықты үлестіру


Құлын-құлын,құлыншақ

Желкілдейді тұлымшақ

Маңдайыңда жұлдызың,

Құйрығыңда құндызың.

-Сау болыңыз!

Балалар белсенді қатысады


-құлыншақ келді

-түсі қоңыр

-құлыншақпен ойнаған ұнады

Балалардың ризашылығы




Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: құлыншақ туралы әңгімелесуді;

Түсінеді: құлыншақ туралы әңгімелесе отырып, диолог құрастыруды;

Қолданады: диолог арқылы әңгімелесуде сөздерді байланыстыруда.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет