Білімді бала қыр асар ,құтты болсын тілашар мерекесі.
Мақсаты:
1.Оқушылардың білім туралы ой-өрісін кеңейту, өз ойларын еркін айта білуге , байланыстырып сөйлеугеүйрету, тілдерін дамыту.
2.Оқуға, білімге деген қызығушылықтарын арттыру.
3.Адамгершілікке,достыққа,өз ана тілдерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
Барысы:
Мұғалім: Армысыздар қымбатты балалар, ұстаздар! Міне, бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан, 1-сынып оқушыларының мерекесіне жиналып, «Білімді бала қыр асар, құтты болсын тілашар» ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
Гимн орындау
Мұғалім: Балалар сендер 1 – қыркүйекте қайда келдіңдер? Оқушылар: Мектепке
Мұғалім: Мектепке не үшін келдіңдер? Оқушылар: Білім алу үшін
Мұғалім: Ендеше, мектеп туралы не айта аласыңдар?
Қойылым: « Әже мен немере».
Немересі: Әже, маған мектепте,
Ұрыспай ма мұғалім ?
Мен білетін ертекті,
Дұрыс, - дей ме, шырағым!
Әжесі: Айналайын, ақылдым,
Өмірімнің жалғасы.
Қартаюға жақынмын,
Арманымды жалғашы.
Сен ақылды баласың,
Мектебіңе барасың.
Ұрыспайды мұғалім,
Ол да сенің анашың.
Немересі: Әже, мені мұғалім,
Сіздей жақсы көре ме ?
Орындалып сұрағым,
Көтере ме төбеге ?
Әжесі: Тәртібің мен білімің,
Қатар өсіп дамысын.
Жеңбесі жоқ білімнің,
Қосылса оған намысың.
Немересі: Еркелегім келсе егер,
Көтерем бе қолымды ?
Еркелікке, көнсе егер,
Күнде етем бе сонымды ?
Әжесі: Еркелікті қалдыр да,
Үйде отырған әжеңе.
Ақылыңды алдырма,
Адал бол, ақ батама.
Немересі: Әже, сізсіз мектепке,
Тіпті барғым келмейді.
Ертіп баршы мектепке,
Сонда ешкім жеңбейді.
Әжесі: Әжесінің баласы –
Жаман бала болмайды.
Қабыл болып батасы
Алла өзі қолдайды
1-оқушы: Назерке
Армысың, мектеп ар - бесік,
Айқара ашқан есігін.
Тәрбие, білім бар нәсіп,
Өзіңде өрлеп өсемін.
Армысың, мектеп киелім,
Мен сені солай сүйемін,
Сен берген бағыт бағдармен
Рухы бай елге иемін.
2-оқушы:Әнсар
Мектеп – қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз – оқушы боламыз.
Өсіп ой мен санамыз,
Өмірге жол саламыз,
Білім қуған баламыз
Біз оқушы боламыз!
4-оқушы: Айдана
Алты жасқа біздей толған баланы,
Мектеп ана құшағына алады.
Ата-ана қуаныңыз шаттанып,
Шәкірт болды міне биыл балаңыз.
5-оқушы: Нұрайлым
Мен талапты баламын,
Мектепке енді барамын.
Үйреткенін үйреніп,
Ұстаздан көп аларым.
6-оқушы: Ж.Ерасыл
Мен тәртіпті баламын,
Түгел қағаз, қаламым.
Бір күн қалмай сабақтан,
Кілең «бестік» аламын.
7- оқушы: Бадр
Армандарым көп менің
Атқарамын деп келдім,
Асыл анам – мектебім!
Оқып ғылым тектерін
Ой аламын деп келдім,
Оттан ыстық мектебім!
Өмірімнің көктемін
Сенде өткізем деп келдім,
Алтын – ұям мектебім
Мұғалім:Біздің Отанымыз қалай аталады?
Оқушылар:Біздің Отанымыз – Қазақстан. Мұғалім:Отан неден ыстық.
Оқушылар: «Отан - оттан да ыстық»
Мұғалім:Отанымыз, еліміз туралы не айта аласыңдар?
12– оқушы: Нұрдана
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің – тірегім,
Құшағында гүл атам.
13– оқушы: Жанторе
Шығысыңнан арайлы,
Күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.
14 – оқушы: Мукас
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен, Отан!
15 – оқушы: Инжу , Нурдәулет
Отан - жерім, Отан - суым,
Отан - қуат, нәр береді.
Отан - ұран, Отан туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Мұғалім: Мектепте оқиды, жазады, өнерге, білімге еңбекке үйренеді.Сонымен қатар біз мектепте Ана тілінде сөйлеп, оқимыз.Біздің оқулығымыз қалай аталады, оны қай тілде оқимыз?
Оқушылар: Сауат ашу! Қазақ тілінде.
Мұғалім: Қазақ тілі - дүние жүзіндегі ең бай да бейнелі тілдің бірі. Тіл байлығы - әр елдің мақтанышы. Ендеше сендер бізге тіл туралы білетіндеріңді айтып беріңдерші?
16 – оқушы: К.Ерасыл, Бекзат
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте!
17 – оқушы: Ислам
Ана тілің біліп қой,
Бостандығың, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
21-оқушы: Амина
Күнде бестік алсаң сен,
Онда басқа жоқ арман.
Ал оқымай барсаң сен,
Бір тал шашы ағарған.
22-оқушы Мейірхан
Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой, Алла-ай.
23-оқушы: Мансур
Ақылшым асыл ұстазым
Жолымды айқын нұсқадың
Қасымда кеп қанша сен
Қамқор боп қалам ұстадың
Хор . Әліпби әні
Көрініс: «Оқушының достары» ертегісі
Қатысатындар:
Автор-: Ерте,ертеде,ешкі жүні бөртеде Білім патшасында Мектеп сарайында Оқушы бала өмір сүріпті. Ол сабақ оқығысы келеді, бірақ ешқандай жазатын, оқитын құралы болмайды. Жылап келе жатса, алдынан қалам шығады:
Қалам-: Әй бала, сен неге жылап келе жатырсың?
Оқушы-: Менің сабақ оқығым келеді, бірақ менің ешқандай құралым жоқ. Соған жылап келемін.
Қалам-: Ендеше сен менімен дос бол, мен саған жазуды үйретемін. Әдемі жазу жазсаң, мен өте риза боламын.
Оқушы-: Жарайды екеуміз дос болайық, ал мен сені қайда жазамын?
Қалам-: Мені дәптерге жазады. Жүр, мен саған оқуға қажетті дәптер, қарындаш, өшіргіш, Әліппе деген достарды тауып кездестірейін.
Автор-: Екеуі достарды іздеп келе жатса, олардың барлығы алдарынан шыға келеді.
Оқушы-: Қалам, мына тұрғандар кімдер? Олар не үшін қажет? Менімен қайсысы дос бола алады ?
Дәптер-: Мен дәптермін. Маған жазу жазады. Мені оқушы таза ұстауы қажет. Менің бетімді жыртуға, сызуға, бояуға болмайды. Егер де әдемі, таза жазса, 5- тік деген баға алады.
Қарындаш-: Ал, менің атым — қарындаш. Менсіз ешбір оқушы геометриялық пішіндерді сыза алмайды.Сурет салу үшінде мені қолданады. Менімен дос болсаң, мен саған сызуды, бояуды үйретемін. Бірақ ескертемін — мені ұқыпты ұстамасаң мен ренжимін.
Әліппе-: Ал мен болсам — бар кітапқа бас болған Ғылым атасы -әліппемін. Мен саған 42 әріпті танытып, оқуға үйретемін. Егер де сен менің әріптерімді жаттап, жақсы оқысаң, озат оқушы атанасың.
Өшіргіш-: Менің атым – өшіргіш. Менің көмегім саған өте қажет. Өйткені сен қате сызсаң, шимайласаң мені қолданасың.
Қалам-: Оқушы, бұның барлығы сенімен дос бола алады. Біз сенің сабақты жақсы оқуыңа көмектесеміз. Тек сен біздің жаңағы айтып кеткен шарттарымызды орындайсың ба?
Оқушы-: Ия,ия шарттарыңды орындаймын. Менің сабақ оқығым келеді. Келіңдер, сендер менің достарым болыңдар.
Автор-: Сөйтіп оқушы өзіне қажетті оқу құралдарын тауып, барлығымен дос болып, Мектеп сарайындағы ең үлгілі, озат оқушы атанған екен.
Топтық тапсырмалар Санмен берілген мақалды тап.
1-топ 2-топ 3-топ
Отан –отбасынан басталады.
Мектеп-кеме , білім –теңіз.
Оқу түбі тоқу.
Би: Кобелек биі
Жаңбырлы сұрақтар әдісі
Мұғалім:Оқушылар біздің ойын ойнағымыз келе ме.
Сиқырлы корапша деп аталады.
Оқушылар біздер жұмбақтарды шеше білеміз бе?
1.Бір мен үшін жақсы адам,
Артық көрем басқадан,
Апа, ата сөздерін
Қайсы әріптен бастағаен? ( А)
2.Бастайды ол «таңды» да,
Бастайды ол «талды» да.
Келіп тұрған қай әріп,
«Тау» мен «тастың» алдында ? (Т)
3. Ата- анаңмен барып сен,
«Пілді» көрдің «парктен».
Осы атаулар , зер салшы,
Басталған қай әріптен? ( П)
4. Ас біткеннің атасы- Қасиетті «нан» осы.
Қайсы әріптен басталғанғ
Соңғы әрпін қарашы (Н)
5. Сақинаға қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп? (О)
6. Түйе өркешіне қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп? (М)
7. Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай (Әтеш)
8. Үйіңді қорғайды,
Үйшікте тоңбайды (ит)
9.Халық қу деп
Қылған күлкі,
Айласы көп
Бұл не? ( түлкі)
Би: Кобелек биі
Мұғалім:
Ұрпақпен ұласады мұрат арман,
Бәйтерек бой көтерер құба талдан.
Тойлаңдар,қуаныңдар, ағайындар,
Шалқып қайт, шаттық тойы —Тілашардан
Т – тәртіпті болайық
І – ілімді бойға жинайық
Л – лашындай биік самғайық
А – ақылды азамат болайық
Ш – шыншыл болайық
А – айбынды болайық
Р – рахат өмір сүрейік
Мұғалім:
Ажырамай бір елі мектептен сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз – дей отырып сөз кезегі ұстаздарға беріледі
Мұғалім:
Жүректерден арман отын жағыңдар,
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.
Құтты болсын қадамдарың аттаған,
Оқу оқып, тәрбие білім алыңдар .
Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі ынтымағы жарасқан тәуелсіз еліміздің білімді ұл-қыздары болыңдар – дей отырып бүгінгі «Тілашар» мерекемізді аяқтаймыз.
Ашық тәрбие сағаты
1 «Д» сыныбы
Сарсенгалиева Г.Б
Достарыңызбен бөлісу: |