«Биология» мамандығы үшін Құрастырғандар



бет1/3
Дата25.08.2017
өлшемі0,93 Mb.
#27036
  1   2   3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ

БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ



ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Ботаника


«050113» – «Биология» мамандығы үшін

Құрастырғандар:

Жумадилова Р.Ж.


Аға оқытушы

Семей 2013ж

1 Дәріс.(1 c)

Тақырып: Кіріспе.

Дәрістің мақсаты: Ботаника ғылыми тұралы мағлұмат, өсімдіктің ғылыми систематикалык, топтары тұралы, ботаниканың басқа ғыльмдармен байланысы туралы, өсімдіктердің тіршілігі туралы мағлумат беру.

Дәріс мазмұны: Бұл бөлімде өсімдіктер дүниесі (ғылыми) каңдай ғылым зерттейтіні тұралы мағлұмат беріледі. Сонымен қатар өсімдіктер кашанан бері танылып, зерттеле бастады, өсімдіктер дүниесін классификациялаудағы, алгашқы қадам өсімдіктер тіршілік ерекшеліктері, өсімдіктің табиғаттағы маңызы, өсімдікктердің зат

айналымдағы маңызы,

өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы, туралы сұрақтар қамтылады.

Кіріспе. Ботаника ғылымы туралы мағлұмат.

Ботаника өсімдіктер туралы ғылым. Ботаникалық білім адамның практикалық тіршілігіне байланысты пайда болып, тез дамып қалыптасқан.

Ботаника ғылым ретінде осыдан шамамен 2300 жылдай бұрын қалыптасқан. Қазіргі уақытта ботаника үлкен көпсалалы ғылым болып отыр. Ботаниканың жалпы міндеттеріне жекелеген өсімдіктерді және олардың жиынтығын, басқаша айтқанда өсімдіктер қауымдастығын жан-жақты зерттеу жатады.

Ботаниканың жаңа салалары бойынша эксперименттік зертеулерді жүйелі түрде жүргізу мақсатында әртүрлі жаңа тәсілдерді және техниканың мүкіндіктерін пайдаланды.

Ботаника жалпы биология ғылымының негнізгі бөлімі болып табылады. Олардың міндеттеріне өсімдіктер мен өсімдік жабынының құрлысының тіршілік жағдайының әртүрлі заңдылықтарын зерттеу жатады.

Өсімдіктер морфологиясы - ботаниканың ең үлкен және ең ерте қалыптасқан бөлімдерінің бірі. Бұл өсімдіктердің және олардың жекелеген органдарының пайда болып қалыптасуының және әртүлі тіршілік формаларының дамуының заңдылықтарын зерттін ғылым.

Флорография. Бұл ғылымның міндеттеріне түрлерді танып және сипаттап жазу, басқаша айтқанда олардың белгілерін (диагнозын) құрастыру жатады.

Систематика - түрлердің алуан түрлілігін және осы алуан түрліліктің себептерін зерттейтін ғылым.

Өсімдіктердің географиясы (фитогеография) - ботаниканың ең үлкен бөлімдерінің бірі, оның негізгі міндеттеріне өсімдіктердің және олардың құрлықтағы және судағы қауымдастықтарының (ценоздарының) таралуы мен белгілі бір кеңістікте қаншалықты жиілікте кездесетіндігінің заңдылықтарын зерттеу болып табылады.

Өсімдіктердің экологиясы. Өсімдіктердің өмірі қоршаған ортамен тікелей байланысты (климатқа, топыраққа, рельефке және т.б.), бірақта өсімдіктер өз кезегінде осы ортаны түзуге қатысады.

Палеоботаника - бұрынғы геологиялық кезеңдерде жойылып кеткен өсімдіктер туралы ғылым.
Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.
Қолданылатын әдебиеттер:


  1. Агелеуов Е. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы,1988ж.

  2. Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.

  3. Мұсакулов Г. Ботаника. М., 1975ж.

  4. Васильев А.Е. Ботаника. М., 1988г.

  5. Мухитдинов Ю.М. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы, Алматы, 1997г.

  6. Хржановский В.Г. Основы ботаники с практикумом. М., 1998.

2 Дәріс.(2c)



Тақырып: Клетка.

Дәрістің мақсаты: Клетка құрылысымен танысу.

Дәріс мазмұны: 1. Өсімдік клеткасының құрылысы турлері.

2. Цитоплазма және оның қасиеті. 3. Цитоплазманың негізгі органоидтары, митохондрия пластид, эндоплазмалык тор, рибосомалар т.б.

4. Ядро, оның физикалық химикалык, касиеттері, клетканың бөліну түрлері, митоз, амитоз, эндомитоз.

5. Вакуоль және клетка шырыны. 6. Өсімдік клеткасының қабығы.

Бұл бөлімде бір клеткалы, колониялы өсімдіктер туралы берілді. Өсімдік клеткасының құрылысы, яғни, цитоплазманың химиялық физикалык, қасиеттері, цитоплазмада кездесетін органоидтардың субмикроскопияльқ құрылысы, олардың атқаратын кызметі көрсетіледі. Клетканың негізгі бөліктерінің бірі ядроның құрылысы және қызметі. Клетканың бөліну жолдары (әдістсрі) оқытылады. Бұл тарауда клеткаға тән биологиялык, процестермен студенттерді таныстыру керек (заталмасу, энергия алмасу, өсу, көбею, т.б.).
Клетка.

Клетканы зерттеуде қолданылып жүрген тәсілдер алун түрлі. Олардың негізгілерінің бірі микроскопиялық тәсіл. Тағы да бір түрі - өсімдіктің ұлпадан немесе клеткадан өсіру тәсілі, үшінші бір түрі - цитологиялық тәсіл.

Клетканың формасы мен мөлшері алуан түрлі болып келеді және олар орналасуы мен атқаратын қызметіне тікелей байланысты болады. Клеткалардың алуан түрлі формаларын паренхималық және прозенхималық деп екі топқа бөлуге болады. Паренхималық клеткалардың ұзындығы енімен бірдей немесе одан 2-3 еседен артық болдмайды, ал прозенхималық клеткалардың ұзындығы енінен бірнешеге артық болады.

Өсімдіктің толық жетіліп қалыптасқан клеткасын оптикалық микроскоппен қарағанда, оның мынандай компонентерден: қатты қабықшадан, клетканың ортаңғы бөлігін алып жататын бір үлкен, немесе 2-3 кішілеу вакуольден, вакуольмен клетка қабықшасының арасын алып жататын цитоплазмадан және цитоплазмада болатын ядродан тұратындығын байқауға болады.

Клетканы түзетін заттар алуан түрлі болады. Клеткада ең көп мөлшерде болатын зат су (60-90%), ол зат алмасу реакциясының дұрыс жүруіне аса қажет. Химиялық қосылыстардың қалған бөлігін негізінен органикалық заттар түзеді (10-23 %), ал органикалық емес заттардың мөлшері көп болмайды (құрғақ заттардың 2-6%)

Органикалық заттар конституциялық және эргастикалық деп екіге бөлінеді. Конституциялық заттар органелдердің құрамына кіреді және зат алмасу процесіне қатысады. Ал эргастикалық заттар органелдердің тіршілк әрекетінің жемісі.



Цитоплазма мембраналардан тұратын клетканың құрамды бөлігі.

Плазмалемма цитоплазманы клетканың қабықшасынан бөліп тұратын мембрана. Ол әдетте клетка қабықшасына тығыз жабысып тұрады.

Тонопласт цитоплазманы вакуольден бөліп тұрады.Оның атқаратын қызметі плазмалеммамен бірдей.

Гиалоплазма каллоидтық ерітінді түріндегі сұйықтық, оның ішінде органелдер болады. Гиалоплазманың атқаратын өызметі үлкен: ол органенлдердің өзара қатынасынқамтамасыз етеді, зат алмасуға, клеткадағы заттарды тасымалдауға қатысады, тітіркенуді сездіреді және т..б. Онда эндоплазматилық ретикулум, рибосомдар, гольджи аппарты, сферорсомалар, лизосомалар, митохондриялар, пластидтер бар.



Эндоплазматикалық ретикулум (эндеплазматикалық тор). Ол мембраналармен қоршалған, бір-бірімен байланысқан субмикроскопиялық каналдар мен цистерналардың системасы. Ретикулумның екі формасы болады - гранулярлы (кедір - бұдыр) және агранулярлы (жылтыр).

Рибосомдар. Олар белоктан және рибонуклеин қышқылда- рынан (РНК) тұрады, мембраналық структурасы болмайды.

Гольджи аппараты. Диктиосомдардан және Гольджи көпіршіктерінен тұрады. Диктиосомдарда полисахаридтер синтезделіп жиналады және сыртқа шығарылып отырады.

Сферосомдар. Ол өсімдік майларының синтезделетін және жиналатын орталығы.Олар эндопламатикалық тордың шеттерінен бөлініп шығады.

Лизосомалар. Олардың белоктарды, полисахаридтерді, липидтерді және басқа да органикалық қосылыстарды ыдырататын ферменттер болады. Сферосомдар секілді оларда эндопалзматикалық тордың жіпшелерінен пайда болады.

Митохондриялар. Митохондриялардың сыртында екі қабат мембранасы болады. Ішкі қабатын тарақ тәрізді немесе түтік тәрізді митохондрияның қуысына өтетін өскіндер - критисталдар деп аталады. Осында оттегінің қатысуымен углеводтар, майлар және басқа органикалық заттар ыдырайды жәнен АТФ синтезделеді.

Пластидтер.Тек өсімдіктерде ғана болады. Түсіне қарай пластидтер үшке бөлінеді: көк түсті - хлоропластар; сары, қызғыш, қызыл түсті - хромопластар; түссіз - лейкопластар.

Хлоропластарда жасыл пигмент хлорофилл, сонымен қатар кратиноидтар тобына жататын пигменттерден каротин (қызғыш түс) және ксантофилл (сары түсті) болады. Хлоропластардың негізгі қызметі тікелей хлорофиллмен байланысты. Дәлірек айтқанда органикалық емес заттардан күннің энергиясының қатысуымен органикалық заттарды синтездеу болып табылады.



Ядро тек цитоплазмалық ортда өмір сүре алады. Ол мынандай органелдерден: ядро қабықшасынан, нуклеоплазмалардан, хромосомдардан, ядрошықтан тұрады.

Эволюциялық процестің барысында ядро шамасы хромосомдардың нуклеотидтерден жетілуіне байланысты пайда болған.

Ядроның бөлінуі барлық уақытта клетканың бөлінуімен аяқталады. Клетканың бөлінуінің үш түрлі жолы бар: митоз, мейоз, амитоз.

Митоз. Саматикалық клеткалардыің бөлінуінің ең универсалды (жан-жақты) жолы. Митотикалық цикл бір-бірімен тығыз байланысты болатын интерфазадан және митоздан тұрады.

Амитоз - бұл соматикалық клеткаларының бөлінуінің басқа жолы. Оның мәні мынада, клетканың ядросы алдын ала структуралықөзгеріске ұшырамастан екіге немесе одан да көп бөліктерге бөліну.

Мейоз - митоз секілді ядроның бөлінуінің универсалды түрі, бірақта ол клеткалардың аз тобына тән, дәлірек айтқанда жыныстық клеткаларда жүретін процесс.

Вакуоль - клетка шырынына толы қуыс, ол цитоплазмадан тонопласт арқылы бөлініп тұрады. Вакуоль эндоплазматикалық ретикулумның локальдық кеңістігінен пайда болады, онда клетка шырыны жиналады.

Клетка шырнының химиялық құрамы органикалық және органикалық емес заттардан тұрады. Органикалық заттар: азотты заттар: белоктар (протеиндер, претидтер), амин қышқылдары (аспарагин, триозин, лейцин және басқалар), алкалоидтар (хинин, морфин, никотин, колхицин, кофеин және т.б.); азотсыз заттар: моносахаридтер - глюкоза, фруктоза; дисахаридтер - сахароза, мальтоза; полисахаридтер - инулин, глюкозиттер (амигдалин, сапонин, соланин, пигменттер-антоциан, антохлор және басқалар), илік заттар (танидтер), органикалық қышқылдар (қымыздық, алма, вино, лимон және басқалар), кристалдар (қымыздық және басқа қышқылдардың тұздары), эфир майы және басқалар.



Органикалық емес заттар: нитраттар, хлоридитер, фосфаттар.

Бұл заттардың біреулері, мысалы углеводтар, қорлық, екіншілері - экскреторлық, яғни зат алмасудың соңғы өнімдері болып табылады.

Өсімдіктердің клеткасының жануарлардың клеткасынан айырмашылығы сол, олардың жақсы жетілген, әдетте қатты қабықшасы болады. Клетка қабықшаларының жиынтығы өсімджікке мықтылық беретін, оның қаңқасын түзеді.Әр түрлі заттардың өсімдіктің сіңірілуіне және тасымалдануына қабықшаның маңызы зор. Ол бірнеше қабаттан тұрады: алғашқы қабықша, екінші реттік қабықша, орталық табақша, плазмодесмалар, поралар.
Бақылау сұрақтар: тест сұрақтары берілген.
Қолданылатын әдебиеттер:


  1. Агелеуов Е. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы,1988ж. 20

  2. Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.

  3. Мұсакулов Г. Ботаника. М., 1975ж.

  4. Васильев А.Е. Ботаника. М., 1988г.

  5. Мухитдинов Ю.М. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы, Алматы, 1997г.

  6. Хржановский В.Г. Основы ботаники с практикумом. М., 1998.

3 дәріс.( 2 c)



Тақырып: Өсімдік ұлпалары.

Дәрістің мақсаты: Өсімдік ұлпаларымен танысу.

Дәріс мазмұны: 1. Түзүші ұлпалар.

2. Түпкілікті ұлпалар.

3. Қоректік ұлпалар.

4. Өткізгіштік ұлпалар.

5. Механикалық ұлпалар.

Бұл тарауда өсімдік ұлпалары туралы ұғым және олардың классификациясы беріледі.

Сонымен қатар, түзуші ұлпаларының, жабындық ұлпаларының ассимиляциялаушы қоректік ұлпаларының құрылысы, түрлері, өсімдік денесінде орналасуы және олардың атқаратын кызметі көрсетіледі.

Өсімдік ұлпалары.

Ұлпа туралы ғылымның негізін салған белгілі Италия ғалымы М. Мальпиги мен Ағылшын ғалымы Н. Грю (1671 ж.) болған.

Ұлпа негізінен мынандай алты топқа бөледі: меристемалық (түзуші), жабындық, негізгі, арқаулық (механикалық), өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар.

Түзуші ұлпалар (меристемалар).

Алғашқы және соңғы меристема. Алғашқы меристема өскінің, ұрықтың клеткаларынан дами бастаған кезінен пайда болады. Соңғы меристема, әдетте алғашқы меристемадан кейін тұрақтанған (дифференцияланған) ұлпалардан пайда болады.

Төбелік (апикальдық) меристема. Төбелік меристема сабақтың, тамырдың негізгі және бүйірлік өстерінің ұштарында орналасады.

Бүйірлік (латеральді) меристема.Өстік органдардың бойында, олардың үстіне параллель, цилиндр тәрізді орналасады. Әдетте ол соңғы меристемаға жатады жәнеоргандардың көлденңінен өсіп жуандауын қамтамасыз етеді. Көп жағдайда оны камбий деп атайды.

Қыстырмалы (интеркалярлық) меристема. Сабақтың буын аралықтарының төменгі жағындағы және жапырақтың гүл сағағының түп жағында орналасады. Бұл алғашқы меристема болып табылады, ол органдардың ұзындыққа өсуін қамтамасыз етеді.

Зақымдық (травматикалық) меристема. Өсімдіктің денесінің кез келген зақымдалған бөлігінде пайда болады, шығу тегіне байланысты ол соңғы меристемаға жатады.

Жабындық ұлпалар.

Жабындық ұлпалардың негізгі атқаратын қызметі сол, олар қсімдікті кеуіп қалудан және сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен сақтайды. Шығу тегіне қарай жабындық ұлпа 3-ке бөлінеді: эпидерма, қабық, қыртыс.



Эпидерма. Протордермадан пайда болатын алғашқы жабын ұлпасы. Олар жапырақты және жас сабақтарды жауып тұрады.

Перидерма (пробка). Эпидермистің клеткалары сабақтың жуандап өсуінің нәтижесінде өзгеріске ұшырап (деформируется) өледі. Осы кезде соңғы жабын ұлпасы перидерма пайда болады. Оның пайда болуы соңғы меристема тоздық камбийдің (феллогеннің) жұмысына байланысты.

Қыртыс (корка немесе ритидом) - сабақтың сыртында қабықтың бірнеше қабатынан және қабықтың өлі бөліктерінен (участкелерінен) тұратын өлі тканьдердің комплексі.
Негізгі ұлпалар.

Өсімдіктің әртүрлі органдарының негізгі бөлігін құрайтын ұлпаларды негізгі ұлпалар деп атайды.Сонымен бірге оларды орындаушы паренхима, негізгі паренхима, жай паренхима деп те атайды. Негізгі ұлпалар клетка қабықшалары жұқа болып келетін тірі паренхималық клеткалардан тұрады. Негізгі ұлпалар мынандай түрлері болады.



Ассимляциялық, немесе хлорофилл түзетін паренхима (хлоренхима). Жапырақтарда және жас сабақтардың қабығында орналасады. Ассимиляциялық паренхималардың клеткаларында хлоропластар болады. Олар фотосинтез процесін іске асырады.

Қор жинаушы ұлпалар. Негізінен сабақтың өзегінде, тамырдың тоздық бөлігінде, сонымен бірге көбею органдарында дәндерінде, жемістерінде, жерасты түйнектерінде және басқаларда жиналады. Қорлық ұлпаларға шөлді аймақтарда өсетін өсімдіктердің бойына су жинайтын ұлпаларында жатқызуға болады.

Сорушы ұлпалар. Бұл ұлпаларға тамырдың, тамыр түктері бар аймағындағы клеткалардың (эпиблема) тобы жатады.

Ауалық ұлпа (аэренхима). Бұл ұлпа әсіресе өсімдіктің су асты органдарында, ауадағы және тыныс алу үшін қажетті тамырларында жақсы жетілген. Олардың клетка аралық қуыстары аса үлкен болып келеді және өзара байланысып, ауаны тазартып тұратын бір жүйеге түзеді.
Арқаулық ұлпалар.

Арқаулық ұлпалар бірігіп, өсімдіктің барлық органдарын сынудан немесе жыртылудан сақтайтын ең жоғарғы беріктікті қамтамасыз етеді.Бұл ұлпалар қабыршақтары қалың, жиі (бірақ барлық уақытта емес) сүректенетін клеткалардан тұрады. Көп жағдайда бұлар өлі клеткалар. Клеткаларының формасына, олардың қабықшаларының химиялық құрамына және қалыңдау ерекшеліктеріне қарай арқаулық ұлпаларды екі топқа бөледі.



Колленхима. Колленхима тірі, әдетте паренхималық клеткалрдан тұрады. Колленхима бұрыштық және пластинка тәрізді болып екіге бөлінеді. ол жас өсіп келе жатқан органдардың тірегі болып табылады. Колленхима қос жарнақты өсімдіктерге тән.

Склеренхима. Склеренхима клетка қабықшалары бірдей болып қалыңдайтын прзенхималық клеткалардан тұрады. Тек жас клеткалары ғана тірі болады.Қабықшаларының химиялық құрамына байланысты паренхиманың екі түрі болады: талшықтар және склереидтер.
Өткізгіш ұлпалар.

Түтіктер (трахеи) және трахеидтер. Бұлар өткізгіш ұлпалар, олар арқылы су мен минералдық тұздардың өсімдіктердің бойымен тасымалдануы қамтамасыз етіледі.

Түтіктер (трахеи) - бунақты мүшелерден тұратын трубалар. Олар прокамбийдің, немесе камбийдің вертикалды клеткаларының қатарынан бөлінеді.

Трахеидтерде түтіктер секілді өлі құрлым, бірақ одан айырмашылығы сол, бұлар трубалар емес, прозенхималық клеткалар. Қабықшаларының қалыңдауының формаларына байланысты түтіктер мен трахеидтер сақиналы, спиральді, торлы және т.б. болып келеді.

Електі (сүзгілі) түтіктер. Өткізгіш ұлпа, ол арқылы жапырақтарда синтезделген органикалық заттардың тасымалдануы жүзеге асады. Бұл тірі клеткалардың вертикальды қатары, олардың көлденең қабықшаларында көптеген тесіктері болады (електі пластинкалар).
Бөліп шығарушы ұлпалар.

Өсімдіктердің арнаулы бөліп шығарушы органдары болмайды, бірақта экскреторлық заттар организмнен қалайда сыртқа шығарылып отырады, немесе белгілі бір орындарда (қуыстарда) жиналады. Осыған байланысты бөліп шығарушы ұлпалар екіге бөлінеді: сыртқы және ішкі бөліп шығарушы ұлпалар.

Ішкі бөліп шығарушы ұлпаларға сүт жолдары, жекленген бөліп шығарушы клеткалар (идиобластар), сизогендік және лизогендік қуыстар жатады. Ал сыртқы бөліп шығарушы ұлпаларға органдардың үстінде орналасқан безді түктер мен өсімдік бездері жатады.

Схизогендік және лизогендік қуыстар. Бұл қуыстар зат алмасуға уақытша қатыспайтын, өсімдіктің тіршілігінің көптеген соңғы өнімдерін жинау және оларды ұзақ уақыттар бойы сақтау үшін қажет.Олардың формалары домалақ немесе канал тәрізді болып келеді және мөлшері әрқилы.

Схизогендік қуыстар, клеткалардың ығысуының нәтижесінде, олардың арасында пайда болатын бос кеңістіктерден түзіледі.Қуысқа жақын орналасқан клеткалар эпителиальды клеткалар болып саналады және олар осы қуысқа экскреторлық заттарды бөліп шығарады.
Бақылау сұрақтар: тест сұрақтары берілген.
Қолданылатын әдебиеттер:


  1. Агелеуов Е. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы,1988ж.

  2. Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.

  3. Мұсакулов Г. Ботаника. М., 1975ж.

  4. Васильев А.Е. Ботаника. М., 1988г.

  5. Мухитдинов Ю.М. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы, Алматы, 1997г.

  6. Хржановский В.Г. Основы ботаники с практикумом. М., 1998.

4 -5 дәріс. (4 c)



Тақырып: Өсімдіктердің вегетативті органдары:

Дәрістің мақсаты: Өсімдіктердің вегетативті органдарының морфологичлық және анатомиялық құрылысымен танысу.

Дәріс мазмұны: 1. Сабақтың морфологиясы. Бірінші анатомиялык, құрылысы.

2. Сабақтың екінші анатомиялык құрылысы.

Бұл тарауда өсімдіктердің вегетативті органдардъң құрылысы оқытылады. Сабактың морфологиклык және анатомиялық құрылысы, өркен, бұршақ, туралы ұғым, сабактың бұтақтануы.

Жапырақтың морфологиясы (жапырақ пішіні, жапырактың жүйкеленуі, жапырақтың шеті, жапырақтың сабақта орналасуы, күрделі жапырактың түрлері). Жапырақтың анатомиялык қызметі туралы мағлұматтар беріледі.

Бұл тарауда тамырдың өсуі мен бұтақтануы, тамырдың метоморфозалық түр өзгерістері көрсетіледі. Сонымен қатар, өсімдіктерде кездесетін гомология, аналогия, атавизм сияқты сұрақтар көрсетіледі.

Өсімдіктің вегетативтік органдары.

Негізгі вегетативтік органдардың бастамасы дәннің ұрығында болады.Қолайлы жағдай туысымен, яғни қажетті температура, ылғал және ауа жеткілікті болғанда тұқым бойына су тартып, ісініп өне бастайды.Алдымен тамыр өседі.



Тамыр.

Тамыр өсімдіктің өстік, көп симметриялы жер асты органы. Ол ұзақ уақыт бойы ұзындыққа шексіз өсіп отырады. Тамырдың ұшын тамыр оймақшасы қорғап тұрады. Тамыр еш уақытта жапырақ түзбейді. Оның бұтақтануы, бүршіктенуі ішкі жағынан басталады (эндогенді).


Морфологиялық құрылысы.

Шығу тегіне қарай тамырды үшке бөлінеді: кіндік, қосалқы және жанама тамырлар.

Кіндік тамыр, тек ұрықтың тамыршасынан пайда болады. Қосалқы тамырлар сабақтан, жапырақтан немесе олардың өзгерген түрлерінен пайда болады. Кіндік тамыр мен қосалқы тамырлардан жанама тамыралр кетеді. Соңғыларынан жанама тамыралардың екінші және одан кейінгі қатарлары тарамдалып кетіп отырады.

Тамыр систематикасы. Ұзындыққа өсудің және тарамдалудың негізінде пайда болатын барлық жиытығын тамырлар ситематикасы деп атайды. Тамыр систематикасының негізгі үш түрі бар: кіндік тамыр ситемасы, ол ұрықтың тамыршасынан пайда болады және кіндік тамырдан (өстің алғашқы қатары), сонымен бірге одан кететін жанама тамырлардың әртүрлі қатарынан тұрады. Қосалқы тамырлардың системасы, ол сабақ пен жапырақтың кез келген бөлігінен пайда болады; аралас тамырладың ситемасы ол бір мезгілде қатар өсетін кіндік тамырдың және қосалқы тамырлардың системалары.
Тамырдың анатомиялық құрлысы.

Кіндік, жанама және қосалқы тамырлардың анатомиялық құрлысы біршама ұқсас болады.



Тамырдың зоналары. Тамырды ұзына бойында құрылысы әртүрлі болып келетін және әртүрлі қызметтер атқаратын бірнеше зоналарға бөлуге болады. Клетканың бөліну зонасы, созылу зонасы, сору зонасы (тамры түктерінің зонасы), өткізу (бұтақтану) зонасы.

Клетканың бөліну және созылу зоналары тамрыдың ең ұшында орналасады. Бұл сырты жылтыр, ұшында тамыр оймақшасы бар кішілеу участок. Ол өсу конусын топырақтың түйіршіктерімен зақымданудан сақтайды.

Одан жоғарылау клетканың созылу зонасы орналасады. Бұл жерде клеткалар біртіндеп тоқтатады да ұзындыққа созылады, нәтижесінде олардың көлемдері ұлғаяды. Бұл екі зонаны кейде біріктіріп өсу зонасы деп атайды.

Сору зонасы созылу зонасынан жоғары орналасады, бұл жерде тамырдың үстінде көптеген бүгірлер пайда болады, олар келешекте созылып, тамрыдың түктеріне айналады.Әрбір тамырдың түгі жекеленген сыртқы клетканың өсіндісі болып табылады.

Тамыр түктері топырақтан минералды заттардың ерітіндісін бойына сіңіреді. Олар 10-20 күн ғана өмір сүреді.

Одан әрі өткізгіш зонасы орналасады. Ол тамырдың мойнына дейін созылады және тамырдың көп бөлігін түзеді. Бұл жерде тамырдың түктері болмайды, сыртын жабын ұлпасы жауып тұрады. Тамырдың осы участогінде бұтақтану жүреді.



Тамырдың алғашқы құрылысы. Тамырдың ұлпалары сору зонасында дифференциацияланады. Шығу тегіне қарай бұлар алғашқы ұлпалар, өйткені олар өсу зонасының алғашқы меристемасынан пайда болады. Сондықтан да сору зонасы тамырдың анатомиялық құрылысы алғашқы болып табылады.Осы кезеңде тамыр орталық цилиндрге және алғашқы қабыққа бөлінеді, оның сыртын тамыр түктері бар қатар клеткалар - эпиблема жауып тұрады. Оған құртқашаштың (ирис) тамырының алғашқы құрлысынының мысалын келтіруге болады. Ол эпиблеманың қалдығы, экзодерма, негізгі паренхима, эндодерманың өткізгіш клеткасы, перицикл, ксилеманың сәулесі, флоэманың участкесінен тұрады.
Тамырдың өзгерген (метоморфозға ұшыраған) түрлері.

Олардың ішінде ең көп таралғандары мыналар.



Қорлық тамырлар. Тамырлардың өзгерген түрлері сүректік және тіндік (лубтық) паренхималарға артық қор заттарының жиналуына байланысты пайда болады. Шығу тегіне және құрлысына қарай қорлық тамырлардың екі типі болады - тамыр жемістер және тамырдың түйнектері.

Тамыр жемістер кіндік тамырдан пайда болады. Олардың пайда болуына гипокотильде қатысады. Тамыр жемістері мынандай бөліктерге бөлінеді: басжағынан - жапырақтары бар қысқарған сабақтық бөлігі; мойынға - гипокотильдің ұлғайып өсуінің нәтижесінде түзілетін, тамыр жемістің ең жуан бөлігі; нағыз тамырға, одан жанама тамырлар кетеді.

Тамыр жемістері монокамбиалды - камбийдің бір ғана қабатынан және поликамбиалды - камбийдің бірнеше қабатынан тұратын болып келеді.



Тамыр түйнектері (тамырдың түйіндері) артық қор заттары бүйірлік және қосалқы тамрыларда жиналған жағдайларда ғана түзіледі. Тамырдың түйнектерінде көп жағдайда қосалқы бүршіктер болады, солар арқылы өсімдіктердің вегативтік көбеюі жүзеге асады.

Микориза. Тамырдың ұштарын олармен бірге симбиозда селбесіп өсетін саңырауқұлақтардың жіп шумақтарын (гифаларын) микориза деп атайды. Микоризаның үш типін ажыратуға болады: 1) сыртқы немесе эктотрофты микориза, бұл жағдайда саңырауқұлақтың жіп шумақтары тамырды тек сыртынан тығыз қоршап тұрады; 2) сыртқы-ішкі немесе эктоэндотрофты микориза, бқл жағдайда саңырауқұлақтың жіп шумақтары тамырдың клеткаларына аздап еніп тұрады; 3) ішкі немесе эндотропты микориза, бұл жағдайда саңырауқұлақтың жіп шумақтары тек тамырдың ішінде өмір сүреді.

Түйнектер. Бұршақ тұқымдастарға жататын өсімдіктердің тамырларына ауадағы азотты бойына сіңіруге қабілетті рибозиум туысына жататын ерекше бактериялар қоныстанады. Бактерияның тамырға енуі оның қабықтық бөлігінің ұлпаларының ұлғайып өсіп, түйнектер деп аталынатын, ісік тәріздес буылтық түйнектердің пайда болуына әкеліп соғады.
Сабақ.

Сабақ жапырақтар мен тамырдың арасын байланыстырып тұратын, жақсы ассимиляциялық системаның түзілуіне мүмкіндік туғызатын және жапырақтардың оларға күннің сәулесі жақсы түсетіндей жағдайда орналасуын қамтамасыз ететін мүше. Сонымен қатар сабақ артық қор заттарының жиналатын орны болып табылады.



Морфологиялық құрлысы.

Сабақтың көлденең кесіндісі көп жағдайда цилиндр тәрізді болып келеді, бірақ шөптесін өсімдіктерде сабақ үш қырлы (қияқта), төрт қырлы (ерін гүлділер), қанатшалы (орман чинасы), жалпақ (шылаң-рдест) болып келеді.

Сабақтың ұзындығы көп мөлшерде ауытқып отырады. 280-300 м-ден (ротангалы пальманың өрмелеп өсетін сабақтары) 1,5 мм дейін (су өсімдігі вольфия).

Анатомиялық құрлысы.

Сабақтың құрлысы тамыр құрлысынан біршама күрделі болып табылады.

Ол алғашқы құрылыстан және соңғы құрылыстан тұрады.

Алғашқы құрылысы. Сабақтың ұшында алғашқы меристема орналасады. Осы жерде жапырақтың алғашқы бастамасының деңгейінде прокамбий түзіледі. Одан алғашқы флоэма мен алғашқы ксилема пайда болады. Камбийден сыртқа қарай алғашқы қабық, ал ішке қарай өзек орналасады. Өсу конусының ұшындағы клеткалардың қабатынан эпидермис пайда болады. Осылайша сабақтың алғашқы құрылысы пайда болады. Сабақтың алғашқы құрылысында ұлпаларды, тамырдағы секілді екі комплекске: сырты эпидермиспен қапталған алғашқы қабыққа және орталық цилиндрге бөледі.

Тамырдың алғашқы құрылысының сабақтың алғашқы құрылысынан айырмашылығын көрсететін негізгі белгілерге мыналар жатады: тамырдың орталық цилиндрінде көп жағдайда өзек түзілмейді; еш уақытта эпидермасы мен колленхимасы болмайды; өткізгіш шоқтары барлық уақытта радиальді болып келеді және орталық цилиндрдің ортасында орналасады; тамырдың көп бөлігін алғашқы қабық қабаты алып жатады.

Соңғы құрлысы. Сабақтың соңғы құрлысы, тамырдағы секілді соңғы меристеманың - камбийдің пайда болуымен байланысты. Сондықтанда ол жалаңаштұқымдыларға және қосжарнақты жабықтұқымдыларға тән. Камбий орталық цилиндрде алғашқы флоэма мен алғашқы ксилеманың арасында түзіледі. Ол прокамбийден және алғашқы өзектік сәулелердің паренхимасынан пайда болады. Камбий сабақтың шетіне қарай соңғы қабықтың элементтерін бөліп шығарады. Соңғы қабықтың өзіне тән гистологиялық элементтері - сүзгілі түтіктері, серіктік клеткалары, тіндік талшықтары, тіндік паренхималары және өзектік сәулелердің паренхималары, соңғы флоэмадан (екінші реттік тін) тұрады. Өзекке қарай камбий түтіктерден, трахеидтерден, сүректік талшықтардан, сүректік паренхималардан және өзектік сәулелердің паренхимасынан тұратын соңғы ксилеманы бөліп шығарады.

Жапырақ.

Жапырақ дегеніміз өсуі шектелген бүйірлік орган. Ол қыстырмалы меристеманың белсенділігінің нәтижесінде түп жағымен немесе барлық жағымен ұлғайып өседі. Ағаштар мен бұталарда бұлар уақытша орган.

Жапырақтың атқаратын қызметтері: фотосинтез, газдың алмасуын және судың булануын реттеу болып табылады. Сонымен қатар жапырақта артық қор заттары жиналады, жекеленген жағдайларда жапырақ вегетативтік көбею қызметін де атқарады.
Морфологиялық құрлысы.

Жапырақтың мөлшері (көлемі) қатты өзгеріп отырады. Көп жағдайда тіптен бір өсімдіктің өзінде мөлшері әр түрлі болып келетін жапырақтар кездеседі.

Жапырақтың формациясы, әртүрлі жапырақтылық (гетерофилия). Әдетте бір өркенде мөлшері, формасы, түсі жағынан әртүрлі болып келетін жапырақтар пайда болады. Жапырақтың үш түрлі формациясы болады: төменгі, ортаңғы және жоғарғы. Жапырақтың төменгі формациясы әдетте арнаулы қызмет атқаруына байланысты (қорғаныштық, қор жинайтын) жетілмеген немесе түрі өзгерген болып келеді. Жапырақтың ортаңғы формациясы өсімдіктердің жапырақтарының негізгі массасын түзеді. Жапырақ-тың жоғарғы формацияның жапырақтары гүл беретін өркендерде (гүл шоғырында) орналасады.

Жапырақтың бөліктері. Өсімдіктердің көбі жапырақтардың сағақтары арқылы (сағақты жапырақ) сабаққа бекінген, азды көпті жалпақ тақтадан тұрады. Сағақ жапырақ тақтасын күнге қарай бағыттайды. Егер сағағы болмайтын болса, онда мұндай жапырақтарды отырмалы деп атайды.

Жүйкеленуі. Жүйкеленудің мынандай типтері белгілі. Қарапайым жүйкелену - бұл жағдайда жапырақ тақтасының түбінен жоғарғы ұшына дейін тек бір ғана жүйке (өткізгіш шоқ) өтеді; дихотомиялық жүйкелену - бұл жағдайда жапырақтың жүйкелері аша тәрізді болып тармақтанады; торлы жүйкелену - бұл жағдайда бір немесе бірнеше үлкен жүйкелер көптеген бүйірлік тармақтар береді, нәтижесінде олардан қалың тор түзіледі; доғалы және параллель жүйкелену - бұл жағдайда жапырақ тақтасының түбінен жоғарғы ұшына дейін бірнеше мөлшері жағынан бірдей, жан-жаққа бүйірлік тармақтар бермейтін жүйкелер өтеді, бір жағдайда тек параллель, екінші жағдайда доға тәрізді болып табылады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет