Биологиялық қауіпсіздік саласындағы Есеп және мониторинг жүйесін сипаттаңыз



Дата09.11.2023
өлшемі17,96 Kb.
#190603
Байланысты:
Áèîëîãèÿëû? ?àó³ïñ³çä³ê ñàëàñûíäà?û Åñåï æ?íå ìîíèòîðèíã æ?éåñ³í





  1. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы Есеп және мониторинг жүйесін сипаттаңыз.

Биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алу және мониторинг
1. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алу және мониторинг биологиялық тәуекелдерді басқару элементтері болып табылады және қауіпті биологиялық факторлардың әсерінен теріс салдарлар туындауының алдын алуға бағытталған.

2. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алу және мониторинг патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеудің барлық кезеңінде:


1) мыналардың:


патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілердің;


ықтимал қауіпті биологиялық объектілердің;


патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттердің;


патогендігі І және ІІ топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандардың тізілімдерін жүргізу;


2) статистикалық ақпаратты және өзге де есепке алу мен есептік құжаттаманы (ақпаратты) жинау және талдау;


3) аумақты, табиғи ортаның жекелеген компоненттерін, аса қауіпті инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларды жұқтырғыштар мен тасымалдаушыларды (оның ішінде олардың тіршілік ету өнімдерін), заттар мен материалдарды зерттеп-қарауды жүргізу, халықтың, жануарлардың, өсімдіктердің инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларының туындау себептері мен жағдайларын анықтау;


4) ведомствоаралық ақпарат алмасу;


5) халықаралық ынтымақтастық шеңберінде ақпарат алмасу;


6) ашық дереккөздерден алынатын ақпаратты жинау, қорыту және талдау арқылы жүзеге асырылады.


Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу тәртібі, биологиялық қауіпсіздік саласындағы статистикалық ақпараттың және өзге де есепке алу мен есептік құжаттаманың (ақпараттың) түрлері, биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйені қалыптастыру және жүргізу тәртібі, сондай-ақ ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және беру тәртібі биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) қағидаларында айқындалады.





  1. Улы өнеркәсіптік қалдықтардың классификациясын және өнеркәсіптік қалдықтардың уыттылық класын анықтауға арналған нұсқаулықтарды атаңыз

"Уытты және уыттылығы жоғары заттардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" Техникалық регламентін бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы N 1219 Қаулысы.



  1. "Химиопрофилактика"ұғымын түсіндіріңіз.

Химиопрофилактика деп- туберкулездің алдын алу мақсатында,ТМБ жұқтыру және туберкулезбен ауыру қаупі жоғары адамдарға туберкулезге қарсы дәрілер қолдануды айтады. Алдын алу мақсатында туберкулезге қарсы препараттарды қолдану ауруға шалдығуды 5-7 есеге дейін төмендетеді.
Химиопрофилактика екіге бөлінеді: біріншілік және екіншілік. Біріншілік-туберкулез жұқтырмағандарды қоздырғыштан қорғау. Екіншілік- қоздырғышты жұқтырған адамдарда туберкулездің дамуының алдын алу.



  1. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйенің функциялары қандай?

Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйе
1. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйе биологиялық қауіпсіздік саласындағы орталықтандырылған есепке алу және мониторингтеу, биологиялық тәуекелдерді басқару, мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары арасында ақпарат алмасу арқылы жағдайды талдау, биологиялық тәуекелдерді болжау және модельдеу, үйлестірілген және жедел ден қою шараларын тұжырымдау мақсатында құрылады.

2. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар, бағдарламалық қамтылым, интернет-ресурс және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым биологиялық қауіпсіздік саласындағы ақпараттандыру объектілері болып табылады.


3. Биологиялық қауіпсіздік мәселелері қозғалатын салаларда мемлекеттік реттеуді (қызметті) жүзеге асыратын мемлекеттік органдар (олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары), сондай-ақ патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілер биологиялық қауіпсіздік саласындағы ақпараттандыру субъектілері болып табылады.


4. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйе ақпараттандыру субъектілері беретін статистикалық ақпараттың және өзге де есепке алу мен есептік құжаттаманың (ақпараттың) негізінде қалыптастырылады.


5. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйеге келіп түсетін ақпарат біріздендірілген түрде жинақталады және биологиялық қауіпсіздік саласындағы бірыңғай ұлттық дерекқорды құрады.




6. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйені құруды, жетілдіруді және пайдалануды және онда сақталатын және өңделетін мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет