«Бір ел – бір кітап» – акциясы Жыл сайынғы дәстүрмен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Бір ел – бір кітап»



Дата26.06.2018
өлшемі37 Kb.
#44799
«Бір ел – бір кітап» – акциясы

Жыл сайынғы дәстүрмен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» Республикалық акциясы аясында жалпыхалықтық оқуға Жыл кітабын таңдауға байланысты комиссия мүшелерінің отырысы болып өтті. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу.

Комиссия мүшелері қатарында мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, ақын, «Парасат» орденінің иегері Несіпбек Айтұлы, жазушылар Мырзагелді Кемел, Тұрсын Жұртбай, Жолтай Әлмашұлы, жазушы-драматург Роза Мұқанова, ҚР Ұлттық академиялық кітапхана басшысы Үмітхан Мұңалбаева, сондай-ақ, Д.Қамзабекұлы, А.Ысымұлы, С.Досжанова, Ш.Құрманбай, Л.Қапышева, М.Ершу және С.Тәуекелов болды.



Сонымен, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының қортындысы бойынша Алашорда мемлекетінің 100 жылдығына орай «Жыл кітабы – 2017» таңдауы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқу ұсынылды. Себебі: «Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып, күн болам!» деген рухты жырларымен мәңгі өшпес із қалдырған ақын. Өскелең ұрпақтың идеалына айнала алатын дара да, дана ақынның бірі екені тағы да айшықтала түсті.

Сұлтанмахмұт Торайғыров – Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында туған. Шығармашылығы жайлы айтып кетсек, «Қамар сұлу» романы, «Алаш ұраны» таңдамалы шығармалары, «Сарыарқаның жаңбыры», «Асыл сөз» өлеңдер мен дастандар, «Үш томдық шығармалар жинағы», сонымен қатар «Алаш мұрасы», «Алтын қор», «Жыр жауһары», «Кереку-Баян», «Қазақ позиясының классиктері» серияларымен жарық көрген керемет туындылардың авторы. Қазақ поэзиясының биігіне өрмелеп шыққан Абайдан кейінгі ұлы ақындардың бірі. Ұлт үшін күрескен адам. Сол себептен бүгінгі республикалық акциясына қатысушыларға жалынды ақын, жас ақын С.Торайғыровтың шығармалары таңдалғаны өте орынды деп санаймыз. Біздің жастарымыз С.Торайғыровтың тәлімін, тағылымын оқып өссе, шын мәнінде отаншыл болып шығады деген сенімдеміз. Ойшыл өзінің аз жасағанына қарамай, ол қазақ поэзиясы мен прозасын жаңа сатыға көтеріп кетті. Реалист-ақын XX ғасырдың әдебиетінде жаңа жанрлар туғызды, роман жанрының, реалистік поэманың қалыптасуына әсер етті. Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларын оқуға асығыңыздар. Сіздерді, рухани нәр, тәлімдік  тәрбие беретін баға жетпес  мәдени мұра көркем әдеби шығармаларды бірге  оқып, ой бөлісуге шақырамыз. Жазушының барлық шығармаларын Кітапханалық-ақпараттық орталықтың көркем әдебиет секторынан алып оқуларыңызға болады. Осы акцияға жаппай қатысуларыңызды сұраймыз!



1 беттен 1 бет


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет