Эссе
Бірге балалық шақты қорғайық!
Адамның санасында мәңгілік өшпестей естелік қалдыратын, ең ғажап ,ең керемет ұмытылмастай сәттер сыйлайтын ол – біздің балалық шағымыз. Балалық шақ – бір рет ғана келетін, қайта оралмайтын, сағына еске алатын ғажайып әлем іспеттес.Балалық шақ - ұмытылмас бал күндер. Үлкен мұхиттай тұнық өмірдің шағын ғана бір бөлігі. Бірақ осы шағын бөлік қанша тамаша сәттерге толы. Мен 11 жастамын. Дегенмен балалық кезеңнен әлі де болса аттап кеткен жоқпын. Кешегі титтей кішкентай кезім қызық әрі өте қанық түстерге толы болды. Мен оны ешқашан ұмытпаймын.
Біз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Мен осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын. Неге десеңіз? Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз. Ал өткен ғасырлардағы әже-аталарымыз тіпті оқи алмай, балалықтың бал дәмін тата алмады. Әрине, өкінішті. Бара-бара, есейген кезде сол балдәурен балалық шағымызды сағынатынымыз белгілі. Кейбіреулер өздерін балалық шақпен ерте қоштасқандай сезінеді. Олар қателеседі. Себебі, олар балалық шақтың құдіретін сезіне алмай жүр. Әр адам өз өмірінің бақытты сәттерге толы болғанын қалайды. Ол үшін алдына мақсат қойып, көптеген игілікті істерді жүзеге асыруға ұмтылады. Бақытты болу әркімнің өзіне байланысты деп ойлаймын. Өз өмірін аялап, барды қанағат тұтқан адамның құшағы бақытқа толы болады. Қасыңда жүрген адамдардың қуанышын, бақытын, жақсылығын өзінің табысындай көре білген адам бақытқа кенеледі деп санаймын,
Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз.Не ішем,не жеймін демейміз.Ата анамыз өз аузынан жырып, балам аш қалмасын деп талмай еңбектеніп,бізді өсіруде.Ол үшін әрине ата-анамызға борыштармыз. Қазіргі заманда көріп жүрміз, қатігез ата-аналар, бақытсыз балалар. Ата-аналарының кесірінен көптеген балалар балалықтың бал дәмін тата алмай жүр. Зорлық-зомбылық көрген баланың келешегі не болмақ? Адамдар бала кезінде балалық шақтың бал дәмін татуы тиіс емес пе?
Бүгінде елімізде туған баласынан безген әке-шешелер қатары артып барады. Балалық шақтың дәуренін емес, кермек дәмін тартып, анасының ыстық құшағы мен аялы алақанының жылуын сезіне алмай өсіп келе жатқан қаншама бала бар. Олар балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Перзентінің жанарын жәудіретіп кете барған, өзі тасбауыр ана атанғандардың жайы өзекке өкініш ұялатады. Қазақ ежелден жетімін жылатпаған, жесірін тентіретпеген халық. Алайда, өркениеті дамыған біздің елде жетімдер мен қарттар үйінің саны жылдан жылға артып келеді. Бұл қоғамның қасіреті, ащы да болса шындығы.
«Ата көрген оқ жонар, әке көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әр әсер мол. Тәрбиеге әсер ететін өскен орта мен ата- ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді жұқтырады деп ойлаймын.Отбасындағы ата- ананың мінез- құлқы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанысы десем артық айтқаным емес шығар.
Қазақта тағы бір жақсы мақал бар «әкеге қарап қыз өсер,шешеге қарап қыз өсер».Иә,менде әкеме қарап бой түзеп келемін.Ер бала әкесімен сырлас,жолдас,дос демей ме?Мен де әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкеммен ақылдасамын.Әрине,әке иығына отбасының бар тағдыры мен тауқыметі жүктелген.Ал мен сол әкемнің жасаған бар жақсылық,өнеге-тәрбиесін бойыма сіңірудемін.
Қорытындылай келе айтарым, Әрбір атқан таң мен батқан күннен бақыт тілеген адам мұратына жетеді. Бәрінен де керемет кез ол біздің бақытты балалық шағымыз. Қайран, балалық шақ,бала күніңіздің естеліктерін, сол кездегі арман-тілектеріңізді, қиял әлемінің көрінісін туралы айтсақ түн атырамыз.Себебі, бала өмірінің әр парағы қызыққа толы. Оған қоса, ата-анамыздың қамқорлығы, жақындарымыздың мейірімі, ата-әжеміздің жүрегі елжірей еркелетіп, берген тәрбиесі де тілге тиек етуге тұрарлық зор дүние.
Достарыңызбен бөлісу: |