Біздің балалар ұйымымыз 2002 жылы №3 жбб орта мектепте Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев атындағы пионер дружинасы құрылды. Дружина ұраны :«Отан үшін, ізгілік және әділет үшін!»



Дата18.11.2016
өлшемі15,66 Kb.
#1991
Біздің балалар ұйымымыз
2002 жылы № 3 ЖББ орта мектепте Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев атындағы пионер дружинасы құрылды. Дружина ұраны :«Отан үшін, ізгілік және әділет үшін!» . Дружина құрамында «Балдырған», «Жасұлан» балалар топтары бар. Әр ұйымның өздерінің ұраны, рәмізі, ерекше белгісі бар.

«Балдырған» балалар тобына 9-11 жастағы оқушылар кіреді. Белгісі – «Алтын дән». Бұл бірліктің, достықтың, үміт пен ертеңгі күнге және өз мүмкіндіктеріне сенімділіктің белгісі. Балдырғандықтар көп еңбектенетін, жұмыстанатын, адамдарға, қоршаған ортаға қуаныш сыйлауға дайын, алдына қойған мақсатқа жететіне сенетін адамдар ғана бақытты бола алатынын біледі.

«Жасұлан» балалар тобына 12-14 жастағы балалар кіреді. «Жасұлан» - «Балдырған» бағдарламасын жетік меңгерген , жаңалыққа үйренуге, өзін-өзі жетілдіруге, өз тәжірибесімен бөлісуге дайын балалардың пионерлік өмірінің бағдарламасы. Бұл топ белгісі – алтын шұғыла. Бұл белгі адамдарды түрлі түсті нұрмен көркейтеді.

Пионер ұйымының жұмысы жанжақтылығымен ерекшеленеді. Бұл – мейрам, митинг, ойын, экскурсия және т.б. Әрбіреуі өздігінше қызықты және тәрбиелік мәні мол шаралар.

Біздің дружинаның топтық жұмысының негізгі түрі – жиын.

Жиын - өзін-өзі басқарудың жоғары органы. Жиында дружинаның барлық маңызды істері шешіледі: міндеттер мен жоспарлар бекітіледі, белсенділер іріктеліп, олардың есептері тыңдалады, пионерге қабылдау өткізіледі. Жиындар аптасына 1 рет 30-40 минут ішінде, кейде салтанатты түрде өткізіледі.

Салтанатты жиындар – 1- сынып оқушыларының «Балдырған» қатарына, 5- сынып оқушыларының «Жасұлан» қатарына қабылдау және мерейтойлар өткізу рәсімдері.

Жай жиындар – күнделікті мәселелерге байланысты апта сайын өтетін жиындар, есеп-сайлау, қорытынды жиындар.



Жасұландардың ерекше белгісі – көгілдір түрлі галстук. Әр топ өмірі балаларға үлгі болатын батырлар атында. Мысалы: 6 «д» сынып – М.Маметова, 6 «г» сынып – Т.Әубәкіров , 7 «д» сынып – Ю.Гагарин атында. Батыр атын оқушылар өз сыныптарының шешімі бойынша таңдайды. Әр сыныптың өз альбомы бар. Өз альбомдарында Батырдың өмірбаяны, сынып тізімі, белсенділер және жетістіктер - мадақтау қағаздары, дипломдар жинақталады. Әр топ өздері таңдаған Батыр атын жақсы білімдерімен мадақтау керектігін біледі.
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет