Біздің келешек ұрпақ соғысты білмесін деме,білсін,бірақ көрмесін деп тіле



Дата17.05.2020
өлшемі14,85 Kb.
#69246
Байланысты:
Эссе


《Біз соғысты көрген жоқпыз》(Эссе)

"Біздің келешек ұрпақ соғысты білмесін деме,білсін,бірақ көрмесін деп тіле"- деп еді ғажайып ақын Меңдекеш Сатыбалдиев.Рас сөз!

Біз соғысты көрген жоқпыз.Көрсетпесін де!

Соғыс біреуге соғыс болса, біреуге ырыс.Талай сатқындардың басына беймезгіл келіп қонған көзі соқыр бақ та болды соғыс!

Соғыс! Суық сөз! "Қырқыншы жылдары біздің елде бала болған жоқ"-дейді Дулат Исабеков.Бала болмады емес,болды,балалық шақ болмады.Тылдағы еңбектің жөні бөлек.Мақсат,мүдде-ортақ!

Қолы қимылдағанның ғана аузы қимылдайтын заман болды.

Ғұмырының жартысы жоғалған нанмен бірге кеткен қаншама адамдар болды! Ал,майданда жүрген жауынгерлердің көргенін,түйгенін қанша жерден зерттесек те,сезіне алмаймыз-ау?! Бауыржан Момышұлы: "қандай жазушы,қандай ақын болсаң да майдандағы солдаттың психологиясын тамыршыдай тап басып бере алмайсың"-деп еді.Мұның барлығын не үшін тілге тиек етеміз?

Иә,адам баласы көзімен көріп,көңіліне тоқымай ештеңенің байыбына бара бермейді ғой.Бірақ,бұл соғысты көрсін деген сөз емес.Ең құрығанда,сол ерлердің,сол замандағы тыл адамдардың еңбегінің қадірін білсін дегені де.

Біздің ақындар мен жазушылардың шығармаларынан соғыс тақырыбына тоқталмағаны кемде-кем шығар,сірә?

Барлығы майдан ауыртпалығын,елдің еңбегін,балалардың көрген зорлық-зомбылығын ашынып жазып оқырманды сүйсінтеді.Демек,ерлікті,даңқты,жеңісті насихаттау дегенің әдебиеттің қолынан келетін іс болғаны.Құр ұрандау мен барабан соға беру бізде дәстүрге айналған.Ал,кітап оқитын адам аз! Міне,мәселе қайда?!

Ақпараттық соғыс дегенің өршіп тұр!

Бірақ,ешқандай ерлік жасап жатқанымыз жоқ.Демек,біз тарихымызды,бабаларымыздың ерлігін білу арқылы ғана өзіміздің дәуір әдебиетін,тарихын қалыптастырмаймыз ба? "Жауыз,қатыгез болу оңай,тек бастаушың болсын"-дейді Сайын Мұратбеков.Сол бес жылға созылған соғыс бір ғана қатыгез адамнан шықпады ма?! Аты баршаңызға мәлім!



Біз соғысты көрген жоқпыз! Көрмесек екен..

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет