Отбасы өмір аясы: [сценарийлер топтамасы.]/Созақ аудандық орталық кітапханасы; Кітапхананы дамыту бөлімшесі; [құраст. Э.Бейсехулова, Г.Жонаева]. – Шолаққорған: [б.ж.], 2020.
Құрастырушы: Кітапхананы дамыту бөлімшесінің
басшысы Э. Бейсехулова, әдіскер Г. Жонаева
Отбасы – өмір аясы
Мақсаты: Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, рухани тазалыққа баулу. Отбасы мен ата-ананы бағалауды үйрету.
1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар!
2-Жүргізуші: «Отбасы - өмір аясы» атты кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.
2-жүргізуші: Әке мен ана – шаңырақтың тірегі. Адам баласының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді
1-жүргізуші: Әке деген - биік шыңы адамның,
Әке деген - тірегі ғой ғаламның,
Әке деген – бойыңда аққан қаныі да,
Шыққан тегің, ол негізің, жаның да.