Біздің заманымыздың батырлары. Олар кімдер?
Батыр – елі үшін жаумен соғысқан, ер жүрек, қаһарман, қайтпас қайсар жан. Яғни, олар ұлттың биік тұлғасы. (Кіріспе (тақырыпқа қатысты түсінік беру сөйлемі, ой үзігі) Бұл тақырып өте өзекті, себебі еліміздің, халқымыздың тыныштығын сақтап, шекара аймағын қорғап, ел арасында тәртіп орнатып, төтенше жағдайлардың алдын-алып жүрген батырларымыздың еңбегі оразан зор. (Тақырыптың, сұрақтың өзектілігін айқындайтын сөйлем) Қазіргі заманның батырлары – тек шындық туын көтеріп жүрген, жарқын болашықты аңсайтын жандар. (Тезис) Осы эссемде нақты аргумент келтіре отырып, қазіргі заманның батырларының ерен ерліктерін жазуды жөн санаймын. (Кіріспе бөлім мен негізгі бөлімді байланыстыратын сөйлем)
Қазіргі заман бытырларының бірі – еліміздің БАҚ өкілдері. Себебі, олар шындыққа тік қарайтын, өткір тілдерімен әлділетсіздікке қарсы тұра білетін адал жандар. (Тезиске қатысты пікір) «Майы шыққан өтіріктен гөрі, қаны шыққан шындық артық» деп, адалдық жолында жан аямай, халықтың мұң-мұқтажын еш жасырмастан ашық жариялап, жарқын болашақ үшін әділет жолында күресуде. Халықтың көкейінде жүрген көп өзекті мәселелерді көтеріп, шындық шымылдығын ашып берді. Өтіріктің уын ішкенше, шындықтың шырайын келтіргенді жөн көреді. (1-аргумент) Осындай БАҚ өкілдерінің еңбектерінің арқасында көптеген шешілмей тұрған мәселелердің күрмеуі шешілуде. (Абзацты қорытындылайтын сөйлем)
Сонымен қатар, елімізде соңғы жылдарда орын алған пандемия кезінде адам жанына араша түскен ақ халатты абзал жандар мен шәкірттеріне қашықтықтан инемен құдық қазғандай білім нәрімен сусындатқан ұлағатты ұстаздардың еңбектері орасан зор. (Тезиске қатысты пікір) Бұл пікірме әлеуметтік желілерде, ғаламторларда жарияланып жүрген сазгерлер мен ақындардың әндері дәлел бола алады. Мысалы: И.Ескендірдің әніне, С.Әуезханның сөзіне жазылған «Біз біргеміз» әні қиын-қыстау кезінде халқымызға күш-жігер берген әнұран болды. (2-аргумент) Ақ халатты абзал жандардың еңбектерін еңбекақыларына үстемақы қосылып, ұстаздардың еңбектеріне ата-аналар тарапынан алғыстар жеткізілді. Елбасымыз Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың көрегендігінің арқасында қазақ халқы жер әлеміне келген нәубетке төзе білді. Дана халқымыз «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деп бекер айтпаса керек-ті. (Абзацты қорытындылайтын сөйлем)
Қорытындылай келе, қазіргі заман батырлары өздерінің ерен еңбектерін келешек ұрпаққа аманат етіп тапсырады деген ойдамыз. (Тезиске қатысты пікір) Еліміз үшін ағымдағы жыл «Балалар жылы» болғандықтан, болашақ ұрпақты ұлтжанды, адал, білімді, қайсар, батыр етіп тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз. (Эссені қорытындылаушы ой түйіні) Менің ойымша, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз елінің патриоты! (Эссені аяқтау ерекшелігі)
Достарыңызбен бөлісу: |