2
3
Кіріспе
Бұл оқу-әдістемелік кешен оқу орындарында оқитын Мәдениеттану және
психология
пәнінен жалпы білім алатын студенттерге арналған. Мәдениеттану
тұтас қоғамды зерттейтін ғылым болғандықтан, еліміздің барлық оқу
орындарында міндетті курс ретінде оқытылады.
Мәдениеттану адамзат қоғамын, оның құрылымын, даму заңдылықтарын,
адамдардың іс-әрекетін зерттейді. Сондықтан да оқу-әдістемелік кешен
қоғамның пайда болуы, қалыптасуы мен дамуы туралы ілімдермен бірге
мәдениеттану ғылымының даму тарихын, қоғамның әлеуметтік құрылымын,
жіктелуін, әлеуметтік топтар мен бірлестіктердің, ұйымдардың жағдайын,
адамдар іс-әрекетінің мәнін және оның түрлерін, қоғамның мәдени, рухани,
экономикалық салаларының дамуын түсіндіретін сұрақтарды қамтыған.
Жоғары оқу орындарында мәдениеттанудың оқытылуы жалпы саяси,
эмпирикалық бағыттар негізінде қоғамдық және саяси-әлеуметтік оқиғаларды
зерттеуді қалыптастырады, соның нәтижесінде студенттердің саяси мінез-
құлқын және мәдениетін жетілдіреді.
Оқу-әдістемелік кешенді пайдалана отырып, Мәдениеттану және
психология курсын оқуда сіз өзіңіз күнделікті өмірде араласып, қатысып, көріп
жүрген құбылыстар мен үрдістерді ғылыми деңгейде түсінуге және
ғалымдардың зерттеулерін білуге толық мүмкіндік аласыз.
Мәдениеттану және психология пәні қоғам мүшесі ретінде сіздің өзіңізді
толғандыратын сұрақтардың шешімін табуға, ал осы курс аясында алған
біліміңізді болашақта кәсіби маман иесі, ұйымдастырушы, басқарушы, мәдени,
саяси және әлеуметтік институттар мен қауымдастықтардың мүшесі ретінде өз
көзқарасыңыз бен ұстанымыңызды қалыптастыруда қажеттілігіңізге жарата
аласыз деп ойлаймыз. Себебі, мәдениеттану, психология ғылымдарының өзі
адамдарды басқару, әлеуметтік тәртіпті қамтамасыз ету, өзімізді және өзге
адамдарды түсіну қажеттілігінен пайда болған еді.
Достарыңызбен бөлісу: |