Blue Modern Illustrated covid-19 Medical Presentation, копия



Pdf көрінісі
Дата27.02.2023
өлшемі6,8 Mb.
#170326
түріПрезентация
Байланысты:
Онкология Досжанова



ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРДАҒЫ
ӘР ТҮРЛІ СИМПТОМДАРДАҒЫ
КӨМЕК КӨРСЕТУ ЕРЕКШЕЛІГІ
ПРЕЗЕНТАЦИЯ


Біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемде,
өкінішке қарай, онкологиялық аурулардың
түрі де, оларға шалдыққан науқастардың саны
да көбеюде. Көптеген адамдардың бұл
диагнозды үкім ретінде қабылдайтыны рас.
Бірақ қазіргі заманғы медицина мен ғылым
онкологиялық аурулардың басым бөлігін
емдеуге мүмкіндік береді.
Кіріспе:


«Астана қаласы бойынша онкологиялық аурулар
бойынша 2018 жылы 3 782 678 теңге бөлінсе, осы
жылы, яғни 2019 жылы 4 708 215 теңге бөлініп отыр.
Сондай-ақ, онкологиялық бағдарламалар
шеңберінде қосымша қаражат қарастырылған»
дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының
директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.


ОНКОЛОГИЯ ҰҒЫМЫ:
Медицина тілінде онкология - гректің «қатерлі ісік
және ілім» деген сөзін білдіреді. Обыр жасушасы тез
өсіп, белгілі бір уақытта қан және лимфа тамырлары
арқылы ағзаның мүшелеріне тарайды немесе
балалайды. Сөйтіп, жылына жер бетінде
миллиондаған адамдардың өмірін жалмайды. Бұл
көрсеткішті азайту жолында дәрігерлер қолдан
келген мүмкіндікті жасауда.


АЛ ӘР АДАМ ӨЗ ТАРАПЫНАН НЕ ІСТЕЙ АЛАДЫ?
Дәрігерге дер кезінде қаралу арқылы аурудың қаупін азайта алады. Егер дер кезінде
скринингтік зерттеулер жүргізілсе онкологиялық аурулардың басым бөлігін ерте анықтауға
болады. Обырды дер кезінде анықтау ем-домның нәтижесін арттырып, пациенттердің өмірін
ұзартуға, өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Мысалы, сүт безі обырын бастапқы
кезеңде анықтаған жағдайда науқастардың 94 пайызын толық емдеп жазуға болады.


Кейбір азаматтар онкология диспансеріне жіберген кезде қорқып, 3-
4 ай немесе 1-2 жылға дейін бармай, аты жаман ауруды өздері өршітіп
алады. 1-2 жыл жүргеннен кейін қатерлі ісікті тоқтату қиын, ары қарай
өсе береді. Басқа бір факторлар әсер ететін болса, тіпті қиын. Кейбір
науқастар ісікті қыздырады немесе массаж жасайды.


Қатерлі де, қатерсіз де ісіктерді олай үгіп, уқалап (массаж жасап),
басқа нәрселермен қыздыруға мүлдем болмайды. Ондайда қатерлі
ісік өрши береді. Өршіген сайын жасалған емнің де тиімділігі
төмендей береді. Науқастар дәрігерге обырдың жаңа басталып
келе жатқан сатысында келетін болса, тағайындалған емнің
тиімділігі, нәтижесі жоғары болады.


Қатерлі ісіктің қайдан пайда
болатынын дөп басып айту қиын.
Қатерлі ісіктің пайда болғаны,
өкінішке орай, адамға бірден
білінбейді. Тек ісік өскен кезде,
жан-жағындағы үлкен жүйке
талшықтарын, тамырларын немесе
асқазан, тік ішек, т.б. секілді ағза
мүшелерінің саңылауын жапқан
кезде ғана байқалады.


Қатерлі ісіктің пайда болу
ошақтарының бірі -
созылмалы аурулар.
Сондықтан созылмалы
ауруларды уақытылы
емдеткен дұрыс. 


2018 жылдың соңындағы есеп
деректері бойынша, Астанада
9665 адам қатерлі ісік
бойынша диспансерлік есепте
тұр. Оның 1846-сына қатерлі
диагноз алғаш рет қойылған.


АЛДЫН
 
АЛУҒА
 
БОЛА
МА
?
Әрине. Профилактикалық тексерулер
мен скринингтерден өтіп тұрыңыз.
 «Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы
бойынша филиалының директоры
Нұрлыбек Қабдықапаровтың
айтуынша, 2019 жылы, жалпы,
профилактикалық тексерулер үшін 237
млн 342 мың теңге бөлінген.


НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ
!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет