«Болашақтың есігін ашатын бес кілттің бірі – білім ошақтары». Н.Ә. Назарбаев
Дата 12.03.2017 өлшемі 16,19 Kb. #11588 түрі Сабақ
Хлордың оттекті қышқылдары . Йод «Болашақтың есігін ашатын бес кілттің бірі – білім ошақтары». Н.Ә.Назарбаев А) білімділік: оқушыларға галогендер туралы толық мағлұмат беріп, оларды сапалық химиялық реакциялар жолымен анықтап, тани білуге үйрету; Ә) дамытушылық: оқушылардың ғылыми түсініктерін дамыту; Б) тәрбиелік: қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеп , химия өндірісі туралы бағыт-бағдар беру. І Ұымдастыру ІІ- Ой қозғау Тест тапсырмасы ІІІ – Мағынаны тану Жаңа тақырып ІV- қорытынды V- Үйге тапсырма VІ- оқушыларды бағалау 1.Осы затпен ескі үйді аластайды,түсіне қарасаң алтынға ұқсайды бұл не деп ойлайсыңдар? 3. Озон қабатының жұқаруы және оны шешу жолдары . 4. Не себепті теңіз суын «сұйық кен » деп атайды ? 5. Сутек , хлор , азотты пайдаланып қалай аммоний хлоридін алуға болады ? Сәйкес химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар . 6.«Ойлан, тап» зертханалық жұмыстарда қауіпсіздік ережесін сақтауға байланысты сөйлемді құрастыру керек. Жасырын сөйлем: Жауабы: Хлормен жұмыс істегенде тәжірибені тартпа шкафта жасау қажет Хлордың оттекті қышқылдары . Йод 2KMnO4 + 16HCl → 2KCl + 2MnCl2 + 5Cl2 + 8H2O Хлор суда ериді. Хлордың судағы ерітіндісі хлор суы деп аталады. Бірақ хлорды суда еріткенде оның шамамен 1/3 бөлігі сумен әрекеттесіп, екі қышқыл тұз қышқылын және хлорлылау қышқылын түзеді. СI2 + H2O→ HCI + HCIO HCIO = HCI + O CI2 + Ca(OH)2 = CaOCI2 + H2O Қыздырылған калий гидроксиді арқылы хлор жібергенде бертолле тұзы түзіледі . 6KOH + 3С12 = KCIO3 +5KCI + 3 H2 O (ыстық сілті) 2KOH + С12 = KCIO +KCI + H2 O (суық сілті) Өршіткісіз абайлап қыздырғанда калий перхлоратына ыдырайды Хлордың оттекті қышқылдары және оның тұздары +1 +3 +5 +7 HCIO HCIO2 HCIO3 HCIO4 Тотықтырғыш қасиеттері кемиді Кімге : 10“А” сыныбына «2050-дің біз барысымыз, Жетістікке бастайды әр ісіміз. Өркениетті елімізді көркейтетін Химияны оқу парызымыз.» Кімнен: Менделеев үйі,7 подъезд, 5 қабат, 53 пәтерінде тұратын элементтен. «Хлорид- ионға сапалық » реакция зертханалық тәжірибе 1л теңіз суының құрамында 27,6 г натрий хлориді , 0,8г калий хлориді , 3,2 г магний хлориді бар . Егер 1 л теңіз суын буландырғаннан кейін түзілген қалдықты күкірт қышқылымен өңдесе , хлорсутеутің қанша массасын алуға болады ? §8.21- 8.22 №3 есеп 278 бет VII топтың негізгі тошасындағы элементтерге сипаттама беріңіз. Cl2 молекуласының түзілу сызбасын жазыңыз , қандай байланыс тән? Галогендердің бірін-бірі ығыстыруына, сәйкес реакция теңдеуін жазыңыз. Хлор атомының тотығу дәрежесі +3, +5, +7 болып өзгеретінін түсіндіріңіз? Тотықтырғыш сөзіне түсініктеме беріңіз. Хлорсутектің физикалық қасиеттерін сипаттап айтып беріңіз? Галогендердің сутекті қосылыстарының тұрақтылығы қалай өзгереді? F, Br, I жалпы физикалық қасиеттеріне сәйкес сипаттамасын айтып беріңіз? Галогендердің ішіндегі ең белсендісі қайсысы? Себебін түсіндіріңіз?
Достарыңызбен бөлісу: