БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІПОРЫННЫҢ ОРНЫ
1-ТАҚЫРЫП. КӘСІПОРЫН-ШАРУАШЫЛЫҚ ОБЪЕКТІСІ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ БУЫНЫ РЕТІНДЕ.
Шешуші сөздер- кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қызметтің субъектілері, міндеттері, функциялары, ұйымдық-құқықтық нысандары.
Мақсаты: кәсіпорын-шаруашылықты жеке жүргізетін субъекті және нарықтық қатынастардың негізгі жүргізушісі. Өндірістік кәсіпорындардың негізгі белгілері, кәсіпорынның басты міндеттері және функцияларын қарастыру.
Жоспары:
1. Кәсіпкерлік қызметтің мәні және ерекшеліктері.
2. Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық нысандары
3. Кәсіпкерліктің негізгі түрлері мен салалары және олардың ерекшеліктері
1. Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың «өз ісіне» деген табиғи ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл қызметтің ерекше түрі – кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеп соғады.
Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған 6ipлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық кызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған iciн аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, Ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме сату, инновацияшылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б. коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар бола алады: Қазақстанның азаматтары; шетел мемлекетінің азаматтары; адамдардың бipiгyi (кәсіпкерлер ұжымы)
Кәсіпкердің мәртебесi заңды және заңды тұлғалар мемлекетік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері ұлттық заңдармен реттеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының заңдарымен реттелетіндер:
• кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы, кәсіпорындар құру және олар ушін қажетті муліктер сатып алу;
• барлық субъектілердің рыноктағы материалдың еңбек, ақпарат және табиғи ресурстарға қол жеткізудің теңдік құқығы;
• меншік түрлеріне және ұйымдастыру-құқықтық формасына қарамастан кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы;
• кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз айыруды қорғау;
• кәсіпкерлік саласындағы бекілген шегінді еркін таңдау;
• нарықтың монополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар өндірушілердің бәсекеге сәйкес қарауына жол бермеу.
Нарықтық экономика жүйесінде әртүрлі меншікке негізделген кәсіпорындардың ұйымдық – құқықтық нысандары жұмыс істейді. Кез – келген кәсіпорынның құқықтық негізі кәсіпкерлік болып табылады.
Кәсіпорынның ұйымдық - құқықтық нысаны келесілермен анықталады:
Қазақстанда кәсіпорындардың барлық ұйымдық – құқықтық түрлерінің құқықтары мен мүмкіндіктері бірдей және заңдық тұрғыдан кепілдендірілген. Бірақ, кәсіпорындардың әрқайсысысының өз артықшылықтары мен кемшіліктер бар.
Заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес кәсіпорындар нысандарында құрылуы мүмкін. Коммерциялық ұйымдарға шаруашылық серіктестіктер, өндірістік кооперативтер, акционерлік қоғамдар, мемлекеттік кәсіпорындар жатады.
Кәсіпкерлік қызмет алуан түрлі. Кез – келген бизнес қандай да бір дәрежеде ұдайы өндірістік циклдың негізгі фазаларымен – өнімдер мен қызметтерді өндірумен, тауарларды айырбастау және бөлумен, оларды тұтынумен - байланысты болғандықтан кәсіпкерлік қызметтің келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады: өндірістік, коммерциялық, және қаржылық кәсіпкерлік.
Сонымен қатар, соңғы онжылдықта әлемнің барлық экономикалық тұрғыдан дамыған елдерінде кәсіпкерліктің өз бетінше қалыптасқан түрі пайда болды, ол кеңес беруші (консалтинг) кәсіпкерлік.
Өндірістік кәсіпкерлікті кәсіпкерліктің жетекші түрі деп атауға болдаы. Мұнда өнім, тауарлар өндіру, жұмыс жасау мен қызмет көрсету жүзеге асырылады,белгілі бір рухани құндылықтар қалыптасады. Коммерциялық сипаттағы кәсіпкерлік ең алдымен, онда негізі рөлді тауарлы – ақшалай, тауарлы – айырбас операциялары атқаратындығымен сипатталады. Кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі ретінде оның қаржылық (қаржы - несиелік) түрі болып табылады. Оның қызмет ету саласы – құн айырбасы, айналымы. Қаржылық қызмет өндірістік, коммерциялық салаларға да әсер етеді, бірақ өз бетінше қызмет етуі мүмкін: банктік, сақтандыру және т.б. Соңғы жылдары Қазақстанда кеңес берушілік (консалтинг) кәсіпкерлік сияқты болашағы бар қызмет аясы кеңінен дамуда.
Достарыңызбен бөлісу: |