Боранова Н. ол адамның аты жөнін айтыңыз деген сұрағына мардымсыз жауап алды



Дата05.01.2023
өлшемі15,43 Kb.
#165041
Байланысты:
орропор
ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯГА КИРИСПЕ

Сонымен қатар, К. Мукашев екі үш күндікдікте барлық сұрақтар шешілуін талап етті, яғни барлық мекеме бойынша қанша вакансия берілетіндігі туралы ақпарат беруін талап етті.
Хасанов Д. К. барлық мәселенің мән жайын білетіндігін, біртіндеп компаниялардың ақпараттарын беріп жатқанын және ары қарай басқа мекемелерге сөз беруін сұрады. Сонымен қатар алдағы уақытта босаған вакансиялар бойынша сұрақтар тек қана аудан әкімдігі арқылы жүзеге асырылатындығын айтты.
Ары қарай Қарақия ауданы тұрғыны наразылығын жалғастырып, жақын арада танысының ТОО Технотр жұмысқа кіргендігін айтты
Боранова Н. ол адамның аты жөнін айтыңыз деген сұрағына мардымсыз жауап алды.
Хасанов Д. Бұл наразылықтар туралы Беков К мырзаға жұмысқа алынған тұрғындардың есебін беріп, ары қарай болған қателіктерді қайталамай жұмыс жасалуын қадағалауды тапсырды.
Боранова Н. басқа ауданнан жұмысқа алынған адамдардың үш ай мерзімге алынғандығын баяндады.
Қарақия ауданы тұрғыны ТОО ТЕХН бойынша сұрақты қайта көтеріп, неліктен жұмысқа басқа өңірден адам алынғандығын сұрады.
Хасанов Д. Бұл сұрақ қайталанып жатқандығыын, осыған дейін бұл сұраққа жауап берілгендігін ескертіп, Боранова Н. ханым Беков К мырзаға барлық жұмысқа алынған азаматтар туралы есеп беруін бұйырды. Бұдан былай аудан әкімінің келісімінсіз ешқандай адам жұмысқа алынбайтындығы туралы кепілдік беруін ескертті.
Қарақия ауданы тұрғыны жалпы қанша жұмыс орны бөлінгендігі туралы ақпаратты беруін және осы ақпаратты сыртта да күтіп тұрған азаматтар бар екенін айтты. Хасанов Д ары қарай келесі мекемелерге сөз беруін, яғги ТОО оск басшысын жалғастыруын сұрады.
Қарақия ауданы тұрғыны бұл жағдайдың 2014 жылдан бастау алып, аудан халқының жағдайы төмендегенін, бұдан былай 5/50, 30/70 сынды бағдарламалар белең алып, жұмысшыларды қудалаулар жүзеге асырылғанын мәлімдеді. Осы сұрақтар бойынша қаңтар оқиғасынан кеиін көтеріліске шыққандарын айтып жеткізді.
Қарақия ауданы тұрғыны мекеме басшыларының сөзін бөлмей, барлық мердігер мекемелер басшыларымен кездестіру туралы талабымыз орындалып, бүгін жиын болып жатырғанын айтты Сондықтан кө уақыт алмай мердігер мекемелер ұсынған бос жұмыс орындар туралы ақпаратты айтуларын сұрады. Сонымен қатар не себепті мекеме профсоюзы арқылы адам жұмысқа алынатындын сұрады.
Хасанов Д. Ендігі жерде нақты жұмыс жасап, барлық мекеме басшыларына қандай бос жұмыс орындары бар, олар қалай жұмысқа алынады және сырттан жұмысқа алу деген мәселенің қайдан шыққандығы туралы мәлімдеме жасауларын өтінді.
Ары қарай сөзді ОСК мекеме басшысы жалғастырып, жыл соңына дейін 34 бос жұмыс орнын ашу туралы міндеттеме алғандығын айтты. Қазіргі таңда Маңғыстау мен Қарақия аудандарын қосқанда 9 адам жұмысқа алынғандығын мәлімдеді. Алдағы уақытта мердіген мекеме Демеу и К мекемесінде қосымша бос орындар ашылатындығын айтты.
Қарақия ауданы тұрғыны Қарақия мен Маңғыстау аудандарын қоса алғанда 34 адам болатынындығын сұрады.
Берден мердігер мекеме мен қоса алғанда жалпы 14 адам жұмысқа алынғандығын айтты.
Хасанов Д. Жыл аяғына дейін 20 адам жұмысқа алатындығын айтты.
Қарақия ауданы тұрғындары наразылық тудырып, оск мекемесі бұрғылау жұмыстарын техникалық қауіпсіздікке сай жсамайтындығын, осы орайда Жетыбай елді мекеніне экологиялық зиян тигізетіндерін айтты. Сонымен қатар көгалдандыру бойынша жұмысқа ат салыспайтындықтарын айтты. Бұдан былай 1 скважина қазсаңдар, 30 тал егулерін талап етті.
Қарақия ауданы тұрғыны ОСК мекемесіне қатысты жыл соңына дейін жұмысқа алатын адамдардың көрсеткіші өте аз екенін айтты
Таласбаев Н Қарақия ауданы тұрғыны ОСК мекемесі әрбір скаважина санына он тал, егіліп, 34 емес оданда көп адам жұмысқа алынц керектігін айтты. Жиналған тұрғындар болып ОСк мекемесінің штаттық орындарына жұмысқа тұрғызуын талап етіп, ол талап орындалмаған жағдайда мекеме жұмысын тоқтатуға баратындығын айтты. Және аутсорсинг емес оск мекемесінің штатына жұмысқа алынуын талап етті. Сонымен қатар радияция кесірінен болған мүгедек балалардың көптеп туылуына байланысты, оңалту орталығына орын жетпейтіндігін мәлімдеді. Осыған орай ешбір мекемеден оңалту орталығына қаржылай көмек көрсетілмейтіндігін айтты.
Каракушиков Б. Қарақия ауданы тұрғыны АРБД директоры Бердалиев К өте жақсы лебіз танытып күтіп алып жүргені үшін рақметін айтты. Сонымен қатар 5/50 мәселесін көтерді.
Хасанов Д. 5/50 бағдарламасы бойынша сұрақтар көп екендігін, бұл мәселе бойынша ақылдасатын мәселе екенін айтты.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет