|
Бұрыш. Бұрыштың градустық өлшемі
|
Дата | 13.01.2022 | өлшемі | 180,21 Kb. | | #129286 |
| Байланысты: 143 сабақ. Бұрыш. Бұрыштың градустық өлшемі Бұрыш. Бұрыштың градустық өлшемі Оқу мақсаты: 5.1.2.27 Бұрыш және оның градустық өлшемі ұғымдарың меңгеру,бұрыштарды белгілеу және салыстыру Бағалау критерийлері - Бұрыш және оның градустық өлшемі ұғымдарын меңгереді және белгілейді.
- Бұрыштардың түрлерін ажырата алады.
- Бұрыштың градустық өлшемін табады және бұрыштарды салыстыруға есептер шығара алады.
Қайталау:(алдыңғы білімдерін еске түсіру мақсатында). Төмендегі фигуралардың атын атау А● В ● С Е ● ● К Бұрыштар. А А А О С О С О С Сұрақтарға жауап береміз. 1.Суреттегі барлық фигураларға қандай белгілер ортақ? 2. «Бұрыш» деп аталатын геометриялық фигураның анықтамасын тұжырымдаңдар? 3.Бүрыштың қабырғалары деп нені айтады? 4.Бұрыштың төбесі деп нені айтады? Өзіңді өзің тексер: 1.Суретте кескінделген фигуралардың әрқайсысы бір нүктеден басталатын екі сәуледен құралған 2.Бір нүктеден басталатын екі сәуледен құралған фигура бұрыш деп аталады. Бұрыштың белгіленуі < 3.Бұрышты құрайтын сәулелерді осы бұрыштың қабырғалары деп атайды. ОА,ОВ сәулелері АОВ бұрышының қабырғалары 4.Сәулелер басталатын нүктені бұрыштың төбесі деп атайды. О нүктесі АОВ бұрышының төбесі Бұрыштар екі тәсілмен белгіленеді: 1 тәсіл: Бұрыш үш бас әріппен белгіленеді. Бұрыштың төбесін белгілейтін әріп ортасында жазылады < АОВ , оқылуы АОВ бұрышы. 2 тәсіл:Бұрышты оның төбесіндегі бір бас әріппен де белгілейді. оқылуы Е бұрышы.
1 градус - бұрыштың өлшем бірлігі.
Бұрыштың градустық өлшемі дегеніміз-берілген бұрышта неше градустық бірлік бар екенін көрсететін сан.
Биссектриса дегеніміз – төбесінен бастап бұрышты тең екі бұрышқа бөлетін сәуле.
1 тапсырма: Суреттегі барлық бұрыштардың атын жазыңыз. Осы бұрыштардың ішінен ең кіші бұрыштарды көрсетіңіз Дескриптор: - суреттегі барлық бұрыштарды жазады; - ең кіші бұрышты белгілейді.
1 тапсырманың жауабы:
Сүйір бұрыштар: < АОВ , < СОД ,
< ДОЕ , < СОЕ
Тік бұрыш: < ВОС
Доғал бұрышы: < АОС, < АОЕ , < ВОД , < ВОЕ
Жазыңқы бұрыш: < АОД
Ең кіші бұрыш < ДОЕ
2 тапсырманың жауабы:
< ВАД =280
< ДАЕ = 280
< ЕАС =160
< ВАС = 280 + 280 +160 = 720
2 тапсырма:
Дескриптор:
- барлық бұрыштарды жазады;
- бұрыштардың градустық шамаларын жазады.
|
Суретте бейнеленген барлық бұрыштардың градустық шамаларын жазыңыздар және <ВАС –ның градустық өлшемін табыңыздар
Қалыптастырушы тапсырма: Тұжырымдарға «Ия», «Жоқ» деп жауа бер.
1.Бір нүктеден басталатын екі сәуледен құралған фигураны бұрыш деп атаймыз.
2.Градустық өлшем дегеніміз берілген бұрышта неше градустық бірлік бар екенін көрсететін санды айтады.
3.Бұрышты құрайтын сәулені бұрыштың төбесі деп атайды.
4.Қабырғалары қарама-қарсы сәулелер болатын бұрыш жазыңқы бұрыш болады.
5.Тік бұрыштан үлкен, бірақ жазыңқы бұрыштан кіші бұрыш доғал бұрыш деп аталады.
6.Бұрыштың қабырғалары кесінділер болады.
7.Бұрышты градус есебімен өлшеу үшін градусник қолданылады .
8.Толық бұрыштың гралустық өлшемі 180гоадусқа тең
9.Кез келген доғал бұрыш сүйір бұрыштан үлкен.
10. 179 градус доғал бұрыш.
Дұрыс жауабы 1.Бір нүктеден басталатын екі сәуледен құралған фигураны бұрыш деп атаймыз. иә 2.Градустық өлшем дегеніміз берілген бұрышта неше градустық бірлік бар екенін көрсететін санды айтады. иә 3.Бұрышты құрайтын сәулені бұрыштың төбесі деп атайды. жоқ 4.Қабырғалары қарама-қарсы сәулелер болатын бұрыш жазыңқы бұрыш болады. иә 5.Тік бұрыштан үлкен, бірақ жазыңқы бұрыштан кіші бұрыш доғал бұрыш деп аталады. иә 6.Бұрыштың қабырғалары кесінділер болады. жоқ 7.Бұрышты градус есебімен өлшеу үшін градусник қолданылады . жоқ 8.Толық бұрыштың гралустық өлшемі 180гоадусқа тең жоқ 9.Кез келген доғал бұрыш сүйір бұрыштан үлкен. иә 10. 179 градус доғал бұрыш. иә «Бестік» әдісі - Қағаз бетіне саусақтарын айналдыра сызамыз.Әр саусақтың - өзінің орны/позициясы/ бар, сол бойынша ойларыңды жазыңдар.
- Бас бармақ - мен үшін маңызды және қызық
- Балан ұйрек – маған қиын болды
- Ортан терек – мен жеткілікті түсінбедім
- Шүлдір шүмек – менің ұсынысым
- Кішкентай бөбек –менің көңіл күйім
- Үйге тапсырма: № 1809 есеп 143 бет
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|