Буферлік жүйелер мен буферлік ерітінділер туралы жалпы түсінік беру
Ағзаның буферлік жүйелері және буферлік жүйенің бөліністерін қарастыру
Сабақтың мақсаты Судың иондық көбейтіндісі дегеніміз не?
25С судың иондық көбейтіндісі неге тең?
Сутектік көрсеткіш дегеніміз не?рН көрсеткіші қандай формуламен есептеледі?
Бейтарап,қышқыл,сілтілік орта дегеніміз не?
Буферлік жүйелер мен ерітінділер туралы түсініктер, олардың құрамы және жіктелуі Сұйылтқанда немесе қышқыл не сілті қосқанда рН–ы өзгермейтiн ертiндiлер буферлiк жүйелер деп аталады. Буферлiк жүйенiң құрамында протонның доноры және протонның акцепторы болады. Құрамына байланысты буферлiк жүйелер қышқылдық, негiздiк және амфолиттiкболып бөлiнедi.
Қышқылдық буферлiк жүйе донор болып есептелетiн әлсiз қышқылдан және акцептордың ролiн атқаратын анионы бар осы қышқылдың тұзынан тұрады. Мысалы, ацетатты, бикарбонатты буферлік жүйелер.
Негiздiк Амфолиттiк Қышқылдық Буферлiк жүйелердiң рН–ына әсер ететiн факторлар
Қышқылдық буферлiк ертiндiлердiң рН–ы мына теңдеумен есептеледi:
Буферлiк ертiндiлердiң рН–ы Гендерсон–Гассельбах теңдеуi бойынша анықталады.
Негiздiк буферлiк ерiтiндiлер үшiн мына теңдеу қолданылады:
немесе
Амфолиттік буферлiк жүйе әрi донордың, әрi акцептордың ролiн атқаратын амфотерлiк қосылыстан тұрады. Мысалы, белок буферлік жүйесі.
Сапалық талдауда рН мәні 3,7-9,3 болатын буферлі ерітінділер жиі пайдаланылады.Мұндай ерітінділерде көптеген металдардың гидроксидтерін,сульфидтері мен карбонаттарын тұңбаға түсіріп бөліп алу жүзеге асырылады.Сутек иондарының белгілі бір концентрациясы кейбір тотығу-тотықсыздану реакцияларының жүруі үшін қажет.
Буферлік жүйелердің адам ағзасы үшін маңызы жоғары. Адам қаны буферлік жүйелерге жатады. Адам ағзасында әсіресе, бүйректің бөліп шығару және өкпенің тыныс алу қызметтері үшін буферлік жүйелердің маңызы жоғары. Адам ағзасындағы сұйықтықтар (қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа т.б.) қасиетінің бірі - олардағы сутегі иондарының тұрақты кон-центрациясын көрсетуі.
Буферлі жүйелер деп қышқылдың немесе сілтінің аз мөлшерін қосқанда, сонымен қатар сұйылтқанда, сутек иондарының концентрациясы, яғни рН өзгермейтін ерітінділерді айтады. Адам ағзасындағы рН деңгейін сақтап туру буферлі жүйелердің көмегімен жүзеге асырылады. Ағза сұйықтығының қышқылдылығының тұрақты болуының маңызы зор, себебі: 1) Н+ иоидары көптеген биологиялық өзгерістерге каталиттік түрде әсер етеді. 2)Ферменттер мен гормондар белгілі бір рН аралығыңда биологиялық белсенділік танытады; 3)[Н+] тіпті аз өзгеруі (қан және ұлпа аралық сұйықтарда) ағзаның осмос қысымына әсері мол. Қанның қалыпты рН (7,36) өте кішкене ауытқуы қолайсыз жағдайларға әкеледі. Мысалы, рН 0,4-ке ауытқуы өлімге соғуы мүмкін.