Бугер-Ламберт-Бер заңы — бір түсті (монохромат) жарық шоғының орта арқылы өткендегі әлсіреуін анықтайтын заң. Қалыңд. І-ге тең жұтатын қабат арқылы өткен жарық шоғының қарқындылығы І0 шамадан І шамаға дейін төмендейді. Ол былай анықталады: І=І0Һе-кҺл, мұндағы к — жұту көрсеткіші, ол заттың қасиетін сипаттайды; кжұтылатын жарықтың толқын ұзындығына () тәуелді, ал қарқындылығына тәуелсіз болады. Ерітінділер үшін к=СҺ болып жазылады, С — ерітілген зат концентрациясы, — ерітілген зат (жұтатын зат) молекуласының толқын ұзынд. -ға тең жарықпен өзара әсерлерін сипаттайтын коэффициент, ол С-ке тәуелсіз. Бұл заңды тәжірибе арқылы француз ғалымы П. Бугер ашқан (1729), неміс ғалымы И.Г.Ламберт оны теориялық жолмен қорытқан (1760), ал тағы бір неміс ғалымы А.Бер ерітінділер үшін тұжырымдаған (1852). Бугер-Ламберт-Бер заңы ерітінділердің жарықты жұтуын өлшеу арқылы ерітілген заттың концентрациясын анықтау әдісінің негізіне алынған. Бугер-Ламберт-Бер заңының орындалу ауқымы кең, бірақ жарық қарқындылығы өте жоғары (мыс.,) болған жағдайда ккоэффициенті жарық қарқындылығына тәуелді болады да, бұл заңнан л байқалады.
О птикалық ортаға (мысалы, зерттелетін заттың ерітіндісі) түскен жарықтың бір бөлігі шағылады, біразы жұтылады не шашырайды, ал қалғаны орта арқылы өте шығады. Сол себепті орта (зат) арқылы өткен кезде жарық ағыны біртіндеп әлсірейді. Кез келген зат электромагниттік толқындарды жұтады және шашыратады. Жарықтың жұтылуы дегеніміз түскен жарық энергиясының энергияның басқа түріне айналуы нәтижесінде жарық интенсивтілігінің бәсеңдеуі. Жарықтың жұтылуы кезінде жарық энергиясы ішкі энергияның басқа түрлеріне айналады, осы кезде затта әртүрлі құбылыстар жүруі мүмкін: жылулық қозғалыстың интенсивтілігі артуы (жылулық эффект), атомдар мен молекулалардың қозуы және иондануы, молекулалардың белсенділігі артуы (фотохимиялық эффект) және т.б.
Белгілі бір қалыңдықтағы жарықты жұтатын орта арқылы өткен жарық пен түскен жарықтың интенсивтіліктерін байланыстыратын жарықтың жұтылуының негізгі заңын француз ғалымы Бугер тәжірибе жүзінде анықтаған және ол Бугер заңы деп аталады
Мұндағы – түскен жарықтың интенсивтілігі, - ерітіндіден өткен жарықтың интенсивтілігі, натурал логарифмнің негізі,
K – жұтылу коэффициенті деп аталады, ол жарықтың интенсивтілігіне байланысты емес, ол жарықтың толқын ұзындығына, заттың табиғатына байланысты болатын тұрақты шама.
Монохроматты жарықтың параллель шоғырының біртекті ортада жұтылу заңын Н.Бугер тағайындаған: Ортаның қалыңдығы бірдей әрбір келесі қабатында оған түскен жарық толқынының энергия ағынының бірдей бөлігі жұтылады және ол ортаның абсолюттік шамасына тәуелді емес.
Бугер заңын теориялық жолмен кейінірек неміс ғалымы И. Ламберт қорытып шығарған.