Бухгалтерлік мамандығы заманауи көзқарас



Дата19.10.2022
өлшемі14,37 Kb.
#153770
Байланысты:
эссе


Эссе
Бухгалтерлік мамандығы – заманауи көзқарас
"Бухгалтер" мамандығы ежелден бері өмір сүріп,уақыт ағынымен дамып келе жатқан заманауи мамандықтардың бірі және бірегейі. Бухгалтер – бұл салықтарды уақытында және дұрыс төлеуге, мемлекеттік органдарға, ұйымның клиенттері мен серіктестеріне есеп беруге, кәсіпорын шотының жай-күйін бақылауға және балансты бірыңғай көрсеткішке жеткізуге міндетті бухгалтерия маманы. Көптеген адамдар аталған мамандықты қызықсыз деп санайды, бірақ мен бұл мамандықты маған ең қызықты және танымдық түрде көрінуіне байланысты таңдадым деп айтсамда болады.
Қазіргі уақытта жылдам өзгерістер мен техникалық прогресс барысында,кез-келген кәсіби қызметте жетістікке жету үшін кем дегенде екі компонент қажет: ол – сапалы білім және тәжірибе. Бухгалтер мамандығыда бұл тұста ерекшелік емес. Кез-келген саладағыдай, аталған сферада да көптеген адамдар студенттік орындықтан бастап тәжірибе жинай алу мүмкіндігіне ие. Ал егер,тәжірибесі болмаған жағдайда, жас маман өз мансабын шағын фирмада бастапқы позицияны иелену арқылы бастауына әбден болады. Мысалы, бухгалтердің көмекшісі қызметінен. Біраз уақыттан кейін, өз тәжірибесін жинақтай отырып, маман,ақысы әлдеқайда жоғары және байыпты позицияны талап ете алады. Қарапайым маман болашақта өз еңбегі нәтижесімен мамандық шеңберінен шығып, компанияның бас бухгалтері лауазымына ие бола алады немесе қаржы директоры бола алады.
Әлем өзгеріп,даму үстінде,қазіргі таңдағы бухгалтерлер жұмыс істейтін жұмыс жағдайлары бұрынғылардан мүлдем бөлек қырларымен ерекшеленді. Бүгінгі таңдағы бизнестегі бухгалтер – бұл көп жақты станок. Ол керек болған жағдайда,жұмыс берушінің барлық сұраныстарын қанағаттандырып бос жұмыс орындарында толықтыра алады. Білікті бухгалтер – экономист, қаржылық талдаушы, логист, менеджер,керек десе заңгердіңде позициясын иелене алады.Осындай перспективті мамандықтың иесінсіз бірде-бір заманауи компанияны елестету мүмкін емес. Осыдан,бухгалтер мамандығын қазіргі таңдағы экономикалық мамандықтар арасында ең танымал және сұранысқа ие мамандықтардың бірі деп айтуымызға болады.Бұл қызметкердің жұмыс күндері әдетте кеңседе өтеді. Бірақ бүгінгідей ғаламтор дамыған ғасырда,бір маман бір уақытта бірнеше фирмаларда есеп жүргізе алады.Қазірде бухгалтерлер арасында бұл жұмыс әдісі өте танымал.Ақыр соңында, ақшаны санау тек жағымды әрекет ғана емес, бұл қабілет ақша табу мүмкіндігін де береді, ал егер бухгалтерлік қабілеттен басқа,есеп пен салық саясатының барлық жағынан дамитын болсаңыз, онда сізде кәсіпорындағы ең құрметті және баға жетпес қызметкерге айналу қауіпі бар.Ал бұл жоғары көлемді жалақыға ие болуға үлкен мүмкіндіктерді береді.
Қорғанбаева Дильназ УК-2

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет