Бұл типке жататын жәндіктер ең алғаш шіріген ағзалы қалдықтары бар тұнба судан табылған. Сондықтан оларды инфузория (латынша -«инфузум» — тұнба) деп атайды
Бұл типке жататын жәндіктер ең алғаш шіріген ағзалы қалдықтары бар тұнба судан табылған. Сондықтан оларды инфузория (латынша -«инфузум» — тұнба) деп атайды
Көптеген кірпікшелі жәндіктер еркін жүзетіндіктен, сүйір денелі болып келеді. Солардың бірі- кірпікшелі кебісше. Кебісшенің пішіні кебіске өте ұқсас. Оның бүкіл денесін жіңішке түк тәрізді өскін-кірпікшелер қаптап жатады. Бір кебісшенің денесінде 10-15 мың кірпікше болады, осы кірпікшелердің әрқайсысы ескекше қимылдап, кебісше үздіксіз шапшаң қозғалады.Дене пішіні алуан түрлі, тұщы немесе тұзды суларда мекендейтін, денесінде кірпікшелер болатын, мөлшері 10 микромиллиметрден 3 миллиметрге дейін жететін едәуір күрделі құрылысты бір жасушалы қарапайым жәндіктер кірпікшелілер класына жатқызылады. Бұлар еркін де қозғалады, кейбіреуі отырықшылықпен тіршілік етеді. Кірпікшелі жәндіктердің 1100-ден астам түрі бар деп есептелінеді.