Дайындаған : А. Манапова Көкшетау қаласы -2017жыл



бет1/40
Дата29.04.2022
өлшемі0,62 Mb.
#141425
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
ЛОГОПЕДКАЕ






Дайындаған :А.Манапова

Көкшетау қаласы -2017жыл

Түсініктеме

«Жас бала жас- шыбық, жас күйінде қай түрде иіп тастасаң,
өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ»
М.Жұмабаев

Қазіргі таңда мектепке дейінгі мекеме балаларына мемлекеттік тілді меңгерту бірінші жолға қойылды. Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін оқыту жұмыстары тәрбиешілердің көп еңбек етіп,ізденіс пен дайындығын қажет етеді.Сондықтан қазақ тілін оқыту мәселесінде мектепке дейінгі мекемеде білім беру, тәрбиелеу ісіне қоғам,ұжым болып бір ауыздан атсалысуымыз қажет.


Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мәселесі алдымен балабақшада жүзеге асырылады. Балалардың ақыл-ойы мен мінез-құлығының дамуында тіл маңызды рөл атқарады. Біздің мақсатымыз – балаларды ата-бабадан қалған салт-дәстүрге,адамгершілікке баули отырып,жаңа технологияны меңгерту. Осы мақсатымыз жүзеге асуы үшін біз ең алдымен өзіміздің ана тілімізді меңгеруіміз қажет. Бүгінгі таңда тіл туралы көп айтылады.Тіл білген адам-мәдени,рухани жан азығы мол адам. Адамның ойы тілден көрінеді.Сондықтан балабақша қабырғасынан бастап тіл үйретудің маңызы зор.
Балалабақшада қазақ тілін үйретуде сөздік жұмысты қоршаған ортамен,күнделікті өмірмен тығыз байланыстыра жүргізу,жаңа сөздер қамтылатындай түрлі ойындар арқылы тіл ұстарту,көру,есту,тыңдау,қайталау, есте сақтау,жаттау қабілеттерін жетілдіріп отыру,балаларды сөйлесе білуге,сөйлемдерді дұрыс айтуға,тәрбиешінің сұрағын түсініп,дұрыс жауап беруге баулу мақсаттары көзделеді.Ересек балалар тобында бұрынғы топтарда үйренгендерін тереңдете түседі. Ауызша сөйлеу тілін дамытуға көп көңіл бөлінеді . Әр оқу іс-әрекеті сайын тақырыпқа сай түрлі суреттер,кестелер, аудиокітап, бейне құралдар, тақырыптар бойынша электронды кітаптармен көркемдеп отырса,балалардың сөздік қоры біршама толығады деп санамін.Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп,жаңарып,толығып отырады.Әр түрлі жаңа технологияларды өз тәжірибемізде қолданып отырамыз. Соның бірі «Ойын» технологиясы.Балалның танымын алғашқы күннен бастап дамытуда,оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы-ойын әрекеті. Ойын дегеніміз-жас ерекшелігіне қарамайтын,адамның көңіл күйін көтеретін,ойландыратын үрдіс.Ойын арқылы балалар өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.Әр бала ойнау үшін алдымен ойланады,ойлана отырып ойнайды.Кез келген бала еш уақытты жалғыз ойнамайды,құрбыларымен бірге ойнайды,сол арқылы бір-бірімен сөйлеседі.Сөйлесе жүріп,пікірлесіп әсер алысады,ойынның мазмұнын анықтайды.Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Бала жалғыз ойнағанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп отырады,қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі. Сөз бен сөйлеу әрекеті ойлау қабілеті болып табылады.Түрлі заттарды пайдалана отырып, қоршаған ортамен, адамдармен қарым-қатынас жасайды,тәжірибе жинақтайды.Ойын баланы ақыл-ой жағынан да,дене жағынан да алға жетелеп дамытады,баланың ойын өрбітіп,тілін дамытып, бойын өсіреді.Мақсаттылық жаттығулар, артикуляциялық аппаратты керек дыбыстарды дұрыс айтуына дайындауына көмектеседі. Бұл жаттығулар, дыбыстың дұрыс артикуляциясынан таңдалып алынған, сондықтан оларды комплекстерге бірлестіру қажет. Әрбір комплекс еріннін, тілдің белгілі қозғалыстарын және қалыптарын дайындап, бағытталған ауа үрлеуін шығаруды дағдыландырады, яғни дыбыстың дұрыс шығаруына керектісін дайындайды.

  • Артикуляциялық гимнастикасын еріннің және тілдің негізгі, барлық дыбыстардың анық, дұрыс айтуына қажетті, қозғалыстарынан және қалыптарынан бастау керек.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет