Даналық сөздер



Дата14.06.2020
өлшемі32 Kb.
#73409
Байланысты:
Даналық сөздер


Даналық сөздер

1.Адамның ой зердесі қаншылықты терең болса, ол соншалықты нағыз тұлға. Қандай бір зат болмасын, әрқашанда - оның ішіндегі маңызы сырт қабатынан көп болуы тиіс. Кейбір адамдар болады, қаржы жетпегендіктен бітпей қалған, сыртқы беті ғана бар үйлерге ұқсайтын: кіреберісіне қарасаң - зәулім сарай, ішіне кірсең - лашық. Бұл жерден баспана табамын деу бекер, ортақ тілде сөйлесетін адам жоқ: аман-саулықтан соң сөзің таусылады. Алғашқы сыпайылық пен ілтипат кезіндегі жылмаң қағып шүйіркелесу біткен соң үндеместік орнайды - ой қозғайтын сөз болмағандықтан әңгіме тез таусылады. Мұндай адамдар өздері сияқты тайыздарды тез аузына қарата алады, бірақ терең зерделілермен ой теңестіре алмайды.

2. Ақылмен істейтін және байқағыш адам. Мұндай адам жағдайдың құлы емес, бірақ оны басқара біледі. Бірден істің мән-жайын түсінеді, іске терең бойлайды, адамның жанына үңіледі. Маңызды деген тұлғаны бір көргеннен таниды, сөзі өткір, нақты, адамның терең түкпіріндегі ойларын аңғара біледі. Оның ойы айқын, сезімі нәзік, салиқалы сөз қозғайды: көп нәрсені байқайды, түйін жасайды, аңғарады және бағалайды.

3. Ешқашан өзіңе деген құрметіңді жоғалтпа. Жеке қалған кезіңде де өзіңмен өзің егеспе. Ар-ұятың ақиқатыңның өлшемі болсын, өзіңе шығарған үкіміңнің қаталдығы өзгенің пікірінен артық болсын. Жұрт сотынан қорқып ұнамсыз іске бас ұрма, не айтады деп арыңды тыңда. Өзіңнен қорқуды үйрен, сонда ғана Сенеканың қиялдағы ұстазындай жағдайға ұшырамайсың.

4. Жақсы мен жаманды айыра білетін адам. Өмірде ақ пен қараны ажырата білушілікке көп нәрсе тіреледі. Ол үшін жақсы талғам, ақылмен пайымдаған дұрыс - бұл мәселеде тәртіпті болып та, амал-айлаң асып тұрса да ештеңе істей алмайсың. Таңдау, іріктеп ала алмау жоқ жерде жетілу болмайды; тек асылын ғана таңдап алудың қос артықшылығы бар. Көптеген дарыны тасыған, амал-айласы мол, зерек ақылды, оған қоса еңбекқор әрі ғалым адамдардың өздері таңдауға шорқақ келеді: әдейі қателескендей жаманын ұстайды. Бұл да тәңірдің бізге жіберген сыйының бірі.

5 . Ешқашан ашушаң, күйгелек болма. Есті адам үшін маңызды қағида - кернеген мінезіңді тежей біл. Өзін өзі ұстай білу қасиеті бар адамның жүрегі де үлкен болады, жүрегі салмақты адамды сабасынан шығару қиын. Қызуқандылық – адам денесіндегі төрт шырынға байланысты(ортағасырлық медицинаның ілімі бойынша, Ауд), оның көптігі адамның санасын дертке шалдырады, дерт көтеріліп ауызға келсе, атақ пен абыройыңа қауіп төнеді. Сондықтан, өзіңді өзің ұстай біл, сонда бақытты да, бақытсыз шағыңда да сабырсыз болдың деп ешкім айыптай алмайды, керісінше рухы жоғары болды дейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет