"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы



Pdf көрінісі
Дата23.10.2023
өлшемі69,53 Kb.
#187677
Байланысты:
853f3dfacc157ef5a64cb37d7e9d6fa9 original.71199



"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 1 
шiлдедегi № 271-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 
2023 жылғы 1 шiлдеде № 33016 болып тіркелді.
"Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-
12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
бабының
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 
сәйкес "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру 
1-қосымшаға
қағидалары;
2) осы бұйрыққа 
сәйкес "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының 
2-қосымшаға
номинациялары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар 
және отбасы істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген 
тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік 
тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму 
министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік 
тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 
және 
1)
2) 
көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды 
тармақшаларында
қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан 
Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң 
қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму
министрі
Д. Қыдырәлі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2023 жылғы 1 шілдедегі
№ 271-НҚ бұйрыққа
1-қосымша
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидалары (бұдан әрі – 
Қағидалар) "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-
12) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Дарын" мемлекеттік жастар 
бабының
сыйлығын беру тәртібін айқындайды.
2. "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы (бұдан әрі – сыйлық) дарынды жастарды 
жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық 
жетістіктері үшін мемлекеттік қолдау мақсатында мемлекеттік жастар саясаты 
мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекіткен 
номинациялар бойынша жыл сайын беріледі.
3. Сыйлықтың ақшалай сыйақысының мөлшерiн уәкілетті орган тиісті қаржы 
жылына арналған тиісті бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) 
іс-шараларын іске асыруға арналған бюджет қаражаты шегінде жыл сайын белгілейді.
2-тарау. "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру тәртібі
4. Халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен 
көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық 
жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып
табылатын және тиісті сала мен жалпы қоғамның дамуына ықпал ететін кандидаттар 
өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде 35 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының 
азаматтары сыйлық алуға үміткер болады.
Сыйлық бір мезгілде әр номинация бойынша 2 (екіден) артық емес ізденушіге 
беріледі. Сыйлықты бір мезгілде 2 (екі) ізденушіге берген кезде әр номинация бойынша
оның ақшалай бөлігі олардың арасында тең бөлінеді.
Сыйлықты қайталап беруге жол берілмейді. Бiр кандидатураны бiр номинациядан 
артық сыйлық алуға ұсынуға болмайды.
Сыйлық авторлар ұжымына берiлсе, оның ақшалай бөлiгi олардың мүшелері 
арасында тең бөлiнедi.


5. Сыйлық алуға кандидатуралар ұсынуды орталық, жергiлiктi және өзге де 
мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер мен Қазақстан Республикасының 
аумағында тіркелген өзге де заңды тұлғалар жүргiзедi.
6. Сыйлық уәкілетті органның бұйрығымен уәкілетті органның жанынан құрылған "
Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – 
Комиссия) шешімі негізінде беріледі.
Комиссия уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органдардың өкілдерінен, 
ғалымдардан, шығармашыл қызметкерлерден, қоғам қайраткерлерінен, Қазақстан 
Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінен,
Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар қатарынан қалыптастырылады.
Комиссия құрамы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауға және 15 (он бес) адамнан кем
болмауға тиіс. Комиссия мүшелерi Комиссия қызметiне ауыстыру құқығынсыз 
қатысады.
Комиссияны төраға, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары басқарады.
Комиссия мүшесі, егер оның тікелей немесе жанама мүдделілігі (мүдделер 
қақтығысы) болса және қарсылық білдіруге (өздігінен бас тартуға) жататын болса
сыйлық алуға арналған өтінімдерді қарауға қатыспайды.
Комиссия мүшесі туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі 
туралы Комиссия төрағасын жазбаша нысанда хабардар етеді.
Өздігінен бас тарту және қарсылық білдіру уәжделеді және отырыс басталғанға 
дейін де, комиссия отырысы барысында да мәлімделеді.
Комиссия мүшесінің өздігінен бас тартуы (қарсылық білдіру) туралы шешімді 
комиссия жазбаша нысанда, отырыстарға қатысатын оның мүшелерінің көпшілік 
даусымен қабылдайды және Комиссия мүшесінің қатысуымен жария етіледі.
7. Сыйлық алуға арналған өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру сыйлық 
алуға арналған өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін 2 (екі) айдан 
кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
8. Сыйлық алуға арналған өтінімдерді қабылдау өтінімдерді қабылдау туралы 
хабарланған кезден басталады және сыйлық салтанатты жағдайда табыс етілгенге дейін
2 (екі) ай бұрын тоқтатылады.
9. Орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер 
және Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген өзге де заңды тұлғалар (бұдан 
әрі – ұсынатын ұйымдар) уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды қағаз және 
электрондық түрде жібереді:
1) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) осы Қағидаларға 
сәйкес нысан бойынша "Дарын" мемлекеттік жастар
қосымшаға
сыйлығын алуға арналған тіркеу өтінімі;
3) өтінішхат пен сыйлық алуға ізденушінің жетістіктері туралы анықтама;


4) марапаттау дипломдарының, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері (
болған жағдайда);
5) кандидаттың немесе кандидат туралы мақалалардың, жарияланымдардың 
көшірмелері (болған жағдайда);
6) банктік шоттың болуы туралы анықтаманың көшірмесі;
7) кандидаттың жетістіктері туралы растайтын материалдар (болған жағдайда).
Уәкiлеттi орган сыйлық алуға ізденуші бойынша келіп түскен құжаттарды қабылдап
, бір күн мерзімде тіркейді.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған кезде, уәкілетті орган өтінімді алған 
күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынатын ұйымдарға 
сыйлық алуға арналған өтінімді осы тармақтың бірінші бөлігінде сәйкес келтіру 
қажеттігі туралы хабарламаны оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар 
тапсырысхатпен немесе олардың электрондық мекенжайларына жібереді.
Ұсынушы ұйымдар хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде 
жоқ құжаттарды уәкілетті органға қағаз және электрондық түрде ұсынады.
Уәкілетті орган хабарламада көрсетілген ескертулерді ескере отырып пысықталған 
өтінімдерді Комиссияның қарауына ұсынады.
Өтінім осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес 
келтірілмеген жағдайда, хабарламада көрсетілген мерзімде уәкілетті орган 3 (үш) 
жұмыс күні ішінде сыйлық алуға арналған өтінімді арыз иесіне қайтарады.
10. Комиссияның спектакльдерді, кино және телефильмдерді, көрмелерді қарауын, 
концерттік бағдарламалар, сондай-ақ музыкалық және әдеби шығармаларды тыңдауын,
ізденушінің қызметімен танысуын ұйымдастыру ұсынушы ұйымдарға жүктеледі.
11. Сыйлық алуға ұсынылған кандидатураларды Комиссия екi кезеңде қарайды.
Бірінші кезеңде жан-жақты қарау мақсатында Комиссия мүшелерінің арасынан "
Эстрада, классикалық музыка, халық шығармашылығы", "Әдебиет, театр және кино", "
Журналистика және креативті бастамалар", "Спорт", "Дизайн және бейнелеу өнері", "
Ғылым" бағыттары бойынша 6 (алты) секция құрылады.
Секция жұмысын Комиссия мүшелері қатарынан Комиссия төрағасы тағайындаған 
басшы басқарады.
Секция отырыстары хаттамамен ресімделеді, оған Комиссияның қатысып отырған 
мүшелері қол қояды және Комиссияның қорытынды отырысының қарауына беріледі.
Екiншi кезеңде – Комиссия сыйлық беру туралы шешiм қабылдайды.
Комиссияның қорытынды отырысы аудио- және (немесе) бейнетіркеуді пайдалана 
отырып, ашықтық және айқындық қағидаттарында өткізіледі.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 
08.09.2023 
№ 366-НҚ
(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен 
соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 


12. Комиссияның сыйлық берілетін кандидатураны бекіту туралы шешiмi Комиссия
отырысында қарапайым көпшiлiк дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. 
Дауыстар тең болған кезде төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. 
Қажетті дауыс саны болмаған жағдайда, сыйлық берілмейді. Егер отырысқа Комиссия 
мүшелерiнiң үштен екiсiнен астамы қатысса, ол құқықтық күші бар деп есептеледі.
13. Хаттама жобасы мен негіздемесі бар хабарлама хаттамаға қол қойылғанға дейін 
3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынатын ұйымдарға оның табыс 
етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысхатпен немесе олардың электрондық 
мекенжайларына жіберіледі.
Ұсынушы ұйымдар хаттама жобасына қарсылықты хаттама жобасымен 
хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде 
ұсынады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен 
шағымданғаннан кейін жол беріледі.
Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді және оған қатысып отырған Комиссия 
мүшелері қол қояды.
Хаттамада сыйлық беруге кандидатуралар және себептерін көрсете отырып, сыйлық
берілмейтін кандидатуралар көрсетіледі.
14. Уәкілетті орган Комиссия шешімі негізінде сыйлықты беру жылының 10 
желтоқсанға дейін сыйлықты беру туралы бұйрық қабылдайды.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 
08.09.2023 
№ 366-НҚ
(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен 
соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. Сыйлықты беру туралы бұйрық Тәуелсіздік күніне орай бұқаралық ақпарат 
құралдарында және уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 
08.09.2023 
№ 366-НҚ
(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен 
соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
16. Сыйлыққа ие болған адамдарға "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының 
лауреаты атағы беріледі, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы табыс етіледі.
17. Сыйлықтар салтанатты түрде беріледі, марапаттау рәсімі Тәуелсіздік күніне 
орайластырылады.
Уәкілетті орган тиісті жылдың 20 (жиырмасыншы) желтоқсанынан 
кешіктірілмейтін мерзімде ақшалай сыйақыны сыйлық лауреатының банктік шотына 
аударады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 
08.09.2023 
№ 366-НҚ
(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен 
соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


18. Лауреаттың төсбелгiсi мен дипломының сипаттамасын Комиссияның төрағасы 
бекiтедi.
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2023 жылғы 1 шілдедегі
№ 271-НҚ бұйрыққа
2-қосымша
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының номинациялары
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 
08.09.2023 
(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен 
№ 366-НҚ
соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы мынадай номинациялар бойынша беріледі:
1. Әдебиет;
2. Ғылым;
3. Дизайн және бейнелеу өнері;
4. Журналистика;
5. Классикалық музыка;
6. Креативті бастамалар;
7. Спорт;
8. Театр және кино;
9. Эстрада;
10. Халық шығармашылығы.
"Дарын" мемлекеттік
жастар сыйлығын
беру қағидаларына
қосымша
Нысан
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын алуға арналған тіркеу өтінімі
1. Тегі ___________________________________________________________
Аты _____________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болған кезде)______________________________________
2. Туған күні______________________________________________________
3. Ұсынушы ұйымның толық атауы _______________________________
_________________________________________________________________
4. Номинация _____________________________________________________
5. Білімі __________________________________________________________
__________________________________________________________________
6. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда)____________________


7. Ағымдағы қызметі (кандидаттың жұмыс орны, лауазымы/оқу орны)______
_________________________________________________________________
___________________________________________________
8. Жұмыс өтілі (жұмыс істейтін азаматтар үшін)_________________________
9. Тұрғылықты мекенжайы ___________________________________________
10. Байланыс телефоны ______________________________________________
11. Электрондық пошта ______________________________________________
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларының 9-тармағына сәйкес 
өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі:
1.
2.
Ұйым басшысы __________________ _________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Мөр қою орны (болған жағдайда)
20__ жылғы "___"_________
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және 
құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет