Дата/уақыт өрістері
Дата немесе уақыт, әйтпесе осы екеуі қатар енгізілетін өріс. Оның арнайы форматын алдын ала таңдап алу керек. Бұл өрістің ерекшеліктері:
1. MS Access датаны енгізіп көрсетуді бірнеше форматта орындай алады. Оның нақты нұсқасы Кесте конструкторы-ның Формат поля қасиеттерінде көрсетіледі. Мәліметтерді сақтау кезінде бұлар автоматты түрде ішкі бейнелеу форматтарына айналып кетеді.
2. Датаны енгізу кезінде MS Access оның форматын тексеріп, тек дұрыс форматтағы даталарды енгізеді.
Бұл өрісте кез келген дата мен уақыт 1 қаңтар 100 ж. бастап 31 желтоқсан 9999 ж. дейін енгізіле береді Бұлар сақталу кезінде 8 байт орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |