Дене дайындығы, спортшының жан-жақты және дене мүмкіншілігінің дамуы болып табылады. Осыған байланысты ол жалпы және арнайы деп бөлінеді. Жалпы спортшы өз денесін үйлесімді жетілдіруге ағзаның қозғайтын бұлшық еттерді дамытуға, организмнің барлық мүшелері мен жүйелерін нығайтуға, функционалды және үйлесімді қозғалыстарды жақсартуға, күшті, жылдамдықты, шыдамдылықты, икемділікті және иілгіштікті өсіруге бағытталған. Осы міндөттерді шешу көп жағдайда дененің жан-жақты дамуы мен денсаулық деңгейінің жоғарылауын қамтамасыз етеді. Арнайы дене дайындығы спорттың маманданып жатқан түрінің талаптарына сәйкес спортшы ағзасы мүмкіндіктерінің, барлық дене мүшелері мен жүйелерін жоғары деңгейде дамытуға бағытталған. Жалпы денені дамытатын және арнайы дайындықта пайдаланылатын сан-салалы жаттығулар түрлі тәсілдермен орындалады. Оның негізгі түрлері: қайталау, аралас, аралық, бірқалыпты, екпінді, бақылау, "барынша", өте жоғары қарқындылық, жеделдету, ойындық, жарыстық. Осы тәсілдердің әрқайсысы спорттың әр түрінің ерекшеліктері мен түрліше дене қасиеттерін дамытуға сәйкес көлетін тәртіптері бар