«Денсаулық еліне саяхат» спорттық сайысы.
Мақсаты: балаларға ойындардың мазмұны мен ерекшелігін, ойын түрлерін, ережелерін меңгерте отырып, қимыл – қызығушылығын ескере шапшаңдыққа, ептілікке баулу, дене бұлшықеттерін дұрыс қалыптасуын, спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Құрал – жабдық: текшелер, т. б
Өткізетін орын: спорт зал
Спортокус: Сәлеметсіздер ме!
- Сәлеметсіңдер ме, балалар, денсаулық еліне қош келдіңдер!
- Балалар, біз сендермен танысқымыз кеп тұр. Мен «Спортокус», «Стеффани» «Тәттібек»
Денсаулығымыз мықты болу үшін не істеуміз керек?
Балалардың жауабы: спортпен шұғылдану керек және көптеген дәрумендер жеу керек.
Спортокус: дұрыс айтасындар балалар дәрумендерді көп жеп тұру керек және спортпен шұғылдану керек. Балалар сендерді кездестіретінімді біліп сендерге спорттық сайыс әкелдім. Олай болса балалар сайысымызды бастамас бұрын денемізді қыздырып алайық.
Келіңіздер, келіңіздер
Бұл жарысты көріңіздер
Ән: «Бала тілегі»
Команда аттары: «Жұлдыз», «Тұлпар»
Балалар сайыстын шарттарымен танысады.
1. «Пирамида құрастыру»
Шарты: тунель ішінен өтіп пирамиданы құрастыру.
2. «Кім жылдам»
Шарты: екі топқа екі күрек беріледі, оның үстіне үрленген шар қойып кедергілерден айналып өту.
3. «Қар жинау»
Шарты: екі топқа екі қап беріледі соған жердегі қарды жинап жарысады.
4. «Шаңғы тебу»
Шарты: екі топқа екі гимнастикалық таяқша және аяқтарына коладан шаңғы.
5. «Шығыршыққа дөп түс»
Шарты: гимнастикалық орындық және гимнастикалық матрас үстіне шығыршық қойылады соның ісіне дүп түсу.
6. «Садақ ату»
Шарты: Екі топқа садақ беріледі.
Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жеткен сияқты.
Сайысымыздың қорытындысы дайын болғанша. «Ботақан» тобының қыздарының «Қуыршақтар» биін тамашалаңыздар.
Марапаттау рәсімін Спортокусқа берейік.