· қызудың 38-39 0 С-қа дейін көтерілуі;
· бастың ауыруы;
· әлсіздік, енжарлық, дімкәстік;
· мұрынның бітелуі, түшкіру, сірнелі (сероздық) мұрын сөлінің мол бөлінуі;
· тыныс алу жолдарындағы жыбырлау сезімі;
· дауыстың қарлығуы;
· қатты (дөрекі) жөтел;
· көзден жас ағу, жарықтан қарығуы;
· теріге бөртпелердің шығуы.
Анамнез [9,10]:
· жіті басталуы;
· сырқаттың алғашқы күндеріндегі айқын талаурау құбылыстарымен, 4-5 күннен бастап бөртулердің шығуымен аурудың оралымдық (циклдық) ағым;
· ауру симптомдары пайда болғанға дейін 7-18 күн бұрын қызылшаның зертханалық жолмен расталған жағдайымен жанасу.
Физикалық зерттеп-қарау:
Талаурау кезеңінде (кезеңнің ұзақтығы 3-4 күн)
· үдемелі талаурау синдромы (жөтел, ринит, конъюнктивит, көзден жас ағу, жарықтан қарығу, блефароспазм);
· қызылша энантемасы: жұмсақ, ішінара қатты таңдайдың сілемейлі қабығындағы қызыл, біртексіз пішіндегі дақтар;
· кіші азу тістерге қарсы ұрттың сілемейлі қабығындағы, сирек – еріннің, қызылиектің сілемейлі қабығындағы Бельский-Филатов-Коплик дақтары (кезеңнің соңында).
Бөртпелер кезеңінде:
· дене қызуының қайталап көтерілуі;
· тәулік ішінде мойынға, кеуденің жоғарғы бөлігіне таралумен құлақтың сырт жағында, бетте бөртпелердің кезеңдік пайда болуы; 2-күні экзантема кеудеге, 3-күні аяқ-қолдың проксималды бөлімдеріне таралады;
· бірігу беталысы бар және өшу кезінде теңбілдік реңденуге ауысатын макуло-папулалық бөртпелер;
· улану, тыныс алу жолдарының сілемейлі қабықтары мен көздің шырықты қабықтары (конъюнктивалары) тарапынан болатын талаурау құбылыстары (мұрынның бітелуі, жөтел, көзден жас ағу, көздің қарығуы) күшейеді.
· Бельский-Филатов-Коплик дақтары кезеңнің бас кезінде сақталады, кейін кетіп қалады;
· трахеобронхит құбылысы;
· жүректің соғу дыбысының (үнінің) тұншығуы, артериялық қысымның төмендеуі (гипотензия).
Реңдену кезеңінде:
· бөртпелер орнында теңбіл дақтар қалдыра отырып, пайда болған кездегі реттілігі бойынша жоғала бастайды.
Зертханалық зерттеулер:
ЖҚА:
· талаурау кезеңінде - лейкопения, нейтропения;
· бөртпелер кезеңінде - лейкопения, эозинопения, тромбоцитопения;
· бактериялық асқынулар дамыған жағдайда - лейкоцитоз, нейтрофилез, лимфоцитопения.
ЖНА: протеинурия, микрогематурия, цилиндрурия.
Диагностикалаудың серологиялық әдісі (қызылша антигенмен ИФА әдісі арқылы қан сарысуындағы телімді Ig M анықтау):
· қан сарысуындағы Ig M кластық телімді антиденелерді (Ig M түзілуі екпе егумен байланысты туындаған жағдайлардан басқа) айқындау.
ПТР: қандағы қызылшаның РНҚ вирусын табу
Аспаптық зерттеулер:
· кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы (өкпе түбірлерінің (тамыр) күшею белгілері);
· ЭКГ (миокардтың жайылмалы (диффузиялы) зақымдану белгілері).