Диалектиканың заңдары мен категориялары дамудың жалпы методологиясы ретінде



бет1/4
Дата11.04.2023
өлшемі24,17 Kb.
#174255
  1   2   3   4
Байланысты:
“ Диалектиканың заңдары мен категориялары дамудың жалпы методологиясы ретінде ” (1)


Диалектиканың заңдары мен категориялары дамудың жалпы методологиясы ретінде ”
Диалектика —қазіргі философияда танылған барлық дамудың теориясы және оған негізделген философиялық әдіс.
Диалектика (гр. διαλεκτική – пікірталас, әңгімелесу өнері) — табиғаттың, адамзат қоғамының және ойлаудың қозғалысы мен дамуынын жалпы зандылықтары туралы философиялық ғылым, бір қасиеттен екінші қасиетке секіріс түрінде ауысуына әкелетін ішкі қарама-қайшылықтарын және қарама-қарсылықтардың күресін ашу жолымен қоғам мен табиғаттың әрқашан қозғалыста болатын және өзгеріп отыратын құбылыстарын танудық ғылыми әдісі.[1]
Диалектика материяның,рухтың,сананың,танымның және басқа да аспектілердің дамуын теориялық түрде мыналар арқылы бейнелейді:
• диалектиканың заңдары;
• категориялар;
• принциптер.
Диалектиканың негізгі мәселесі — даму дегеніміз не?
Даму — материяның жалпы қасиеті мен негізгі белгісі: материалдық және идеалды объектілердің өзгеруі, бұл жерде қарапайым (механикалық) түрде өзгеріс емес , өзін-өзі даму ретінде өзгеруі, оның нәтижесі ұйымдастырудың жоғары деңгейіне көшу болып табылады. Даму— қозғалысың жоғары түрі. Ал қозғалыс — дамудың негізі. Қозғалыс- материяның ішкі қасиеті және қоршаған шындықтың бірегей құбылысы.
Қозғалыс тұтастықтың,үздіксіздіктің және қарама-қайшылықтардың болуымен сипатталанады (қозғалатын дененің кеңістікте тұрақты орны жоқ). Қозғалыс- материалдық дүниенің байланыс тәсілі.
Диалектика ұғымын ежелгі грек философы Сократ енгізді. Ол диалектиканы - диалог, әңгімелесу кезіндегі қарама-қарсы көзқарастардың қақтығысы арқылы ақиқатқа жетудің ерекше әдісі деп түсіндірді. Диалектиканың нағыз атасы Эфестен шыққан Герклит болған.
Ол объективті антологиялық диалектиканы ойлап тапты. Гераклит үшін бұл диалектиканың ұйытқысы мен нәтижесі қарама-қарсылықтар күресі арқылы әрекет ететін әлемдік парасапы балама "Логос" болды.[2][3]
Дамудың диалектикасын түсінудің негізгі тәсілдердің бірі —ол диалектиканың заңдары.
Заң — ол мәндер арасындағы және мәндердің ішіндегі объективті (адамның еркінен тәуелсіз), жалпы, тұрақты, қажетті және қайталанатын байланыстар.Диалектика заңдары басқа ғылымдардың (физика, математика және т.б.) заңдарынан ерекшеленеді, ол олардың әмбебаптығы мен әмбебаптығы,себебі олар:
• шындықтың барлық салаларын қамтиды;
• қозғалыс және дамудың терең негіздерін - олардың көзі, ескіден жаңа кезеңге өту механизмі, ескі және жаңа арасындағы байланыстарын ашады.
Диалектиканың негізгі заңдары:
• қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі заңы;
• сандық және сапалық өзгерістердің өзара ауысуы;
•терістеуді терістеу заңы .


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет