Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «№1 ЖОББМ» КММ
Баяндама
Тақырыбы: «Дыбыс айту бұзылысын
түзету әдістемесі»
Дайындаған: Г.М Шиналиева
мұғалім-логопед
Приозерск 2021
Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің
«№1 ЖОББМ» КММ
Баяндама
Тақырыбы: «Дыбыс айту бұзылысын түзету әдістемесі»
Дайындаған: Г.М Шиналиева, мұғалім-логопед
Дыбыс айту бұзылысын түзету ұзақ әрі күрделі үрдіс болып табылады. Дыбысты дұрыс айтуға бағытталған жұмыс барысында жаңа шартты байланыстарды меңгерудегі қиыншылықтар, барлық ойлау процестерінің әлсіздігі сияқты психикалық дамуы тежелген балаларға тән қиыншылықтар орын алады. Психикалық дамуы тежелген балаларда дыбысты сөйлеу тіліне енгізу, яғни дыбысты машықтандыру үрдісі өте ұзаққа созылады. Осыған байланысты логопедиялық жұмыс барысында қойылған дыбысты түрлі жағдайларда сөйлеу тіл қарым-қатынасы барысында өндеуге аса назар аударылуы тиіс.
Дыбыс айту бұзылысын түзету барысында танымдық қызмет, анализ, синтез, салыстыру сияқты дағдылардың дамуы жүзеге асырылады. Дыбыс айту бұзылысын түзету жұмыстарының барлық кезеңдерінде салыстыру тәсілі кеңінен қолданылады. Мысалы, дыбысты қою кезеңінде дыбыстың дұрыс және дұрыс емес айтылу қалпы салыстырылады. Дыбысты машықтандыру кезеңінде фонетикалық жағынан алыс дыбыстармен салыстырылады. Кейін дыбыстарды ажырату кезеңінде өңделген дыбыстарды фонетикалық жақын дыбыстармен сәйкестендіру жұмыстары жүргізіледі. Дыбыс айту бүзылысын түзету процесінде дыбыстар санына байланысты түрлі сөздер, өңделген дыбыстың сөздегі орны бойынша талданады.
Жалпы және сөйлеу моторикасын дамытуға, естіп қабылдауын, назарын, есте сақтауын және дыбыс айту бұзылысының негізінде жатқан барлық процестерді қалыптастыруға аса назар аударылады.
Дайындық кезеңі
Дыбыс айту бұзылысын жоюда дайындық жұмысы көбінесе 1 сыныпта жүргізіледі. Бұл кезеңде жалпы, қол, сөйлеу тіл моторикасын, естіп қабылдау, назар, гнозис пен мнезисін дамыту жұмыстары жүргізіледі. Психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің просодикалық компоненттерінің ерекшеліктерін ескере отырып осы кезеңде сөйлеу тіл кезінде дұрыс демалу, ұзақ бірқалыпты дем шығаруды қалыптастыру бойынша да жұмыс жүргізіледі.
Дыбысты қою кезеңі
Мақсаты: баланың артикуляциясын қалыптастыру, дыбысты жеке дұрыс айтуға үйрету. Артикуляцияны көру арқылы қабылдап, дыбыстың кинестетикалық бейнесін қалыптастыру. Сөйлеу тілін дамыту, фонематикалық анализін қалыптастыру, артикуляциялық моторикасын дамыту.
Дыбысты қою кезеңінде логопедиялық жұмыс келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Сөйлеу тілін қабылдауын дамыту.
Фонематикалық анализін қалыптастыру.
Артикуляциялық моторикасын дамыту.
Дыбысты қою бойынша жұмыс.
Достарыңызбен бөлісу: |