Көрнекті жазушы, қазақ әңгіме жанрының шебері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі баспагер Д.Әшімханұлының шығармашылығына арналған «Дидахмет Әшімханұлы және қазіргі әдебиеттану ғылымы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференциясының ҚАРАРЫ
Ұлт тақырыбына қалам тартқан жазушылар ішінде Дидахмет Әшімханұлының шығармалары ерекшеленіп тұрады. Ұлттық рух, ұрпақ жайы, ұлт тағдыры мәселесі, Кеңес үкіметі кезіндегі ана тілінің абыройы, шекара бойындағы ауыл проблемасы жазушы кейіпкерлерінің аузымен өткір қозғалды. Сол себепті жазушы шығармашылығын ғылыми тұрғыдан зерттеу, насихаттау бағытындағы жұмыстарды нығайта түсу;
Жастардың бойында патриоттық рухты тереңдету мақсатында Д.Әшімханұлы әлеміне үңілу, шығармашылығын жас ұрпақтың бойына сіңіру;
Тәуелсіздікті баянды ету, ел бірлігі мен ынтымағын сақтау жолында, ұлттық рух пен руханият мәселесін асқақ ұстау мақсатында Д.Әшімханұлыныңмұрасын оқыту – кезек күттірмейтін мәселе. Сондықтан келесі 2015-2017 оқу жылынан бастап Д.Әшімханұлы шығармашылығын насихаттау мақсатында әдеби өлкетану бағыты бойынша арнайы курсты студенттердің оқу бағдарламасына енгізу;
Д.Әшімханұлын шығармашылығын тереңдете оқыту арқылы Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы жастарға терең мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азаматтарын тәрбиелеу. Д.Әшімханұлының кемел ойларын бүгінгі жас ұрпақтың жадында сақтап, бойына сіңіру мақсатында оқу-тәрбие жұмыстарын нығайта түсу.
Жазушының бұрын жарияланбаған шығармаларын құрастырып, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Берел» баспасынан жарыққа шығару;
Студенттерге курс және бітіру жұмыстарын, магистрлік диссертациялар жаздыру;
Д.Әшімханұлы атындағы кабинетте өңірлік ақын-жазушылардың шығармашылығына арналған семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізу;
Қаламгер шығармашылығы негізінде мектеп оқушыларына вариативті курстар жүргізу. Д.Әшімханұлы шығармашылығы негізінде мектеп оқушыларымен ғылыми жобалар жазуды жоспарлау.