ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ
Ғылыми жетекшінің пікірі
Дипломдық жұмыс
Абдугапар Нұрдана Керимжанқызы
6В06201- Телекоммуникация
Тақырыбы: 5G сигналдары үшін когнитивті радионы зерттеу және талдау.
Сымсыз құрылғылардың қарқынды дамуымен сымсыз спектрдің қол жетімділігі айтарлықтай төмендеуде. Болашақ сымсыз жүйелердің алдында тұрған маңызды мәселе - болашақ қызметтерге күтілетін сұранысты қанағаттандыру үшін қолайлы тасымалдаушы жиіліктер мен өткізу қабілеттілігін табу болып табылады. Бұл дипломдық жұмыс когнитивті радио технологиясы арқылы спектрді анықтай отырып, 5G дәуірінде жоғары жылдамдықты кез келген уақытта және кез келген жерде сенімді үздіксіз байланысты қамтамасыз ету және радио спектрлерін тиімді пайдалануды зерттеуге бағытталған.
Дипломдық жұмыс негізгі үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде радиожиілік спектрін тиімді пайдалану үшін радио негізді когнитивті спектрді зондтау әдістеріне байланысты соңғы жылдардағы өзекті әдебиеттрге шолу жүргізілген. Екінші бөлімде уақыт және жиілік аймақтарында энергияны анықтау әдістері зерттеліп талданған. Үшінші бөлімде ұсынылған когнитивті радио жүйені енгізу әдістемесінің моделі ұсынылып, шулы сигналдың әлсіреуін қамтамасыз ететін когнитивті радио жүйесі әзірленген.
Дипломдық жұмысты жазу барысында Абдугапар Нұрдана еңбекқорлық және жоғары жауапкершілік танытып, жетекші тарапынан қойылған тапсырмаларды уақытылы орындап, берілген сындарды ескеріп, тиісті нәтижелерді алды деп ойлаймын.
Жалпы дипломдық жұмысты "95/А/ өте жақсы", деп бағалап, ал студент Абдугапар Нұрдана Керимжанқызы 6В06201-Телекоммуникация мамандығы бойынша «бакалавр» біліктілігіне сай деп есептеймін.
Ғылыми жетекші
ЭТжҒТ каф. аға оқытушысы
______________ Сейдалиева У.О.
«___» ___________ 2023 ж.
ҚазҰТЗУ 704-21 Ү. Пікір
Достарыңызбен бөлісу: |