Дипломдық жұмысымның тақырыбы «Баланың қоршаған ортасын бақылауға арналған мобильді қосымшаны жасау»



Дата07.09.2020
өлшемі15,84 Kb.
#77617
түріДиплом

  1. Сәлеметсіздерме! Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Баланың қоршаған ортасын бақылауға арналған мобильді қосымшаны жасау».



  1. Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда адам қауіпсіздігі әсіресе оның ішінде балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі үлкен маңызға ие. Әлем бойынша қауіпсіздікті арттыру үшін әртүрлі шаралар жасалынуда. Мен де балалар мен жасөспірімдер қауіпсіздігіне өз үлесімді қосқым келді.

Жобамның мақсаты осы салада мобильді қосымшалардың рөлін анықтап, балалар қауіпсіздігін арттыруға арналған мобильді қосымша жасап шығару болып табылады.

  1. Қосымшаның дизайнына да үлкен көңіл бөлдім. Мобильді қосымшаның аты Тандем. Тандем екі объекттің бірге өте жақсы жұмыс жасауын білдіреді. Менің негізгі идеям бала мен –ата-ана арасындағы бірлескен жұмыс арқылы қауіпсіздікті арттыру болатын. Өздеріңіз көріп тұрғандарыңыздай логотпте де фигура тұр. Біреуі ата-ананы біреуі баланы сипаттайды.

Келесі қосымшының функцияларынан 2еуін ең негізгі деп таңдап алдым.

  • Жүйеге ата-ана немесе бала ретінде тіркелу;

  • Жүйенің қолданушыға алдын ала сақталған ақпараттарды қарауға мүмкіндік беруі;

  • Жүйенің ата-ана ретінде тіркелген қолданушыға барлық байланысқан балаларының нақты қайда екенін көрсетуі;

  • Жүйенің ата-анаға барлық балаларының қоршаған ортасының дыбысын естуге мүмкіндік беруі;

  • Мобильді қосымшаның қазақ және орыс тілдерінде қол жетімді болуы.



  1. Енді қосымшаның жасалу барысына көшсек. Өздеріңіз түсінгендей қосымша клиент-сервер архитектурасына негізделген.

Қосымша Android Studio ортасында жасалынды. Android Studio – бұл JetBrains компаниясының бағдарламалық жасақтамасына негізделген Android қосымшаларын әзірлеудің ресми құралы. Ол Windows, macOS және Linux үшін қол жетімді. 2017 жылы Java және C ++ -тен басқа Android платформасы үшін ресми бағдарламалау тілі ретінде Котлин тілін қолдайтындығын жариялады.

Қосымша осы жақында еңгізілген Котлин тілінде жазылды. Котлин – Java виртуалды машинасының жоғарғы жағында жұмыс жасайтын объектіге бағытталған бағдарламалау тілі. Котлин жазуға оңай әрі өнімділігі жоғары тіл, себебі ондағы бағдарламалық код басқа тілдерге қарағанда орта есеппен 40% -ға қысқа, сонымен қатар Котлин де кодтағы кейбір қателіктердің алдын алуға мүмкіндік береді.



  1. Сервер ретінде Open Source Parse шешімі қолданылды. Бұл кеңінен қолднылған Parse-тің ашық бастапқы нұсқасы. Бакэнд программа жасауда кеңінен қолданысқа ие. Артықшылығы ретінде дерекқорға үлкен икемділік пен қолдау көрсететінін атап өтсек болады.

Хостинг ретінде Amazon Web Services, AWS-ті қолдандық. Amazon Web Services – бұлтқа негізделген веб-хостинг шешімдерін ұсынады. Ол Java, Ruby, PHP, Node.js, . және басқа да көп таралған платформалар үшін SDK-ларды қолдайды. AWS алдын-ала төлемсіз және ұзақ мерзімді міндеттемелерсіз төмен бағаларды ұсынады.

  1. Деректер қоры үшін мен MangoDB-ді қолдандым. Ол кесте сызбасының сипаттамасын қажет етпейтін, дерекқорды басқарудың ашық көзі. NoSQL ретінде жіктелген, C ++ тілінде жазылған.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет