Орындаған: «Менеджмент және басқару» мамандығындағы 1 курс студенті Сыдықжан Шәмші Тексерген: Жайлаубаева Қ. С.
АЛМАТЫ 2023 Қала өмірі адамға не бере алады?
Қазіргі таңда «Қала өмірі адамға не бере алады?» тақырыбын өзекті сұрақ ретінде қарастырсақ болады. Жыл сайын миллиондаған адам қалалық өмірде өмір сүруге асығып отырады. Және дәл сол қалаларда қазіргі таңда миллиондаған адамдар өмір сүріп жатыр. Кейбір адам қалаларда дүниеге келсе, кейбірі қаладан тыс дүниеге келіп өмір бойы қала сыртында өмір сүретін де адамдар жетерлік. Сонда, қала өмірі адамға не бере алады және қала сыртынан тыс өмір адамға не бере алады?
Біріншіден, қала өмірі адамға ауылдық жерде жоқ көптеген мүмкіндіктер бере алады деп айтысақ болады. Мысал ретінде қалаларда көптеген технологиялық инновациялар, ірі кәсіпорындар мен жоғары ақы төленетін жұмыс орындары орналасқан. Бұл факторлар қалалардың дамуы мен кәсіби өсім үшін жұмыс жасайтын адамдарға тартымды болып табылады.
Екіншіден, қалада адамдар концерттер, көрмелер, спектакльдер, фильмдер және тағыда басқа сияқты көптеген мәдени және ойын-сауық шараларын тамашалай алады. Қалалық өмір салты сонымен қатар әртүрлі тағамдардан дәм татуға және сан алуан мейрамханалар, кафелер мен барлардың кең ауқымын ұсынады. Бұл адамдарға олардың көру бағдарын кеңейтуге, жаңа адамдармен танысуға және олармен қарым-қатынас жасауға көмегін тигізіп отырады. Сондай ақ, қалаларда біліми мекемелер мен денсаулық пен әл-ауқат үшін жақсы жағдай жасалғандығын айтып өтсек болады. Мысал ретінде қалаларда жоғары сапалы медициналық көмек көрсете алатын ауруханалар мен ем шара көрсететін стационарлар және жоғарғы оқу орындарының басым көпшілігі шоғырланған. Сонда қала ішінде өмір сүретін адамдарға барлық жағдай жасалса қала сыртындағы өмір адамға не бере алады? Қаладан тыс өмір сүруде адамға көптеген артықшылықтар мен мүмкіндіктер бере алады, соның ішінде: салауатты өмір салты, яғни таза әрі қаладағындай ластанбаған ауамен дем алу, тыныш әрі баяу өмір сүру: яғни стрестен және моральдық тұрғыдан шаршаудан аулақ өмір сүру, табиғатпен тығыз қарым-қатынаста өмір сүру: ормандардың, егістіктердің және басқа да табиғи нысандардың сұлулығынан ләззат алу мүмкіндігін иелене алу жайлы айтып өтсек болады. Менің ойымша осы екі жақты таңдап, қаладан тыс не қала ішінде өмір сүру адамның өзіне, яғни бейімділігіне байланысты болады.
Қорытындылай келе айтқым келетіні, қала өмірі адамға жеке және кәсіби дамуға, сонымен қатар өмір сүру сапасын жақсартуға көптеген мүмкіндіктерашады. Ал қалалық жұмыс пен стресстен шаршаған адамдар үшін қаладан тыс өмір сүретін аймақтарда табиғи жағдайлар жасалған. Сондықтан қалада тұруды нен қаладан тыс өмірді таңдап, артықшылықтары мен кемшіліктері арасындағы теңгерімді табу кез келген адам үшін маңызды.