Дүниетану 4 сынып
Тақырыбы: 1.Ауа райы. Климат.
2.Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Мақсаты: Оқушылар мәтіннің мағынасын талдай отырып, клиамат, ауа райының
өзгеруі, ауаның ластануы және қорғау жолдары туралы білімін
толықтыратын болады.
Коррекциялық мақсаты: Байланыстырып сөйлеуге, өз ойын нақты, толық жеткізе
білуге, топпен бірігіп жұмыс жасауға дағдыландыру.
Мазмұнға байланысты міндеттері: Мәтінді оқып танысады. Мазмұнын ашады.
Ауа райын бақылау не үшін қажет; Ауаны ластаушы заттар
қайдан пайда болады, зияны қандай және оны тазарту қалай
жүзеге асырылатынын сипаттайды.
Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеті:
1.Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.
2.Топтастарының сұрақтарына жауап береді.
3.Қорытынды шығарады, өз пікірін дәлелдейді.
Тәрбиелік мәні:
Өзара құрмет сезімін тудыру. Басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге үйренеді.
Қажетті құралдар: парақшалар, бейнетаспа,
Көрнекіліктері: кестелер, қағидалар.
Стратегиялары: дөңгелек үстел, концептуалды кесте, Т-кестесі, эссе
Тұрпаты: жаңа материалды меңгерту сабағы.
Технология: СТО
І. Ұйымдастыру сәті.
-Балалар көңіл күйлерің қалай жақсы ма? Жақсы көңіл-күйде сабақ бастауға дайынбыз ба?
(қол шапалақтап, көңіл күйлерін білдіру)
-Шарды бере отырып, жақсы тілек айту.
-Тыныс алу жаттығуларын жасау.
М.д.а-м.д.ш
А.д.а-а.д.ш
-Бізге бүгін қонақтар келіп отыр? Дұрыс дем ала отырып, қолымызға құтыны алып әдемі-әдемі көпіршіктер жасайық. Жарайсыңдар!!!
Үй тапсырмасын сұрау. Ауаның құрамы. Ауа қабығы.
-Үй тапсырмасын 2 оқушыдан ауызша сұрау.
Өткен сабақты бекіту.
«Бәйге».
1.Ауа дегеніміз не?
2.Ағзалар тыныс алғанда нені сіңіреді?
3.Ағзалар тыныс алғанда қандай газды бөліп шығады?
4.Ауадағы оттегі неге таусылып қалмайды? Жұмсалған оттегінің орныны нелер толтырады?
5.Көмірқышқыл газының ауадағы үлесі оттегінен қанша есе аз?
6.Ауаның үштен екі бөлігін, яғни 78% -ы қай газдың үлесінде?
ІІ-топқа.
1.Жер шарын тегіс қоршап, қабат түзетін не?
2.Ауа қабығы нелерден тұрады?
3. Бұлт үйіріліп, жауын-шашын жауатын қабат?
4.Газдар сирейтін, бұлттар түзілмейтін, су буы өте аз қабат.
5.Ауасыз кеңістік қабат.
6.Ауа қабаты жерге не үшін қажет? (қатты ысып және суынып кетуден сақтайды)
Бұл ненің дыбысы? ( жауын-шашынның, желдің дыбысын айыру)
Суреттерге зер салыңдар?- Бұларды қалай атаймыз?
(оқушылар жауабы тыңдалады)
Ойлан, дәлелде!
1.Ауа райын не үшін тыңдаймыз?
2.Ауа райын тыңдау қажет пе?
3.Ауа райы деген не?
Бейнеролик көру «Ғажайыпстанға саяхат»
Оқушылар пікірлерін сұрау
Жаңа сабақты түсіндіру.
-Ауа райы және климат жайында түсінік беру.
Ауаның температурасы, ылғалдылығы, қозғалысы, жауын-шашынның мөлшері ауа райының жиынтығын құрайды. Ауаның температурасын, қысымын, желдің күші мен бағытын, жауын-шашынын қарапайым аспаптармен өлшейді.
Ауа райын ғылыми тұрғыда МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ СТАНСАЛАРДА бақылайды. Метеорология (грек. Метеора-атмосфера, құбылыстары және ... логос-ғылым)-аспан мен оның өзгерісін зерттейтін ғылым. МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ СТАНСА-атмосфераның жағдайына жүйелі түрде бақылау жүргізетін мекеме. Онда арнайы мамандар жұмыс істейді. Ауа райы Жер шарында алуан түрлі. БІР ЖЕРДЕГІ ауа райының жыл сайын қайталануы сол араның климатының қалыптасуын білдіреді.
ЖЕР БЕТІНДЕ АУА ТЕМПЕРАТУРАСЫНЫҢ ТАРАЛУЫ КҮН СӘУЛЕСІНІҢ ТҮСУ МӨЛШЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ.
Қазақстанда ең суық температура қаңтарға, ең жылы температура шілде айына сәйкес келеді.
МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ СТАНСА-туралы көрсету
Дәптермен жұмыс
Метеорология (грек. Метеора-атмосфера, құбылыстары және ... логос-ғылым)-аспан мен оның өзгерісін зерттейтін ғылым. Экватор, полюс, Солтүстік Мұзды мұхит
Көзге жаттығу (Бейнероликке назар аудару)
Оқулықпен жұмыс. Тізбектей оқыту.
Проблемалық сұрақ: (қағазға жазып қорғау)
1.Ауа қалай ластанады?
2
Ауаны қалай тазартуға болады?
Ауаны қалай қорғаймыз?
.Ластанған ауаның зияны қандай?
3.Орман ағаштарының пайдасы бар ма?
Суреттерге назар аудару (ауаның ластануына байланысты суреттер)
Қ
Суреттерді талдап, айту
ытайдағы ластанған ауаны көрсету.
Бекіту
1.Ауа райын зерттейтін ғылым саласы қалай аталады?
2.Ауа райын бақылау үшін не қажет?
3.Қазақстанның жеріне не себепті жауын-шашын аз түседі?
Нені білемін? Нені үйрендім? Нені үйренгім келеді?- топпен толтыру
Қорытындылау
- Ауа райы деген не? Метеорологиялық станциялар қажет пе?
- Ауаны ластанудан сақтау үшін өзің қандай үлес қосасың?
Ауа тіршілік көзі. «Ауа өмір тынысы» деп халық бекер айтпаған. Тыныс алу тоқтаса өмір де тоқтайды. Ең қымбатты, қасиетті нәрсе «Ауадай қажет» деп ауаны ерекше бағалайды.
Үйге тапсырма. Климат оқып, мазмұндап айтып келу.
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау -тақырыбында әңгіме жазу.
Бағалау. Балалар бір-біріне, өздеріне баға береді. Сабақ ұнағанын көңіл-күймен білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |