Дөңгілағаш негізгі мектебінің 2015-2016 оқу жылындағы і-жарты жылдығының әдістеме жұмысының есебі



Дата07.05.2017
өлшемі54,27 Kb.
#16101
Дөңгілағаш негізгі мектебінің 2015-2016 оқу жылындағы І-жарты жылдығының әдістеме жұмысының есебі.

Дөңгілағаш негізгі мектебі шағын комплектілі сыныптар болғандықтан әдістеме кеңесінің құрамына орта буын сыныптарының бірлестігі ,бастауыш сыныптарының бірлестігі және сынып жетекшілер бірлестігі кіреді. Аталған бірлестіктердің жетекшілері жоспарларын 10 қыркүйекке дейін бекітіп, барлық жұмыстар осы күнге дейін жоспарға сай өтіліп жатыр.Әдістеме кеңесінің жоспары да 10 қыркүйекке дейін бекітілді және мақсат, міндеттері де алынған болатын.Әдістеме мақсаты: мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру, әдістеме міндеттері: 1) мұғалімдерге оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың қағидалары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмек беру. 2) мұғалімдерді педагогикалық бағыттағы шығармашылық ізденіске тарту.



Орта буын бірлестігінің апталықтарының бірі тілдер апталығына жауапты қазақ тілі пәнінің мұғалімі болды. Аталған апталықтың тақырыбы «Тіл тұғыры» деп алынды және осы тақырып аясында өтілді.Дөңгілағаш негізгі мектебінде Тіл мерекесінің апталығына орай іс-шаралар ұйымдастырылып өкізілді. Іс-шаралар 09.09-18.09 күндер аралығында жүргізілді. Алғашқы күндері «Мемлекеттік тіл-қазақ тіл» тақырыбында апталықтың ашылу салтанаты болып өтті. Бұл салтанатты ашылу іс-шарасында апталықтың жұмыс жоспарымен мектеп оқушыларын таныстырылып, жоспары бекітіліп, әрбір іс-шара бекітілген мерзімімен орындалып отырды. Апталықтың 10.09 күні «Ұлттық тіл-мәдениеттің іргетасы» тақырыбында әр сынып қабырға газеттерін шығару шарасы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға мектебіміздің 5-9 сынып оқушылары қатысты. Әр сынып ұлттық тіл дегініміз не деген саулға жауап іздеп сол жауаптарын қағаз бетіне түсіруге тырысты. Барлық оқушылар бұл іс-шараға белсенді қатысты. Апталықтың 11.09 күні «Үш тұғырлы тіл» тақырыбында мектебіміздің қазақ тілі пәнінің ұстазы Хурметхан Лиза, орыс тілі пәнінің ұстазы және ағылшын пәнінің ұстазы Жахина Алия Балташқызының жауапкершілігімен іс-шара болып өтті. Бұл іс-шараға мектебіміздің барлық оқушылары қатысып өз білімдерін ортаға салды. Іс-шара сайыс түрінде өткізілді. Үш тілде ұйымдастырылды.Сонымен қатар бұл іс-шаралармен шектелеген жоқ онкүндігіміз «Ана тілім-асыл қазынам» тақырыбында шығарма жазу байқауы, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Лиза Хурметханқызының ұйымдастыруымен «Тіл –аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз » тақырыбында дөңгелек үстел сияқты жұмыстар жүргізілді.Жүргізілген жұмысқа мектебіміздің 1-9 сынып оқушылары жұдырықтай жұмылып қатысты.Сонымен қатар мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Гүлден Иватқызы және Арыков Нұрмағамбет Тиешұлының ұйымдастырумен 15.09 күні «Әлемұлттарының ұлттық ойындары» атты спорттық іс-шара болып өтті. Ол іс-шараның мақсаты әр оқушыға әлем ұлттарының ұлттық ойындарынан мағлұмат беру және қазақ ұлтының ұлттық ойындарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шараға 5-9 сыныпоқушылары қатысып жүлделі орындарды иеленген оқушылар мақтау қағазымен марапатталды. Атап айтатын болсақ 9-сынып оқушысы Бекеш Ельжас қазақтың ұлттық ойыны асық ату ойынында жеңіске жетіп мақтау қағазымен марапатталды. 16.09 күні ағылшынтілі пәнінің мұғалімі Жахина Алия Балташқызы 5 және 9 сынып аралығында «Let,s speak English» тақырыбында жұмыс жүргізді. Бұл іс-шара оқушылар үшін қызықты әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. 17.09 күні бастауыш сынып мұғалмдері Калиева Гүлсім Талапқызы және бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Сәуле Тоқбайқызы ұйымдастырған «Ана тілім» атты мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды.Бұл іс-шара өзінің жоғары деңгейінде ұйымдастырылып оқушылардың барлығы белсенді ат алысты. 18.09 күні мектебіміздіңқазақ тілі пәнінің мұғалімі Лиза Хурметханқызының ұйымдастыруымен «Тілдарын-2015» атты үш тілдік сайыс ұйымдастырылып жоғары деңгейде аталып өтті. Іс-шараға 5-9 сынып оқушылар қатысты. Оқушылар арасынан оза шауып жеімпаз атанған оқушыларда табылып жатты. Атап айтсақ сайысқа 7-сынып оқушысы Аптарова Аружан, 9-сынып оқушысы Досаев Ерназ және 9-сынып оқушысы Бекеш Ельдар сайысқа қатысты.Сайыстың қорытындысына қарай отырып сайыстың жеімпазы 9-сынып оқушысы Бекеш Ельдар марапатталды. Бұл іс-шара оқушыларға қызықты әрі жоғары деңгейде өтілді. Апталықтың қорытындысы 19.09 күні «Өзге тілдің бәрін біл-өз тіліңді құрметте» деген атпен салтанатты түрде жабылды. Жабылу кешінде барлық қатысқан мектеп оқушыларын марапаттап, осындай іс-шараларға жоғары деңгейде қатыса берулеріне тілектес болдық.

Тағы бір атап өтетін апталықтың бірі желтосан айының 7-12 жұлдыздары аралығында алынған болатын осы апталыққа математика пәнінің мұғалімі жауапты болып тағайындалды жоспары мұғалімдермен талқыланып құрылды. Математика бағытында өтетін болғандықтан осы апталықтын тақырыбы «Қызықты граммматика» деп алынды. Алдағы ауқытта жақсы өткіземіз деген ойдамын.

Оқу жылының басында оқу –тәрбие жоспарына ашық сабақтар кестесі екі жарты жылдыққа бөлініп, еңгізілген болатын. Тамыз айындағы әдістеме пед кеңесінде осы ашық сабақтар кестесінің уақыты мен сыныптары белгіленген болатын. Осы кестеге сай мұғалімдер белгіленген уақытта ашық сабақтарын өткізді.

Бірінші ашық сабақты 7-8 сыныптарда физика пәнінен Касаинова Б.М. өткізді.Сабақ барысында мұғалім оқушыларды өздігінен білім алуға дамытты оқушылар сабаққа белсенді қатысып бір сабақ аясында мұғалім екі сыныпты бірге қамтыды.Сабақ барыснда мұғалім деңгейлік тапсырмаларды өте тиімді пайдалана білді. Екінші болып ашық сабақ әдебиет пәнінен бастауыш сыныбының мұғалімі Калиева Г.Т. ұйымдастырылуымен өтті.Сабақта 2-4 сыныптар қамтылды осы жерде мұғалім екі түрлі сыныптың тақырыптары ұқсас болғандықтан тақырыптарын біріктіріп алды. Сабақ барысында СТО технологиясының «бес жолды өлен» стратегиясын өте жақсы пайдалана білді. Әдебиет пәні болғандықтан «автор орындығы» осы сабақта өте қолайлы стратегияның бірі екекндігін мұғалім көрсете білді.Үшінші болып ашық сабақты ағылшын тілі мұғалімі Жахина А.Б. 5-6 сыныптарда өткізген болатын. Сабақ барысында осы мұғалім де СТО технологиясының «Венн диаграммасы» стратегиясын жақсы пайдалана білді.Төртінші болып дене шыңықтыру мұғалімі 9-сыныпта ашық сабағын көрсетті. Біздің мектепте спорт зал мәселесі қиындық тудырады себебі үлкен мектептердегідей жабдықталынған емес. Соған қарамастан мұғалім қиындыққа қарамастан мәселені шеше білді. Сабаққа арналған құрал жабдықтарды әкеліп сабақты өте жоғары деңгейде көрсете білді. «Гимнастика» тақырыбының аясында оқушылар әртүрлі құралдармен қалай жұмыс жасау керек және қандай техниканы пайдалану керектігін өте жақсы көрсете білді.Бесінші ашық сабақты бастауыш сыныбының мұғалімі Жакупова С.Т. ұйымдастырды. Ашық сабақ математика пәні бойынша бір сабақ үстінде екі сынып қамтылды. Сабақ барысында мұғалім оқушыларға арнап әртүрлі тапсырмалар жасап әкеліпті осы тапсырмаларды өте орынды және тиімді пайдалана білді.Сабақ бойы мұғалім оқушылардың өздігінен білім алуға көп көңіл бөлді, Ирдниев авторының технологиясы бойынша.Оқушылар өте жақсы сабаққа қатысып өз білімдерін көрсете білді.Алтыншы болып ашық сабақтарды аяқтаған қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Хурметхан Л. Сабақта 5-6 сыныптар қамтылды, әдебиет пәнінің «Халық ауыз әдебиеті» тақырып аясында өтті.Сабақта мұғалім оқушыларды өздігінен білім алуға дамытта білді.Жоспарланған сабақ өте тартымды және осы жоспарға сай өтті.

Бастауыш сыныптарының бірлестігі жоспарға сай өздерінің жұмыстарын атқарып жатыр.Сынып жетекшілер бірлестігі де жоспарға сай барлық жұмыстарын ұйымдастырып жатыр. Әдістеме кеңесі бойынша барлық отырыстары уақытында өткізілді осы отырыстарда мұғалімдер ашық сабақтарда қандай технологияларды жақсы немесе тиімді пайдалануға болатыны туралы талқыланады. Мұғалімдер өз ойларын ортаға салып пікірлеседі, бір –бірімен ой бөліседі.Әр мұғалімнің өзіндік жұмыс барыс бар осы жұмыстарды жасаған кезде оқушыларға не тиімдірек болатыны туралы жас мамандармен тәжірибесімен бөліседі.Жас мамандар осындай әдістемелік отырыстарда қажетті тәжірибе жинақтайды.Жас мамандарды міндетті түрде ашық сабақтарға қатысқанын қадағалаймыз және бос уақыттарнда кез келген мұғалімнің сабағына қатысуын қадағалап отырамыз.Оқу жылдың басында жас мамандарға арналған жоспар құрылған болатын және осы жоспарға сай жас мамандарға тәлімгерлер тағайындалды.Тәлімгерлер жас мамандармен жұмыстарын жиі өткізіп, олармен ылғи тығыз байланыста болады.

Интербелсенді тақта біздің мектепте жоқ сабаққа қажетті құрал ретінде біздің мұғалімдер көбінесе ноутбукты пайдалана алады.Біздің мектебіміздің біршама қиындықтары мектебімізде құрал жабдықтарымыздың аздығы.Осыған қарамастан мұғалімдер алдымыздағы қиындықты шешу жолдарын тауып жатыр.



Үйде оқытылатын оқушы осы жылда бізде жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет