Дулат Қожахметов
Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу - салиқалы бастама
«Жастар бастамалары орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұрындық болуымен таяуда облыс орталығындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының Солтүстіқ Қазақстан облысындағы хатшылығының ғимаратында «дөңгелек үстел» өткізілді. Осы шараға өңіріміздегі жастар ұйымдарының, кәсіпорындар және жоғары және арнайы орта білім беретін оқу орындарындағы. Жастар ісі жөніндегі комитеттердің, облыстық және аудандардағы жастар бастамалары орталықтарының, жастар этномәдени бірлестіктері және М.Қозыбавв атындағы СҚМУ студенттері қатысты.
«Дөңгелек үстелді» қалалық мәслихаттың депутаты, Солтүстік Қазақстан облысының жас депутаттар қауымдастығының төрағасы Владимир Витченко жүргізді. Шараның мақсаты Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын кезектен тыс өткізу туралы бастамасына қолдау көрсету болып саналады.
Солтүстік еңіріміздің белсенді жастарын тоғыстырған отырыс барысында «Радзіма» белорус этномәдени бірлестігінің төрайымы Мария Чернышова, «Бірлік» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ләззат Аяпбергенова, «Жастар мәслихаты» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұса Танақулов, «Жастар бастамалары орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Данияр Әбутәліп, Қызылжар ауданындағы жастар және балалар бастамалары орталығы директорының міндетін атқарушы Думан Закирин, «Қазақтелеком» АҚ-ның Солтустік Қазақстан облыстық дирекциясындағы қоғаммен байланыс жөніндегі жетекші маманы, «Жастелеком» жастар ұйымындағы өңірлік топтың көшбасшысы Динара Ходжаева, СҚМУ-дағы Жастар ісі комитетінің төрайымы Гүлмира Танақұлова мен басқа да адамдар сөз қозғады. Олар Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын кезектен тыс өткізу жайлы игі бастамасын қолдайтынын айтып, өздерінің тың ойларын ортаға салды.
Елбасының сындарлы саясаты жайындағы салмақты сөздер және пікірлер «дөңгелек үстелдің» әңгіме арқауына айналды. Бұл шара соңында қалалық мәсли-хаттың депутаты, Солтүстік Қазақстан облысының жас депутаттар қау ымдастыгының төрағасы Владимир Витченко өңір жастарының жаңағы саяси науқанды қолдау туралы Үндеуді оқып берді.
// Молодежная-Жастар. - 2015. - 28 февраля
Достарыңызбен бөлісу: |