ДУТТТиТ-23-1к тобының студенті Хумыкей Самат Жиенбекұлы
3-тапсырма.
Такырып. Кривошипті шатунды механизмдер.
1. Кривошипті шатунды механизмдер
2. Кривошипті шатунды механизмдер бөлшектері
3. Кривошипті шатунды механизмдер ақаулықтары
1. Кривошипті шатунды механизмдер.
Қозғалтқыш қаңқасы негізі болып саналады, оның ішінде және сыртында детальдар механизмі мен қозғалтқыш жүйелері орналасқан.
Автотрактор двигателінің қаңқасы бір-бірімен қосылған бірнеше қозғалмайтын бөлшектен тұрады (1-сурет). Двигательдің типіне және қуатына қарай қанқанын құрамдас бөлшегінін кейбір конструкциялық айырмашылығы болғанымен, құрылыс принципі бірдей.
1-сурет. Қозғалтқыштың блогы
Көп цилиндрлі қозғалтқыш каңқасының негізгі бөлшегі — блок — картер.
Блок-картер (1-сурет) қазіргі кездегі көпшілік двигательдерде бірыңғай қорап күйінде құйылып, цилиндрлері бір қатарға орналасқан.
Блок-картердің қатандығын арттыру және бірнеше бөліктерге бөлу үшін, оның іші бөлінген. Горизонталь бөлік (2) оны 2ге бөледі: жоғарғысы — цилиндрлер блогы және төменгісі — картер. Блокка цилиндрлер гильзасы орнатылып, ол жоғарғы плита тесігі мен горизонталь бөлікке нығыздап сұғындырылады. Блоктын бір жағын бойлай тұтастай тік бөлік (6) алып жатыр, ол штанг камерасын (7) су тысынан бөледі.
Тік бөліктін, блок кенересінің және цилиндрлер гильзасының аралығындағы қуысты сумен толтырады. Төменгі бөлігі — картер — ұлғайтылған, өйткені онда белгілі бір кривошип радиусы бар иінді білік айналады. Картер бірнеше бөліктерге (4) бөлінген.
2-сурет. Қозғалтқыштың блок қақпағы
Бұл бөліктердің төменгі жағында құйылма (7) бар (2, а-сурет); ол қақпақпен (6)бір біліктің түпкі подшипнигінің тірегіш қызметін атқарады.
Камера штангі жағындағы картербөліктеріндегі таратқыш (жұдырықшалы) білік астында тесік (9) болады. Су тысындағы су картерге енбеуі үшін горизонталь бөліктің қашап кеңейтілген жеріне нығыздауыш сақина (8) орналасқан. Блоктың су тысы жоғарғы плитадағы тесік (2) аркылы цилиндр қалпақшасының су тысымен жалғасады. Жоғарғы плитада шпилькаға арналған бұрандалы тесік (3) бар, ол цилиндр қалпақшасын блок — картермен және штанг саңылауын (1) түрткішпен жалғастырады. Блокка насостан су тысына су жеткізетін канал (4) құйылып жасалған, двигательдің кейбір үйкелетін детальдарына май жіберетін санылау мен канал (5) тесілген.
Блок-картердегі (2, б-сурет) V тәрізді двигательде цилиндрлер гильзасын (10) рет санына қарай орналастыратын үлкен саңылау жасалған. Барлық цилиндрлердің сырткы кенересі жалпы су тысымен біріккен. Блок-картердін ортанғы бөлігіндегі таратқыш білік втулкасының астында қашап кеңейтілген санылау (9) бар. Картер бөліктеріне шпилькамен (14) иінді біліктің түпкі подшипниктерінің какпағы (6) бекітіледі. Жартылай блоктың (11 және 13) А жазыктығына цилиндрлер қалпақшасын орнатады.
Ауамен салқындатылатын двигательдің сұйықтықпен салқындатылатын двигательден айырмашылығы — блок-картері болмайды. Оның барлык детальдары картерге құйып орналастырылған (2, в-сурет). Картердің жоғарғы плитасына цилиндрлер гильзасын (15) орнататын саңылау (16) жасалған. Цилиндрлер гильзасы цилиндрлер қалпақшасымен бірге арнайы шпилькамен картердің жоғарғы жазык бетіне бекітіледі. Цилиндр мен картер аралығына нығыздауыш аралык мыс төсем (18) орнатылған. Картер ішіне, сұйықтықпен салқындатылатын двигателі сияқты, иінді және таратқыш біліктер орналасқан.
Әрбір блок-картердің сыртында өңделген құйылма және әр түрлі агрегаттар құрастырма бөлшектердібекітетін бұрандалы саңылауы бар алаңша болады. Судың немесе майдың ақпауы және блок-картерге лас заттардың түспеуі үшін олардың аралығына, сондай-ақ детальдардың түйіндескен жерлеріне төсем немесе сальник қояды. Блок-картердің өңделген алаңшасына қозғалтқыш қаңқасының құрамдас детальдары: жоғарғы жағына — цилиндрлер қалпақшасы, артына — маховик картері, алдына — таратқыш шестерня картері, төменгі жағына — картер түбі бекітілді.
Көп цилиндрлі двигательде цилиндрлер қалпақшaсы (7) сырткы формасы жағынан калың шойын плитаны елестеді, ол блок-картерді үстіңгі жағынан жауып тұрады (2-сурет). Қалпақшаның төменгі жағы мүқият өңделген және ол барлық төрт цилиндрлердің жану камерасының жоғарғы кенересі болып табылады. Қалпақшада клапандар, форсункалар, штангілер саңылауы, ендіру (1) және шығару (4,22) каналдары орналасқан. Каналдар мен қалпақшалар кенересінің аралығындағы су жейдесі (16) деп аталатын қуыска су толтырылады.
Газ бен су шығып кетпеуі үшін цилиндр қалпақшасы мен блок — картер аралығына металл — асбест төсем (21) салады.
Цилиндрлер гильзасының төсемі астындағы және клапандар механизмінің май жүретін (түтікше (23) арқылы) саңылаулары болат қаңылтырмен көмкерілген.
Қалпақшаның жоғарғы жағына клапандарды іске қосатын детальдар бекітіліп, олар қалпақты (5) қақпақпен жабылады. Қалпаққа сапун (3) қондырылған. Ол картер қуысын атмосферамен жалғастырады. Сапун — цилиндрден енетін газдың майды сығып шығуына жол бермеу үшін қажет. Цилиндрден картерге енген ауа мен газ сапун арқылы сыртқа шығады. Егер қозғалтқыш тоқтағаннан кейін, ондағы суынған ауа қысымы атмосфералық қысымнан төмен болса, онда сырттағы ауа картерге сапун арқылы енеді. Мұндағы майға шыланған сым орамы ауаны шаңтозаңнан тазартады. Кейбір двигательдерде сапун блоктың бүйір кенересінде (штанг камерасы жағында) немесе картерге май құятын кақпақтың қылта аузында орналасқан. Карбюраторлы двигательдің көпшілігінде картердің еріксіз түрде атқарылатын желдеткіші болады, соның көмегімен ондағы пайдаланылған газ бен отын буы шығады.
Ауамен салқындатылатын двигательде әр цилиндрге бөлек қалпақша жасалады. Қалпақшаның сыртқы беті салқындатқышпен жабдықталған.
Блок-картердің төменгі жағына қуыс түп (15) бекітілген ол май резервуары қызметін атқарады, әрі двигательдің төменгі бөлігін жауып тұрады. Қуыс тұптің ажыратылатын жерлеріне тығыннан немесе парониттен төсем салынады. Трактор жұмыс істеген кезде май шамалы шайқалу үшін қуыс түпке тыныштандырғыш (19) орнатылған. Таратқыш шестерняның (11) картері отын гидравликалық және май (16) насостары жетегі арқылы иінді білік¬тен (17) таратқыш білікке (18) айналысты беретін шестерняларды (11) жабады.
Автомобиль моторының қаңқасы.
Мотор қаңқасы. Мотор қаңқасының ішіне, оның сыртқы жағында мотор бөлшектері, механизмдер мен жүйелері орналасады.
Автомобиль моторының қаңқасына ілініс пен беріліс қораптары берік бекітіледі (сурет). Мотор типіне және қуатына қарай қаңқаның құрамдас бөлшегінің кей-бір конструкциялың айырмашылығы болғанымен, қүрылыс принципі бірдей.
Мотор, ілініс және беріліс қораптары автомобильдің қаңқасына үштен жетіге дейін тіректер арқылы бекітіледі. Көп цилиндрлі мотор қаңқасының негізгі бөлшегі блок-картер.Моторлардың блок қабырғасы және цилиндрлер гильзасының аралығындағы қуысты сумен толтырады (3-сурет). Картердің төменгі бөлігі ұлғайтылған, үйткені, онда иіндібілік айналады. Қатарлы мотордың картері бірнеше бөліктерге бөлінген. Оның төменгі жағында құйылма бар, ол қақпақпен бірге иінді біліктің түпкі подшипнигінің тірегіш қызметін атқарады. Таратқыш жұдырықшалы білікке арналған тесіктер бар
3-сурет.1—клапан қақпағы, 2—таратқыш білік корпусы,
3—цилиндрлер блогы, 4—картер
Блок-картердің сыртында бүрандалы саңылауларға құйылма және өр түрлі агрегаттар мен құрастырма бөлшектер бекітіледі. Судың немесе майдың ақпауы үшін олардың аралығына, сондай-ақ бөлшектердің түйіндескен жерлеріне төсем немесе сальник қояды. Блок-картердің өңделген алаңшаларына - цилиндрлер қалпақшасы, артына - маховик картері, алдына - таратқыш шестерня картері, төменгі жағына - картер түбі бекітілді.
2. Кривошипті шатунды механизмдер бөлшектері.
Автомоильдердің іштен жанатын жылу қозғалтқыштары ең көп тараған қозғалтқыштардің бірі болып есептеледі. Жанар май олардың цилиндрлерінің ішінде жанып, оның жануынан пайда болған жылу энергиясы механикалық энергияға айналады.
Қолданылатын отын түрлеріне қарай қозғалтқыштар тез буланғыш сұйық отын— бензинмен жұмыс істейтін карбюраторлы, ауыр сұйық дизельдік отынмен жұмыс істейтін — дизельдік; автомобильдің өзінде баллонда сақталатын сығылған немесе сұйытылған газбен жұмыс істейтін газбаллонды түрлерге ажыратылады.
Қозғалтқыш бірқалыпты жұмыс істеуі үшін цилиндрлерге жанғыш қоспа белгілі пропорцияда (карбюраторлы двигательде) немесе отынның белгілі бір мөлшері нақты бір кезеңде жоғары қысыммен (дизельді қозғалтқыштарда) берілуі тиіс. Үйкелісті, отын жіберуді, сызылып мұқалуды және тез тозуды болдырмау және жұмыс шығынын азайту үшін үйкелетін детальдар майланады. Цилиндрлерде қалыпты жылу режимін жасау мақсатында двигатель салқындатылады. Тракторлар мен автомобильдерде орнатылған барлық қозғалтқыштардың конструкциялық схемасы бір типтес және де белгілі бір функцияны атқаратын механизмдер мен жүйелерден тұрады.
Іштен жанатын қозғалтқыштың жұмыс циклінің барлық процестерін жүзеге асыруды: кривошип-шатунды және газ бөлу механизмі (4-сурет) және салкындату, майлау, қоректендіру мен от алдыру жүйелері атқарады
4-сурет. Бір цилиндрлі қозғалтқыштың кривошип шатун механизм
Бір цилиндрлі қозғалтқыштың жұмыс істеу принципі төмендегідей. Цилиндрдің ішінде еркін қозғалып тұратын поршені болады. Поршень біліктің кривошипімен шатун арқылы топсалы жалғасқан. Жанар қоспасының зарядтары цилиндр ішінде тез жануынан пайда болған газдар қызып, әрі көлемін кеңейтуінен туған қысым поршеньді қозғалысқа келтіреді. Өйткені поршень шатунмен топсалы жалғасқан әрі екінші басы иінді біліктің кривошипының мойнымен топсалы жалғанғандығынан шатунмен бірге қозғалған поршень иінді білік пен онын екінші басына бекітілген маховикті қозғалысқа келтіреді. Шатун және кривошип әсерімен түзу сызықты қозғалған поршень двигательдің иінді білігі мен маховигін айналмалы қозғалысқа келтіреді.
Қозғалтқыш өзінің жұмысын одан әрі жалғастыра беруі үшін цилиндрді пайдаланылған газдан алдын ала тазартып, жанар қоспасының зарядын жаңартып отыруы керек. Ол үшін цилиндрдің қалпақшасында клапанмен жабылған енгізу тесігі қарастырылған (4-сурет). Қоспаның жануы кезінде керегінше екпін алған маховик өзімен бірге кривошипті, содан соңн цилиндрдегі поршеньді қоспаның келесі от алуына дейін қозғалысқа келтіруі үшін барынша салмақты (массалы) етіп жасайды. Поршень жоғары қозғалғанда шығару клапаны ашылып, пайдаланылған газ поршеньмен цилиндрден сыртқа айдалып шығарылады. Иінді білік өзінің айналуын жалғастыра отырып поршеньді төмен итереді де цилиндрдің босап қалған бөлегіндегі газдың сиреуі салдарынан клапаны ашылған енгізу тесігінен жанар коспасының жаңа заряды цилиндрге толтырылады.
5-сурет. Өлі нүкте мен цилиндр көлемі
Поршень төмен жылжыған кезде газдардың қысым пайдаланылмайтын болғандықтан қоспаның жануы тиімсіз, сондықтан поршеньді өзінің алғашқы (жоғарғы); орнына қайырып, жұмыс қоспасын қысу керек. Қысылған жұмыс коспасы ұшқынмен от алады да пайда болған газдардың қысымымен поршень қайтадан төменге ығысады.
Поршень цилиндрде қозғалған кезде өзінің қозғалыс бағыттарын өзгертетін ең шеткі қалпына келеді. Цилиндрдегі поршеньнің қалпын өлі нүктелер деп (5-сурет), ал поршеньнің осы өлі нүктелер аралығындағы жолы поршеньның жүрісі деп аталады. Поршеньнің бұл жүрісінде иінді білік 180 градуска бұрылады, яғни жарты айналым жол жүреді. Поршень өзінің бір жүрісінде цилиндр ішінде болатын процесті такты деп атайды.
Цилиндр ішіндегі поршень жоғарғы өлі нүктеге жеткенде оның үстіндегі кеңістікті жану камерасы деп атайды.
Поршень өзінің жоғарғы өлі нүктесінен (ж. ө. н.) төменгі өлі нүктеге (т. ө. н.) жылжудағы босаған орынды (көлемді) цилиндрдің жұмыс көлемі деп атайды.
Сөйтіп, бір тактыны орындауда жұмыс қоспасының жануы мен газдардың ұлғаюы үшін үш түрлі дайындық тактылары: шығару, енгізу және сығу тактылары кажет.
Бірінші такт — енгізу — цилиндрді жанар қоспасымен толтыру үшін қажет. Поршень жоғарғы өлі нүктеден төменгі өлі нүктеге ауысады, енгізу клапанының тесігі ашылып, шығару клапаны жабылады. Пайда болған қысымның әсерінен поршень үстіндегі цилиндр қуысына жанар қоспасы толады.
Екінші такт — сығу — жұмыс қоспасын от алдыруға дайындау үшін қажет. Поршень төменгі өлі нүктеден жоғары өлі нүктеге ауысады, бұл кезде екі тесіктің клапаны жабық, жұмыс қоспасының көлемі 6,5—8,2 есе азайып, қоспаның сығылуынан цилиндрдегі қысым 10— 12 кгс/см2 жетеді. Бұл кезде жұмыс қоспасы 300—400°С температураға дейін кызады.
Үшінші такт — жұмыс жүрісі (жану және ұлғаю) сығылатын жанар майдың энергиясын пайдалы механикалық жұмысқа айналдыру үшін қажет. Сығылған жұмыс қоспасы электр ұшқыны мен от алғандағы бөлінетін жылу газдарды 2200—2500°С температураға шейін қыздырады. Цилиндрдегі ұлғайған газдар поршеньнің үстінде 35—45 кгс/см2 ге дейін қысым тудырады да соның әсерінен поршень жоғарғы өлі нүктеден төменгі өлі нүктеге жылжиды. Бұл уақытта екі тесік те клапанмен жабылады. Поршеньге әсерін тигізуші газдардың қысым күші шатун арқылы кривошипке беріліп, қозғалтқыштың иінді білігін айналдырушы момент туғызады.
Төртінші такт — шығару — цилиндрді пайдаланылған газдардан босату үшін керек. Поршень төменгі өлі нүктеден жоғарғы өлі нүктеге ауысады, шығару тесігі ашылып, енгізу тесігі жабылады.
Одан әрі қозғалтқыштың жұмыс тәртібі жоғарыда көрсетілген ретпен кайталана береді.
Сайып келгенде, жұмыс кезінде цилиндрлерде белгілі бір тәртіппен (енгізу, сығу, жұмыс жүрісі, шығару) жүріп отыратын процесті жұмыс циклі деп атайды.
Поршеньнің әрбір терт жүрісінен кейін, немесе иінді біліктің екі айналымынан кейін тактілері қайталанып отыратын қозғалтқыштарды төрт тактылы деп атайды.
Қозғалтқышты іске қосарда дайындық тактыларын иінді білікті қол тұтқасымен ие стартермен бұрап іске асырады. Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде бұл тактылар жұмыс тактысында жиналған маховиктің энергиясымен атқарылып отырады.
Қозғалтқыш жұмысын сипаттайтын негізгі көрсеткіштері — бұраушы моменті, қуаты, үнемділігі және пайдалы әсер коэффициенті.
Қозғалтқыш цилиндрлерінде отын жанған кезде бөлінетін жылу энергиясының бір бөлігі механнкалық энергияға айналады. Поршеньге әсер ететін газ қысымының күші шатун аркылы кривошипке беріледі де, двнгательдің иінді білігінде бұраушы момент туғызады.
Бұүраушы момент ~ бұл айналмалы кривошипті кривошип радиусына көбейтуші күш. Бұраушы момент ньютонметрмен (Нм) өрнектеледі. Белгілі бір бұүраушы моментті дамыта отырып двигатель жұмыс істейді. Белгілі бір уақыт бірлігінде атақарылған жұмысты қуаты деп атайды. Двигатель қуатын киловатпен (кВт) өлшейді. Двигательдің қуатын индикаторлық және тиімділік деп бөледі. Индикаторлық қуат деп жұмыс істеп тұрған двигатель цилиндрі ішіндегі газдың дамитын қуатын айтады. Тиімді немесе нақты қуат деп иінді білік алатын қуатты айтады. Тиімді қуат индикаторлық қуаттан 10-12% кем, олай болатын себебі қуаттың біразы двигатель механизмдеріндегі үйкеліс күшін жеңуге қосалқы құрылғыларды (насостар, желдеткіш, генератор т. б.) іске қосуға жұмсалады. Цилиндрдегі газ қысымы, иінді біліктің айналу жиілігі және цилиндрдің жұмыстық көлемі артқан сайын двигателдің қуаты арта түседі.
Қозғалтқыштың тактілігі дегеніміз — бұл иінді біліктің қанша айналымында жұмыс циклі жасалатындығын көрсететін сан. Егер литражды өзгертпей иінді біліктің айналу жиілігін арттырса, онда трактор энергиямен қанықтырылады. Мұндай трактордың барлық берілістегі жүру жылдамдығы — двигательдің иінді білігінің айналу жиілігі қанша есе артса, сонша есе көп болады. Литражды арттыру двигательдің көлемін ұлғайтады. Трактордың тарту класы жоғары болған сайын, онын двигателінің литражы көбейеді, демек, қуаты артады.
Қозғалтқыштың механикалық пайдалы әсер коэффицаенті деп тиімді қуаттың индикаторлық қуатқа қатынасын айтады. Ол негізінен алғанда детальдарды өңдеу сапасына, үйкелетін детальдардың майлануына және қозғалтқышты дұрыс кұрастыруға байланысты.
Тиімді пайдалы әсер коэффиииенті деп механикалык жұмысқа айналған отын мөлшерІнің сол отында болатын жылу мөлшеріне катынасын айтады, Тиімді пайдалы әсер коэффициенті 0,26—0,37 аралығында болады. Карбюраторлы қозғалтқышта ол төменгі, ал дизельді де жоғарғы шамаға жуықтау болады. Түзік қозғалтқышта 30%-ке жуық жылу тиімді қуат алуға жұмсалады. Қалған жылу энергиясы механикалық шығынға (=10%), салқындаған суды қыздыруға (=35%) және двигательге (=10%) жұмсалады, сондай-ақ пайдаланылған газбен шығарылады (15%).
Қозғалтқыштың үнемді жұмысы меншікті отын шығынымен сипатталады. Меншікті отын шығынын анықтау үшін сағаттық отын шығынын двигательдің тиімді қуатына бөледі. Дизельді қозғалтқышта меншікті отын шығыны 72 мкг/Дж . Егер двигательдегі үйкелетін детальдар тозған, дұрыс ретке келтірілмеген немесе майланбаған болса, онда куаты кеміп, үнемділігі төмендейді.
3. Кривошипті шатунды механизмдер ақаулықтары.
Кривошипті шатунды механизмнің ұзақ әрі қалыпты жұмыс істеуі ондағы детальдардың күйіне байланысты. Автомобильдерді пайдаланған кезде, олардың бірқалыпты жұмысы кейбір ақаулардың пайда болуы салдарынан бұзылуы мүмкін. Мұның ең бастылары- детальдардың үйкелетін беттерінің тозуы, цилиндрдегі компрессияның төмендеуі, май мен судың ағуы. Деталдардың тозуының сыртқы белгісіне жататындары – қозғалтқышта естілетін тарсыл, майдың тым көп жұмсалуы, пайдаланылған газдың түтінденіп шығуы, қозғалтқыш қуатының кемуі.
Қозғалтқыш жұмысын стетоскоппен тыңдауға да болады. Стетоскоп металл стерженьге жалғанған наушник. әр түрлі детальдардың өзіндік тарсыл үндестілігі болады. Мәселен, айқын естілетін, иінді біліктің айналу жиілігі артқан сайын күшейе түсетін металл тарсыл – поршень саусақтары немесе олардың втулкалары тозған жағдайда байқалады. Қатаң, айналу жиілігі күрт өзгергенде құбылып тұратын дыбыс блок картердің төменгі бөлігінде естіледі, бұл – шатунның немесе түпкі подшипниктердің тозғанын аңғартады.
Поршень сақиналарының тозу белгісі цилиндрдегі компрессияның төмендеуі және картер майының шамадан тыс көп жұмсалуы салдарынан қозғалтқыш қуатының кемуі, өйткені мұндай жағдайда компрессиялық сақинаның поршень астындағы қуысқа май айдайтын насостың әрекеті күшейеді.
Шығару түтігінен көгілдір түтін шығуы цилиндрлер гильзасының, поршеньдердің және олардың сақиналарының тозуы немесе поршень сақиналарының кокстенуі салдарынан жану камерасына майдың құйылғандығын аңғартады. Ақ түтіннің шығуы су тысынан цилиндрге су құйылғандығын көрсетеді. Цилиндрлерге судың ағуын тоқтату үшін цилиндрлер қалпақшасын бекітетін гайканы қатайтып бұрайды. Гайкаларды бұрап қатайту үшін динамометрлік кілтпен мынадай екі үш амалды қолданады. әуелі гайкалардың ортасынан бастап, сонан соң оң жағы мен сол жағын кезекпе кезек, ең соңында шеткі гайкаларды бұрайды.
Мотор үздіксіз және діріл-соққысыз, автомобильдің динамикалық (тартымдылық) қасиетін, жанармай және жағар майдың шығынын белгіленген нормадан аспауын қамтамасыз ететін қуатта жұмыс істеуі қажет.
Кривошипті-шатунды механизмнің техникалық жағдайын анықтауға болады: дыбысы мен діріл-соғысынан, бөлшектерінің едәуір желінгендігінен, ұлғаятын май (жоғары шығында) күйігі түтінінен. Өйткені мотордың жұмысында қатты түтіндеуден, сығымдау процесінің соңында (компрессиясы) қысымның азаюынан болады.
Мотордың діріл-соққысы стетоскоп арқылы тыңдалады және басқа да электронды жүйелер қолданылады.
Үнді соққы-мотордың салқын кездегі және оның қыза бастаған кезінде бәсеңдейтін немесе жоғарылайтын дыбыс поршеньнің желінгенінен пайда болады.
Егер айналу жиілігі шапшаң артқан кезде қатты шығатын соққы дыбысы иінбіліктің негізгі мойыншасындағы күпшектерінің немесе шатундың мойыншадағы күп-шектердің (тесеніш) желінгенін байқатады.
Май қысымның күрт төмендеуі көбіне инбіліктегі негізгі немесе шатундық мойыншадағы күпшектердің еріп кетуінен болады. Бұл жағдайда ақаудың күрделіленіп кетуін алдын алу үшін моторды тоқтату қажет.
Күйген және түтін шығару поршень сақинасының поршень ойығына отырып қалуы, желінуінен және сақинаның сынуынан, оның серпімділігін жоғалтуынан, май ысыратын сақиналардағы саңлақ кесінділердің бітеліп қалуы, гильзаның немесе цилиндр ішкі қабатының жырылғанынан.
Сонымен қатар, майдың жоғары шығыны, оның мотор төсеніш саңлақтарынан ағуынан және картерді желдету жүйесінің ақаулығынан болады.
Сығымдау процесінің соңында (компрессия) қысымның азаюы поршень сақинасының күйгендігі, желінуі және сынғандығы салдарынан, цилиндр қалпағының төсенішінің зақымдалғанынан, цилиндрлердің желінгендігінен болады.
Қалыпты моторда компрессия 70—75 кН/м3 (7,0—7,5 кгс/см3) болуға тиіс. Компрессия айырмасы әрбір цилиндрлердегі 10 кН/м2 (1 кгс/см2) аспауға тиіс.
Түтін және зиянды газдың мотордан шығуын тексеретін сезгі арқылы автомобильдің компьютері анықтап отырады. Оның қалай істейтіні келесі тарауларда келтірілген. Ол сезгі — лямбда-зонд, О2 - сезгісі (датчигі) немесе мотордан шығатын газ сезгісі.
Күйенің отыруы поршеньнің түбінде және Жану камерасының қабырғаларындағы мотордың бөлшектерінен жылудың алып кетілуін төмендетеді, бүның өзі бөлшектердің қызуына, қуаттың бәсеңдеуіне және жанар-майдың шығынына соқтырады.
Күйе қабыршақтары ағаштан жасалған немесе жұмсаң темірден жасалған қырғышпен тазаланады. Тазалар алдында отырған күйе қабыршағын жұмсарту үшін. Бөлшектерді керосинмен немесе арнайы ерітіндімен ылғалдайды. Қазіргі кезде басқа да тазалау жолдары қарастырылған.
Жарық цилиндр блогының жөне цилиндр қалпағындағы суыту кеңістігінің қабырғаларындағы судың қатуынан немесе ысып тұрған моторды суыту кеңістігін суық сумен толтыруынан пайда болуы мүмкін. Жарықты болдырмас үшін алдын-алған жөн.
Электронды басқару блогының мағлұматтары бойынша мотор жағдайын анықтау компьютерлік тексеру арқылы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |