Е. А. Бөкетов атындағы "Білгір химик" олимпиадасының тапсырмалары Мектепішілік тур 8 сынып



Дата18.07.2020
өлшемі16,1 Kb.
#75361
Байланысты:
Задания 8 класс (каз)
2 тапсырма

Е.А. Бөкетов атындағы "Білгір химик" олимпиадасының тапсырмалары

Мектепішілік тур

8 сынып

  1. X элементінің соңғы энергетикалық деңгейінің конфигурациясы 4 s2.

a) Осы элементтің толық электрондық конфигурациясын және электронды-графикалық формуласын жазыңыз (1 балл)

b) Д.И.Менделеевтің периодтық кестесінде элементтің орнын көрсетіңіз (1 ұпай)

c) Х элементін атаңыз (1 ұпай)

d) Осы элемент ионының түзілу сызбасын жазыңыз (2 ұпай) [5]




  1. Таңертең ағаштар мен шөптердің жапырақтарында шық пайда болады. Бір тамшы суда 5,56 • 10-6 моль су бар

a) Бір тамшы шықтың массасы қанша? (2 ұпай)

b) су молекулаларының санын есептеңіз (1 ұпай)

c) осы тамшыдағы барлық элементтердің атомдарының жалпы саны.(3 ұпай)

[6]


  1. Жезқазған кен орнында мыстың негізгі бөлігі кең таралған үш минералда халькопиритте CuFeS2, борнитте Cu5FeS4 и халькозинде Cu2S шқғырланған№

a) халькопириттегі мыстың массалық үлесін есептеңіз (2 ұпай)

b) бориттегі мыстың массалық үлесін есептеңіз (2 ұпай)

c) халькозиндегі мыстың массалық үлесін есептеңіз (2 ұпай)

d) Минералдардың қайсысында мыстың массалық үлесі ең жоғары (2 ұпай)



[7]

  1. Тұздардың көпшілігі өнеркәсіпте және күнделікті өмірде кеңінен қолданылады. Мысалы, мыс(II) сульфаты медицинада, өсімдік шаруашылығында антисептик, фунгицид ретінде қолданылады

a) Осы тұздың формуласын жазыңыз (1 ұпай)

b) мыс (II) сульфатын алуға арналған 4 реакция теңдеулерін жаз. Барлық реакциялардағы бастапқы материалдардың бірі заттардың әртүрлі кластарына жатуы керек. Әр реакция теңдеуінде заттардың класын және атауын көрсетіңіз

(4 ұпай)

[5]


  1. Химиялық зертханадағы жұмысшы реагенттер контейнерін реттеген кезде сірке қышқылы бар бөтелке сынды. Жұмысшы үстіне қышқыл төкті. Ол зардап шеккен аймақты NaHCO3 натрий гидрокарбонаты 1% ерітіндісімен жуу керек. Егер бөтелке жапсырмасында 150 мл 0,12 М ерітіндісі жазылса және 150 г ерітіндіде 1,5 г ас содасы болса, ол қандай ерітіндіні қолдануы керек?

  1. 150мл 0,12 М ерітіндісіндегі натрий бикарбонатының массасын есептеңіз

(2ұпай)

b) 150 мл 0,12 М натрий гидрокарбонаты ерітіндісінің пайыздық концентрациясын табыңыз (2 ұпай)

c) 1,5 г. ас содасы бар 150 г ерітіндінің пайыздық концентрациясын табыңыз.

(2 ұпай)


d) Екі ерітіндінің концентрациясын салыстырыңыз (1 ұпай)

[7]
Жалпы ұпай 30

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет