Еңбегімен ғылым



Дата27.03.2020
өлшемі3,86 Mb.
түріПрезентация

Авторлық құқық объектiлері және олардың түрлері

Презентация мақсаты авторлық құқықтың теориялық және тәжірибелік жағдайын зерттеу

50-тарау. Авторлық құқық

  •   971-бап. Авторлық құқықпен қорғалатын туындылар (авторлық құқық объектiлерi)  972-бап. Авторлық құқық объектiлерiнiң түрлерi  973-бап. Авторлық қатынастарды құқықтық реттеу  974-бап. Авторлық құқық объектiлерi болып табылмайтын туындылар  975-бап. Ресми құжаттардың, мемлекеттiк рәмiздер мен белгiлердiң жобаларына құқық  976-бап. Авторлық құқықты қорғау белгiсi  977-бап. Автордың жеке мүлiктiк емес құқықтары  978-бап. Автордың мүлiктiк құқықтары  979-бап. Туындыны сақтауға беру  980-бап. Қазақстан Республикасының аумағында авторлық құқықтың қолданылуы  981-бап. Авторлық құқықтың қолданыла бастауы  982-бап. Авторлық құқықтың қолданылу мерзiмi  983-бап. Туындының қоғам игiлiгiне ауысуы  984-бап. Авторлық құқықтарды басқару

Автор - шығармашылық

еңбегімен ғылым,

әдебиет,

өнер туындысын

жасаған

жеке тұлға

Авторлық құқық –

автордың жеке мүліктік

емес және мүліктік құқықтары қорғайтын заң саласы

Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiсiнiң контрафактiлiк данасы – жасалуы, таратылуы немесе өзгедей пайдаланылуы осы Заңның ережелерiне не Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына орай авторлық құқықтың және (немесе) сабақтас құқықтардың бұзылуына әкеп соғатын туындының, жазылған орындаушылықтың, фонограмманың, эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымдары хабарының данасы. Құқық иеленушiнiң рұқсатынсыз құқықтарды басқару туралы ақпараты жойылған немесе өзгертiлген не авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын айналып өтуге мүмкiндiк беретiн заңсыз пайдаланылатын құрылғылардың көмегiмен жасалған авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерi де контрафактiлiк болып танылады.

Авторлық шарт – нысанасы бір немесе бірнеше авторлық құқық объектілерін пайдалануға мүліктік құқықтарды беру болып табылатын шарт. Авторлық шарт лицензиялық шарттың бір түрі болып табылады.

Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берiлу әдiсi мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады.

 Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді (бұдан әрі – мемлекеттік тіркеу) уәкілетті орган автордың (авторлардың) немесе құқық иеленушінің өтінішін алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде жүргізеді.


Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берiлу әдiсi мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады.

Авторлық құқық дегеніміз не?


Авторлық құқық – бұл азаматтық құқықтың бір бөлігі, санаткерлiк меншiк саласында ғылым, әдебиет және өнер туындыларын, қойылымдарды, орындаушылықты, фонограммаларды, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларын (сабақтас құқықтар) жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастары реттейдi.

Авторлық құқық - автордың жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарын қорғаудың техникалық құралы - туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектілеріне қол жеткізуді бақылайтын, автор, сабақтас құқықтар иесі немесе өзге де айрықша құқықтар иесі туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектілеріне қатысты рұқсат етпеген іс-әрекеттерді жүзеге асыруды болғызбайтын не шектейтін техникалық (бағдарламалық-техникалық) құрылғы немесе оның компоненттері


Авторлық құқық объектiлері және түрлері

  • Авторлық құқық объектілерінің қатарына құқықтар мен міндеттер неге бағытталғанына байланысты анықталады.

6-бап 1 бөлім шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады

6-бап 1 бөлім Авторлық құқық белгiлi бiр объективтi түрге ие болған: жазбаша ауызша үнжазба немесе бейнежазба бейнелеу


1) жазбаша (қолжазба, машинкаға басылған, нотаға жазылған және сол сияқты);

2) ауызша (көпшiлiк алдында айтушылық, көпшiлiк алдында орындаушылық


Авторлық еңбек иелері

3) үнжазба немесе бейнежазба (механикалық, сандық, магниттiк, оптикалық және сол сияқты);

4) бейнелеу (сурет, нобай, көркемсурет, жоспар, сызба, кино, телебейне - немесе фотокадрлар және сол сияқты);

5) көлемдi - кеңiстiктi (мүсiн, үлгi, макет, ғимарат, және сол сияқты);

өзге де нысанда жария болған да (жарияланған, жарыққа шыққан, баспадан шыққан, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiк алдында көрсетiлген), жарияланбаған да туындыларға қолданылады.

Объектiлерi болып табылатын туындылар

1) әдеби туындылар


Әдебиеттер — кез келген жазбаша текстегі жазбалар.

2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;


Драмалық туындылар – сақнада орындауға арналған. көркем туындылар,

3) сценарий туындылары

4) Хореография пантомима туындылары;


Хореогра́фия, хореографи́калық өнер (көне.-греч. χορεία — би, и γράφω — жазу) — би өнері деген мағына береді.

4) пантомима туындылары


Пантоми́ма (көне.-грек. παντόμῑμος(pantomimos)) — сөзсіз адам тәнінің пластикасы деген мағына береді.

5) мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыкалық туындылар


Музыкалық шығармалар

6 дыбыс-бейнежазу туындылары;

7) кескiндеме, мүсiндеме, графика және бейнелеу өнерiнiң басқа да туындылары;


Мүсiндеме (лат. sculptura, от sculpo — кесем, кескіндеймін) — қатты және жұмсақ заттардан жасалатын бейнелеу өнері.

  Бейнелеу өнерiнiң басқа да туындылары;

Графика өнерi;

8) қолданбалы өнер туындылары;

9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнерi туындылары;

Саябақ өнері

  • Саябақ өнері

10) суретке түсiру туындылары және суретке түсiруге орайлас әдiстермен жасалған туындылар;

11) карталар, жоспарлар, нобайлар, безендiрулер және географияға, топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемдi туындылар;

12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;

13) өзге де туындылар.

  • Заң бұнымен жалпы тізімді шектемейді.

Авторлық құқық объектiлерiне сонымен қатар мыналар да жатады: 1) туынды шығармалар (аудармалар, өңделген дүниелер, аннотациялар, рефераттар, түйiндер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық өңдеулер және басқа да ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын өңдеулер);

2)жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және материалдарының iрiктелуi және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын басқа да құрама туындылар.

976-бап. Авторлық құқықты қорғау белгiсi

  • 976-бап. Авторлық құқықты қорғау белгiсi
  •       1. Айрықша авторлық құқық иесi өз құқықтары туралы мәлiмдеу үшiн туындының әрбiр данасына салынған және үш элементтен:        1) қоршауға алынған латынша "С" әрпiнен;        2) айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмiнен (атауынан);        3) туындының бiрiншi жарияланған жылынан тұратын авторлық құқықты қорғау белгісін пайдалануы мүмкін.        2. Егер өзге дәлел болмаса, қорғау белгiсiнде көрсетiлген адам айрықша авторлық құқықтың иесi болып саналады.

Авторлық құқық объектiлерi болмайтын туындылар

  • 1) ресми құжаттар (заңдар, сот шешiмдерi, заң әкiмшiлiк, сот сипатындағы және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтiндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары;
  •  

  • 2) мемлекеттiк нышандар мен белгiлер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгiлерi және өзге де мемлекеттiк нышандар мен белгiлер);
  • 3) халық шығармашылығы туындылары;
  •  

  • 4) оқиғалар мен фактiлер туралы ақпараттық сипаттағы хабарлар.

 985-бап. Сабақтас құқықтардың объектiлерi

  •  985-бап. Сабақтас құқықтардың объектiлерi
  •       Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылыққа, фонограммаларға, эфирлiк және кабельдiк хабар таратушы ұйымдардың хабарларына, олардың мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ олардың көрсетiлу әдiстерi мен нысандарына қарамастан қолданылады.

Интеллектуалдық меншікке саласын зерттеуші басты авторлар

  • Сергеев А.П., Близнец И.А., Леонтьев К.Б., Петровский И.С., Бороухин А.Е., Покровский И.А., Богуславский М.М., Каудыров Е.И., Сансызбаев А., Барлоу Д.П., Гальперин Д.В., т.б. шетел мен отандық авторлардың еңбектерін қарастырыңыз.

Түйін

  • «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 6 бабының 1 пунктіне сәйкес «авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берілу әдісі мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады». Субъективтік авторлық құқық дегеніміз ол екі тығыз байланысты мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтардан тұратын, комплекстік азаматтық құқығы.
  • Авторлық құқық айқындалған (определенный) және заңмен белгіленген мерзімнің ішінде әрекет етеді.

Қолданылтын әдебиеттер тізімі.

Нормативтік актілер:

    • Бернская конвенция об охране литературных и художественных произведений от 24 июля 1971 г.
    • Парижская конвенция по охране промышленной собственности от 20 марта 1883 г.
    • Всемирная конвенция об авторском праве от 6 сентября 1952 г.
    • Мадридское соглашение о международной регистрации товарных знаков от 14 апреля 1891 г.
    • Договор о патентной кооперации от 19 июня 1970 г.
    • Евразийская Патентная Конвенция от 19 сентября 1994 г.
    • Организация Объединенных Наций «Многосторонняя конвенция об избежании двойного налогообложения выплат авторского вознаграждения» от 13 декабря 1979 г.

Негізгі әдебиеттер

    • Т.Л. «Интеллектуальная собственность в рыночной системе экономики»//Банки Казахстана. 2002 г. № 1
    • БарлоАкенова у Д.П. «Интеллектуальная собственность в Интернет». – М.: «Мост», 2000 г.
    • Березовская И. «Инфоинтел»//Мир Интернет.1999 г. № 3
    • Близнец И.А. «Интеллектуальная собственность и закон. Теоретические вопросы». – М.: «Юристъ», 2001 г.
    • Бороухин А.Е. «Информация и интеллектуальная собственность». – Омск: «Юрист», 2000 г.
    • Капица С.П. «Интернет изменит контуры права»// Эксперт-Интернет. 2000 г. № 3
    • Каудыров Е.Т. «Система правовой охраны объектов интеллектуальной собственности»//Европейское сообщество. 2001 г. № 1
    • Каудыров Т.Е. «Об особенности провоотншений между провообладателями и пользователями объектов промышленной собственности»// Материалы республиканской научно-практической конференции по проблемам охраны прав интеллектуальной собственности. – А. 2001 г.

Интеллектуалдық меншікке саласын зерттеуші басты авторлар

  • Сергеев А.П., Близнец И.А., Леонтьев К.Б., Петровский И.С., Бороухин А.Е., Покровский И.А., Богуславский М.М., Каудыров Е.И., Сансызбаев А., Барлоу Д.П., Гальперин Д.В., т.б. шетел мен отандық авторлардың еңбектерін қарастырыңыз.

Назар аударғандарыңызға

Назар аударғандарыңызға

рахмет!

Тақырып бойынша сұрақтар:

  • Авторлық құқық интеллектуалдық меншік құқығының институты ретінде
  • Суьъективтік авторлық құқық
  • Авторлық лицензиялық шарттың түсінігі.
  • Сабақтас құқықтар
  • Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау
  • Патент құқығы объектісінің түсінігі
  • Өнертабыстың түсінігі және белгілері
  • Пайдалы модельдің түсінігі және белгілері
  • Өндірістік үлгінің түсінігі және белгілері
  • Патентік құқықтың субъектілері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет