Еңбекті және еңбекақыны ұйымдастыру және жоспарлау
Еңбекті ұйымдастыру – бұл кәсіпорынның өндірістік потенциалын есепке алумен жұмыскерлерді рационалды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың жүйесі. Еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: еңбек кооперациясы және бөлу түрін рационалдау; жұмыс орындарына күтім жасау және ұйымдастыруды жақсарту; кадрлардың біліктілігін жоғарылату және дайындау; еңбекті қолдануды және озық әдістерді үйрену және тарату; еңбекті нормалауды жетілдіру; еңбекті ынталандырудың рационалды әдістерін және түрлерін енгізу; еңбек шартын жақсарту және басқалары.
Еңбекті ұйымдастыру төмендегідей шаралар жоғары өнімді және тиімді еңбек үшін жағдай жасалған жұмыс орындарында өткізіледі.
Өндірістің көлігінде еңбекті ұйымдастыруға маңызды орын еңбек және демалыс режиміне беріледі. Қазіргі еңбек заңы бойынша кәсіпорындардағы, мекемелердегі жұмыс уақытының нормаланған ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек. Жұмыскерлердің анықталған категориялары үшін нормаланған жұмыс күні енгізіледі, өндірістік қажеттілігі жағдайында жекеленген күндері орындаушылар әкімшіліктің ұсынысы бойынша немесе өзінің қалауы бойынша мерзімінен тыс болып мойындалмайтын жұмыстан тыс уақытта жұмыстарды дайындаулары қажет.
Еңбек өнімділігі – бұл жұмыс күшін тиімді пайдалану дәрежесін бағалайтын көрсеткіш. Оны жоғарылату үлкен мәнге ие болады. Өнім – бұл уақыт бірлігінде (жыл, квартал, ай, ауысым, сағат) бір жұмыскерге келетін өнімнің саны. Өнімді өлшеу тәсіліне тәуелді еңбек өнімділігін (өнімін) анықтайтын 3 түрі бар: натуралды, құндық және еңбек.
Өнімділікті жоғарылату және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру бағыттарының біреуі оны нормалау болып саналады. Еңбекті нормалау жөніндегі жұмыстар өндірістік процессті талдау, оны элементтерге бөлу, әдістерін және еңбекті қабылдау, технологиялардың оңтайлы нұсқаларын таңдау, жұмыс орындарын жабдықтау жүйесі, еңбек және демалыс режимі, норманы есептеу және оларды енгізу. Еңбек шығындарының барлық нормалары анықталған кәсібі мен біліктілігі бар жұмыскерлер үшін нақты жұмыс орнында еңбекті рационалды ұйымдастыру жағдайында өндірістің барлық жабдықтарын неғұрлым тиімді қолдану кезінде бекітіледі.
Техникалық негізделген нормалар аналитикалық әдіспен бекітіледі, 2 түрі болады: аналитикалық-есептеу, аналитикалық-зерттеу. Аналитикалық –зерттеу әдісі қосады: жұмыс күніндегі фотосуретті, жұмыс уақытын зерделеуді (хроно-метраж) және өндірістік процесстің фотосуреттерін. Уақыт шығындарын зерттейтін барлық әдістер келесі негізгі кезеңдерді қосады: байқауға дайындалу, оны өткізу, мәліметтерді өңдеу, нәтижелерді талдау және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі ұсыныстардың дайындығы.
Еңбекті ұйымдастыру - өнекәсіптің өндіріс потенциалын есепке ала жұмыскерлерді рационалды қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттер жүйесі. Еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру келесі негізгі бағыттармен орындалады: еңбектің кооперациясы және бөліну формаларын рационализациясы; кадлар квалификациясын дайындау және жоғарлату; еңбек әдістері мен тәсілдерінің алдыңғы қатарлы түрлерін зерттеу; еңбектің рационалды формаларын және стимуляция әдістерін енгізу; еңбек жағдайын жақсарту.
Еңбекті ұйымдастыру шаралары еңбектің жоары өндірістік және тиімді жағдайлар жасалған жұмыс орандарында жүзеге асуы керек.
Өнеркәсіп көлігінде еңбектің ұйымдастыруда маңызды орын еңбек және демалыс режиміне беріледі. Қазіргі заңнама бойынша өнеркәсіптерде, ұйымдарда және мекемелерде қалыпты еңбек мерзімі аптасына 40 сағаттан аспау керек. Жұмыскерлердің кейбір катергориялары үшін әкімшілік сұрыптау немесе өзінің мүддесі бойынша жұмыс уақытынан тыс өндірістік қажеттілік туындаса нормаланбаған жұмыс күні енгізіледі.
Еңбек өнімділігі – жұмыс күшін қолдану тиімділік деңгейін есептейтін көрсеткіш. Оның жоғарлауы өте маңызды. Өндіріп шығару – бірлік уақытында бір жұмыскерге келетін өнім саны (жыл, тоқсан, ай, ауысым, сағат). Өнімді есептеу тәсіліне байланысты еңбек өнімділігін анықтаудың үш әдісі (өндіріп шығару) бар: натуралды, бағалық, және еңбектік.
Еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және өндірісті жоғарлатудың негізгі бағыттарының бірі нормалау болып есептеледі. Еңбекті нормалау жұмысына: өндірістік процесске анализ және оны элементтерге бөлу, еңбектің әдісі мен тәсілі және технологиялық тиімді нұсқасын таңдау, жұмыс орындарын жабдықтау жүйелері, еңбек және демалыс режимдері мен нормаларын есептеп енгізу. Нақты жұмыс орнында белгілі мамандық және квалификация жұмыскері үшін барлық еңбек шығындарының нормалары еңбекті ұйымдастыру рационалды шартында өндірістік бар құралдарының тиімді қолдану жағдайларда орнатылады.
Техникалық дәлелденген нормалар екі түрі бар аналитикалық әдіспен орнатылады: аналитикалық-есептік және аналитикалық-зерттеу. Аналитикалық-зерттеу әдісіне: жұмыс күні фотографиялары, өндіріс професінің хронометражы мен фотографиялары. Уақыт шығындарын зерттеудің барлық әдістері мына этаптардан тұрады: бақылауға дайындық және оны өткізу мәліметті өңдеу, қорытындылар анализі және еңбекті ұйымдастырудың жетілдіру ұсыныстарын дайындау.
Еңбек ақы жұмыскерлердің жеке тұтынуына кетеін ішкі вал өнімінің бөлігі болып табылады. Ол жаңғырту, стимуляциялық және реттеу функцияларын атқарады.
Жаңғырту функциясы жұмыскерлер мен олардың жанұяларына өмірлік қажеттіліктерді қамтамасыз ететін абсолютты еңбек ақысын анықтайды. Бұл функцияны орындау үшін мемлекеттің минималды еңбек ақы деңгейін реттеу қажет. Ол жұмысккердің творчестволық потенциалын дамыту және квалификациялық өсуді қамтамасыз ету мен физиологилық қажеттіліктерді қоса, сонымен қатар тұтыну корзинасына кіретін тауар мен қызмет бғасына сай болу керек. Басқа сөздбен айтқанда, бұл әдіс жұмыс күші бағасын физиологиялық және әлеуметтік критерийлер бойынша әртүрлі аумақты жұмыскерлердің әртүрлі категориялары бойынша.
Еңбек ақыны стимуляциялау функциясы мақсаты ақының еңбек саны, сапасы және қорытындысынан тәуелділікті орнату болып табылады. Ол еңбек ақының дифференциациясы жүйесінің дәлелдігін және әділеттілік деңгейін анықтайтын критерий, яғни еңбектің өнімділіг мен субъективтілігінің өсуіне бағытталған.
Еңбек ақыны дифференциациялау басты құралы тарифтік жүйе және еңбекті нормалау болып табылады.
Еңбекті нормалау еңбек сапасын есептеуге және өнеркәсіптің қызмет қорытындысына жұмыскредің жеке үлесін қосуға мүмкіндік береді.
Тарифтік жүйе еңбектің қиындығы мен орындау шартын есептей нақты түрлерін есептеуге мүмкіндік береді.
Ол норматив жүйелерінен тұрады:
еңбек ақының абсолютті өлшемін анықтайтын тарифтік ставкалар (1-ші разрядты) бірлік уақытында (сағат, күн, ай);
өнеркәсіп бағытына байланысты және жұмыстың квалификациялық разрядына еңбек ақының дифференциалын орнататын тарифтік торлар;
тарифтік біліктілік анықтамалар, яғни мамандықтар кәсіп түрлері бойынша әрбір трифтік разряд бойынша жұмыстың күрделілігін сипаттайтын жинағы;
әртүрлі ауарайы жағдайларында өмір құнын анықтауда еңбекақыға қосылып төленетін үстеме ақыныың ауандық коффициенттері;
стимуляция және компенсация сипатында тарифтік ставкаға үстеме ақылар.
Ақы көлемі мен еңбек қорытындылары арасында байланыс сай форма мен төлем ақы жүйесі арқылы орнатылады. Өнеркәсіп пен басқа өнеркәсіп көлік бөлімшелерінде екі негізгі төлем ақы түрі болады: уақытша және келісімді.
Уақытша төлем ақы бойынша еңбек ақы тарифтік ставка және нақты жұмыс уақытымен анықталады. Еңбектің уақытша-премиалды төлем жүйесі бойынша жұмыскер тарифтік ставка негізінде сандық және сапалық көрсеткіштерді орындағаны үшін үстеме ақы алады. Яғни, төлемнің уақытша түрі жұмыс көлемін арттыру немесе келісімді бағалауды орнату үшін сандық көрсеткіштерден тәуелсіз жұмыскерге орнатылады.
Төлемнің келісімді түрінде жұмыскерге алдын ала орнатылған әрбір бірлік жұмысы немесе дайыындаған өнімі үшін ақы беріледі. Бағалау сай тарифтік ставка және өндіру нормасы бойынша жасалады. Бұл төлем түрі жұмыстың сандық көрсеткіштерін жақсарту үшін, сондықтан ол тікелей жұмыскер немесе бригадаға жүктелген жұмыстың көлемін есептеуге болатын орындарда қолданылады.
Келісімді төлем түрін қолданғанда өнім сапасы төмендеу, технологиялық процессс режимі бұзылу, жабдыққа қызмет көрсету наашаарлау және ерте сыну, қауіпсіздік техника талаптарын бұзу және материалды ресурсты артық қолдану қаупі туындау мүмкін. Осыған байланысты жұмыстың сапасына қатаң қадағалау және оны премия арқылы ынталандырудың таза төлемнің түрі емес, керісінше аралас келісімді-премиалды және аккордты-премиалды төлем жүйелері қолданылады. Келісімді төлемнің түрі аккордты жүйе болып табылады. Бұл жүйеде бағалау бір жұмыс бірлігіне емес, олардың кешеніне орнатылады. Ол құрылыс және жөндеу, кейбір кезде тиеу-түсіру жұмыстарында қолданылады. Әсіресе жұмысты қысқа мерзімде орындауда аккордты жүйе өзін ақтайды.
Тікелей негізгі жұмыскерге қызмет көрсетумен айналысатын көмекші жұмыскерлер үшін жанама-келісімді еңбек төлемінің жүйесі қолданылады. Бағалау бұл жағдайда негізгі жұмыскерге жүргізіледі.
Бұл жүйе механизмдер сенімділігін арттырып, негізгі жұмыскердің тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз етеді.
Қызметкер мен маманға төлем штатты кесте немесе еңбек келісім оклады бойынша жүргізіледі. Бұл жүйе сипаты бойынша уақытша-премиалды жүйеге ұқсас, тек бір айырмашылығы бап – яғни тарифтік ставка орнына айлық немесе жылдық оклад қолданылып, премия шарты еңбектің спецификасын есепке алады.
Еңбектің төлемін реттеу функциясы жұмыс күші сұранысы мен ұсынысы қатынасына, персонал негізін құруға, жұмыскерлер санына әсерімен сипатталады. Бұл функция жаңғырту және стимуляция функциялары арасында орын алады. Яғни, өндіріс бойынша минималды еңбек төлемдегі генералды келісімімен профсоюз және үкіммет арасында, ал өндіріс ішінде сай тарифтік келісімдермен келесі жылдың еңбек төлемі деңгейі ұжымдық келісіммен орнатылады.Жұмыскердің жұмысы мен оның еңбек потенциалын қолдануын еңбек төлемін реттеу функциясы әсері ұжымдық келісім және жеке еңбек келісімі негізінде жұмыскерлер құрамын анықтауда көрінеді.
Өнеркәсіп көлік бөлімшелері магистралды теміржол және автомобиль көлігімен бір нарықта жұмыс істейді. Сондықтан еңбек төлемі деңгейіне сұраныс және ұсыныс әсері байқалады. Егер кейбір мамандықтар ұсынысы сұраныстан жоғары болса, онда еңбек төлемі төмен және керісінше болады. Бұл жағдайда жұмысқа қабылдау жалпы түрде емес, контракт жүзінде орындалады. Контракта жұмыскердің міндетті және жұмыс түрі, еңбек төлемі және басқа екіжақты келісімдер талқыланады. Контракт келісімі өнеркәсіпптегі шарттардан мүдделі басқа болуы мүмкін.
Еңбек төлемін орнатқанда келесі еңбек төлемі функциясын орындайтыын негізгі принциптерді ұстану керек:
еңбек төлемі жұмыс күшін жаңғырту үшін жеткілікті болуы керек;
қиын (квалификацияланған) еңбек оңай еңбектен жоғары төленуі керек;
алдыңғы қатарлы экономика мен өндіріс орындарында еңбек басқаларына қарағанда жоғары төленуі керек;
еңбек төлемі сандық және сапалық қорытындыларымен байланысты болу керек;
бірдей еңбек бірдей төлену керек.
Бұл принциптерді орындау екі бағыт бойынша жүргізіледі: тарифтік жүйе қалыпты жағдайда квалификация деңгейі бойынша еңбек төлемін дифференциациялауды, ал үстеме жүйесі қалыпта жұмыстан ауытқуларды материалды компенсацияға және квалификацияны арттыруға әсерін тигізеді. Компенсациялауда мына үстемелер жатады: жоғары интенсивті еңбек, мамандықтарды қосу, мереке күндегі жұмыс, түнгі және үстеме жұмыс, аудандық және қиын жағдай коэффициенттері.
Үстемелер стимуляция сипатта: квалификация классына, профессионалды шеберлігі, еңбек жылдары, бригада жетекшілігі.
Достарыңызбен бөлісу: |