Əдістің артықшылығы



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі30,51 Kb.
#92620
  1   2
Байланысты:
64e80348-5c91-11e5-884b-f6d299da70ee1 рубежка
64e80348-5c91-11e5-884b-f6d299da70ee1 рубежка

Тест тапсырмалары арқылы студенттердің білімдерін бақылау түрі ретінде республиканың жоғары оқу орындарында өткен жүз жылдықтың 90–шы жылдарынан бастап кеңінен қолданылды. 1993 жылы ҚазақстанРеспубликасы Білім беру Министрлігінің «О разработке инструментария аттестации учебных заведений» №371 бұйрығы бойынша барлық оқу мекемелерінде тестілерді құру жəне мамандардың дайындық деңгейін көтеру мақсатында оқу үрдісіне енгізу міндеттері жүктелді.
Тест тапсырмалары білімгерлердің білім деңгейін тексеруде маңызды, тиімді жəне негізгі əдіс болып отыр.
Тест – бұл стандартталған тапсырма, оның орындалу нəтижелеріне сəйкес тексерілушінің білімі, білігі жəне дағдыларының деңгейін бағалау жүргізіледі. Білімгерлердің білімдерін тиімді бағалау əдістерінің бірі.
Əдістің артықшылығы:

  • тестілеу арқылы бағалаудың объективтілігінің артуы;

  • бағалаудың жылдам жүргізілуі;

  • қарапайымдылығы мен түсініктілігі;

  • тестілеу нəтижелерінің компьютерлік тəсілмен өңдеулігі;

  • бағалаудың статистикалық əдістерін қолдану мүмкіндігі.

Тестілеу оқыту деңгейін бақылаудың дəстүрлік жүйесіне маңызды толықтырушы болып табылады. Білімгерлердің білім сапасының деңгейлерін тестілеу арқылы бағалау үшін арнайы педагогикалық тестілер жасалады.
Тестілеудің негізгі мақсаты жоғары оқу орнының мамандарды дайындау сапасын ішкі басқару міндеттеріне, сонымен бірге түлектерді қорытынды аттестациялау, мемлекеттік аттестациялау міндеттеріне байланысты өткізу.
Педагогикалық тестің белгілі мазмұны, өзіне тəн пішіні бар, əрбір тексерілуші білімін сапалы бағалауға жəне тиімді өлшеуге мүмкіндік беретін есептермен (немесе) cұрақтардың жүйесі ретінде анықталады.
Кейінгі кездегі тест тапсырмалары деңгейленіп құрастырылады:
I деңгей – тану;
II деңгей – жаңарту;
III деңгей – білімді, білікті жəне дағдыны ұғына отырып қолдану;
IV деңгей – шығармашылық деңгей, студент білімінің ең жоғарғы деңгейі, терең білім көрінісі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет