Ежелгі Месопотамияда ғылым және дін.
Б.з.д. 3000 ж. Тигр және Ефрат өзендерінің арасында өмір сүрген Шумерліктер мәдениетіндегі ғылым және дін арақатынасының алғашқы формасын көруге болады. Шумерліктердің діндері политеистік сенім басым болған. Олардың Құдайлары адамдар секілді жеп ішетін, үйленетін болған. Олардың діни сенім жүйесінде ахыреттік сенім, жын-шайтан, жаман рухтар секілді сенімдер де кездеседі. Шумерліктердің көзқарасы бойынша адам мен Құдай арасындағы шекараны асып түсу мүмкін емес. Сондықтан да Шумерліктердің билеушілері перғауындар секілді Тәңірлік идеясын көтермеген.
Шумерліктер есеп, геометрия және медицина ғылымын дамытқан. Сол уақыттың өзінде –ақ ай мен күннің және сол уақытта белгілі болған бес планетаның қозғалысын зерттеп, есептеген. Күн мен айдын тұтылуын алдын ала есептейтін болған.
Өнімді орып оны жинау және тарқату мәселесі сандық есептеу мен жазу жүйесінің қалыптасуына негіз болды. Шумерліктер б.з.д. 2500 ж. дейін көбейту кестесін, Квадрат метр мен куба метрді де қолданатын болған. Шумерліктер география мен карта ғылымын да қалыптастырды. Олар дүниені мұхит пен қоршалған шеңбер тәріздес деп білген.
Шумерліктерден кейінгі Вавилон мәдениетінде математика мен астрономия ғылымы терең дамыды. Ежелгі гректерге негізделген математика жаңалықтарының көбі Вавилондықтардан қалған, Вавилондықтардың ғылымын гректер мирас етіп алғаны белгілі болуда. Шеңбердің 360 градусқа, 1 сағаттың 60 минутқа, 1 минуттың 60 секунтқа бөлінетінің Вавилондықтар тапқан. Олар жылдың уақытын 4,5 минут қана қателікпен есептеп шығарған.
3.Көне Мысырда дін және ғылым. Көне Мысыр дүние жүзінің ең тұңғыш мемлекетінің бірі болып саналады. Бұл мемлекеттің діні мен ғылымының әлемдік мәдениетте алатын орны өте ерекше. Мысыр билеушілері Перғауындар өздерін Құдай «Ра» ның ұлы деп санады.
Көне Мысыр мәдениетінің ғылымға тигізген ерекше әсері – ажалға қарсы күресу, өлген денені сақтап қалу болды. Бұл ғылым өз саласында дінмен өте тығыз байланысты көзқарастан туындаған мәселе. Өйткені перғауындар «Ра»ның ұлы болса, оларды да мәңгі қалдыру жолында ғылыми ізденістер жасау қажет. Міне сол ізденістер өз заманының таңғажайып жетістіктеріне жеткізген; көне Мысырлық пирамидалық архитектураның қалыптасуына мүмкіндік берді. Мысырлықтардың о дүние түсінігі немесе қайта тірілу, мәңгілік өмір нанымы, денені бальзамдап мумияға айналдырудан басқа, өлген адамның денесіне ұқсас етіп онын мүсінін жасау қажеттігі де туды. Өлген адамның мүсінін денеге ұқсас етіп салса, жан оған қайта оралады деген түсінікпен өлімді жеңіп шығуға ұмтылған. Перғауын Джосер пирамидасының сәулетшісі, ғалым, дәрігер, философ, сондай-ақ, балгер, сиқыршы – Имхотептің есімі бізге белгілі. Екі жарым мың жылдан кейін гректер оған «медицинаның Құдайы» ретінде табынған.
Көне Мысыр мәдениетінің дін мен ғылым арақатынасының нақты көрінісін иероглифтерде табуға болады. Заманының таң ғажайып ғимараттарының қабырғалары иероглифтермен әшекейленген. Кейіннен олар иероглифтік жазудан буындық жүйеге көшті. Жазу өнері математика мен геометрия сияқты ғылым салаларының қалыптасуына да мүмкіндік берді. Мысырлықтар б.з.д. ХХІ ғ. өзінде-ақ күн және су сағаттарын ойлап тапты. Астрономия мен медицинада керемет жетістіктерге жетті. Адам организміндегі мидың қызметі анықталды. Медицинаның дамуындағы діннің ролін жоққа шығаруға болмайды. Діннің жанында сиқыршылық та қоғам өмірінде өз беделін орнатқан. Перғауындар сарайында хәкімдер мен сиқыршылар ерекше беделге ие болған. Ежелгі Мысыр мәдениетіндегі ғылым саласының дамуына сиқыр, дін және дін адамдарының орны мен ролі ерекше болып табылады.
Тот Гермес Тристмегист (Үш мәрте данышпан) атанған көне Мысырлық ойшыл, аса білімді, жан-жақты дамыған, әлемдік өркениет пен ілімдердің дамуына септігін тигізген айтулы мифтік-тарихи тұлға. Ол 40000 кітаптың авторы болыпты-мыс: «Құдайшыл Пимандр», «Изумрудты үстел» т.б. Яғни, алхимия, астрология, мистика, философия, математика, медицина, құрылыс пен жазу т.б. барлығы тұтас бір ілім аясында дамытқан Гермес ілімі кейіннен герметизм деп аталған. Бұл құпия, көпшілікке жарияланбайтын эзотериялық ілім ретінде белгіленген. Мәселен, аурудың пайда болуының жеті түрі, оны емдеудің жеті түрі тек физиологиялық қана емес, мистикалық формада жүзеге асырылған. Яғни, ғылым мен діни сенімдер тұтасып кеткен тұтас жүйе бүкіл Мысыр елінің рухани-мәдени өрлеуіне негіз болған.
Мысыр өркениеті туралы айтылады. Б.д.д. ІV мың жылдықта Ежелгі Мысыр өркениеті математика, медицина, география, химия, астрономия салаларында терең біліммен меңгерген. Ежелгі Мысырдан шыққан құпия, мистикалық ілімдері түбінде Үнді, Парсы, Халдей, Қытай мен Жапон; Ежелгі Грекия мен Римнің біліміне əсері айқын. Айтылған барлық салалар бойынша Мысыр ең ежелгі түрдің иесі.
Ежелгі Мысырда 4 мың жылдық нағыз белсенді даму кезеңі болған. Ежелгі Мысырдың шаруашылығының негізі - ирригациялық егіншілік болған. Мемлекеттің табиғи-ауа-райы шарттары, Ніл өзенінің ағылуы түбінде мысырлықтардың көзқарастарының ырғақтылық, циклдік түрін қалыптастырды. Нил ағылымдары топырақпен қосылып қан түсін шығарып, жерді жаратып, өмірді анықтаған. Осы мемлекет өмірінің тұрақтылығын негіздеген. Геродот Мысырды «Нилдің сыйы» деп атаған. Ол Мысыр - Кем мемлекетінің грекше атауы (құпия, жұмбақ). Басқа мəлімет бойынша, Кемет - Қара - Нил жерінің түсі бойынша аталған. Егіншіліктің дамуы жер өлшеу геометрияның дамуына əкелді. Кейбір болжаулар бойынша, Мысырдың ғылыми басқа ежелгі өркениеттен алынған білім (Атлантида). Бірақ олар аңыз түрінде ұсынылған. Б.д.д. VІ-ІV мыңжылдықтарда көрсетілген ежелгі мысыр өркениеті рационалды тұрғыдан өзгеше көзқарас ұсынады. Мысырдың географиялық орны өзгешелік пен бірегейлікті қалыптастырды. Оны «адамзаттың сəбилік» кезеңі деп те айтуға болмайды. Оның күші мен көлемі білімнің қалыптасуында ізгілік мəселеленің мысалы. Пифагор математиканы əуелі мысыр абыздарынан оқыған. Египеттіктер сияқты маңдайына қызыл шүберек тартқан. Элладаны асырап алған Ежелгі Мысырдың қасиетті білімі туралы айту дұрыс болар.
Египеттанушы И. Шмелевтің пікірінше «фундаменталды заңдарды тұңғыш рет ашқандар гректер емес, Ежелгі Мысырдың абыздары гректерден бір мың жыл алдын ала қазір ашылып жатқан құпияларды меңгерген». Египет математиктері шеңбердің ұзындығының диаметірге қатысы («пи» деп аталған), тік жақшамен есептер, екі белгісіз теңдікпен шешімдерді ұсынған. Білім өлшеуден басталады десек, осы тікелей түрде ежелгі египет өркениетіне қатысты. Египетте математиканың негізі - бірлік тік жақша, əлемдік қордың жетістігі.
Ежелгі мысырдың шығармаларынан «Книга мертвых», «Тексты пирамид», «Тексты саркофагов», «Книга коровы», «Книга часов бдений», «Книги о том, что в загробном мире», «Книга дыхания», «Адмуат», тағы Геродот (б.д.д. VІ-V ғғ.) пен Плутархтың (б.д. І ғ.) «Исида мен Осирис туралы» шығармаларда. Хорристің үлкен папирусының ұзындығы 45 м. Саяси тұрғыдан Египет мемлекетінде фараон деспотиясы болған; абыздар қасиетті білімнің иелері; төменге сатыдағы өкілдерге білімді жарияламаған; фараон «Күн ұлы» болған соң үлкен пирамидада мумия түрінде сақталған; салт арқылы мəйіттері жерге берілген; қазір 80 пирамида мұра түрінде сақталып жетті. Бірақ, пирамидалар саяси қызмет атқаруға арналған; психотехника арқылы халықты ұстауға; пирамида храмындағы биоритмикалық, энергетикалық əсер өзгеше болады; храм стационарлық алаңның генерализациясын жасайтын синтезатор, транстың тереңдігін сақтайды. Хеопс пирамиданың қасында адамның басынан жəне арыстан денесінен тұратын сфинкс мүсіні салынған; жалпы Ежелгі Мысырдың рəмізі; ешқайда қарап тұрған сфинксті түсіну, яғни, түбінде шексіз адам микрокосымын түсінуге болады. Құрылыс өнері, мыс металлургиясы, ағашты, тасты өндеу, құмырашы өнер; египет шеберлерімен жасалған стол мен орындықтар осы кезге дейін өзгермей сақталған; папирус, кендірден мата жасау, теріні өндеу, керамикадан заттар жасау; əр түрлі түсті бояулар - бəрі мысырлықтардың шаруашылығында пайдаланған.
Ежелгі мысыр аңыздарында көрсетілген таразы шаруашылық практикасының ірі жетістіктердің бірі; жел энергиясын қолданудағы бірінші қадам болып желкеннің ойлап шығарылуы ерекше орын алды.
Ежелгі патшалықтарында мумия жасау практикасында қолданған білімдер түбінде анатомия мен медицинаның бастаушы білімдері; көз, тіс, хирург мамандарының пайда болуына себеп болды. Ежелгі египет дəрігерлері анатомия саласында, қан айналымы туралы, ми адам денесінің ортасы деп, бассүйектің трапанациясын жасаған, тіске пломба салған, ветеринарларға нұсқау берген, химия, медицина салаларында зерттеулер өткізген, хирургияны дамытқан.
Ежелгі мысырдың мифологиясы жоғары өркениетпен негізделген жəне жазудың пайда болуымен байланысты. Жазуды сол өркениеттің негізі деп айтуға болады. Папирустың көбісі əлі оқылмаған, бірақ оларды магиялық мəтіндерге жатқызуға болады (Гарристің магиялық папирусы).
Жан Франсуа Шампильон (1790-1832 жж.) египеттанудың қалаушысы, ежелгі папирустарды оқуға кілт тапқан. Иероглифтер əуелі өзіндік аттар мен сандарды білдірген, белгілер бір немесе бірнеше дауыссыз дыбыстардың суреті жəне дыбыс белгісі. Бірақ əр дыбысқа оқылмайтын, мағыналы таңба берілген, олар қиын, оқылмайтын жазуларды құрастырады. Тасқа жазылуда қолданған көбінесе, ал шаруашылықта, əдеби жəне ғылыми кітапты жазу үшін тез оқылатын жазу қолданылады. Астрономия күн сағаты мен математикалық географияда қолданылған; Жер форма тұрғысынан дөңгелек жəне кеңістікте қозғалыста екендігін мысырлықтар жақсы білген; күнтізбесін жасаған - жыл төрт айдан тұратын үш сезонға бөлінген, 30 күннен тұратын ай декадаға бөлінген, жылда 36 декада, жылдың соңына 5 күн қосылады. Күнтізбенің практикалық себебі Нил өзенінің ағымының периодикасына қатысты. Нилдің ағуы Сириус жұлдызының таңда шығуымен белгіленеді; бірақ мысырлықтар астрономиялық пен күнтізбелік жылдарды бір-біріне сəйкес келтірмеген; олардың айырмашылығы 1 сағат, түбінде 120 жылдық қатеге əкелді; Коперник осы күнтізбені өзінің ай мен планета кестелерінде қолданған. Күнді 24 сағатқа бөлу мысырлықтардың жаңалығы, египет саны 10 күндізгі, 12 түнгі, 2 қараңғы сағаттардан тұрады. Мысырлықтар аспан картасын шығарып, планеталарға бақылау жасаған.
«Бəрі халыққа, бірақ халық арқылы емес» деп Египет абыздары білімдерін құпия түрінде сақтаған. Білімге жақындаған адамдар жабық қоғамды құрған соң, профандар оған кіргізілмеген; ұстаздық пен жетекшілік ғылыми кадрлерді даярлауда жұмыс қағидасы; генетика мен клондық істе олардың білімдері əлі үстемді жəне қызықты, себебі информациялық технология арқылы қайта жаңғыртуға болады.